27.02.2022
  193


Автор: Пернебай Дүйсенбин

ХАТ

 


Түсте, тал көлеңкесiнде кiшкене iнiм екеумiз дойбы ойнап отырған болатынбыз. Көше жақтан әлдекiмдердiң қызу, дабырласа сөйлескен дауысы менi елең еткiздi. Файзолланың дауысын жақындай келе анық ажыраттым.


 


Yнi соншама анық, ашық-жарқын шығады. Орнымнан шапшаң көтерiле бере, жасыл шарбаққа ентелей барып, басымды сыртқа салдым.


Ой, алақай! Қолдарында хат! Шарбақтың басын қаусыра ұстап, сыртқа қалай қарғып шыққанымды бiлмеймiн.



  • Келдi ме?!

  • Келдi! Мен қарсы жүгiрдiм. Олар да жүгiрдi.

  • Рас па? –деймiн аптыға.

  • Е, көрмейсiң бе, мiне!

  • Командирдiң өзi жазып па?

  • Дәл өзi! Мiне, сенбесең, «Владимир Трифонович Серебряков» деп жазылған.


Бұл қуанғанды қойсайшы! өз көзiме өзiм сенбей, хат сыртын қайта-қайта оқимын. Маржандай әдемi әрi айқын жазылған жазулар менi алдап, көзiм бiр сәт тайса, жан-жаққа бытырай қашуға дайындалып тұрғандай елестедi.



  • Оу, неге ашпай тұрсыңдар бұл хатты, – дедiм мен.

  • Жоқ, ашуға болмайды.

  • Е, неге? – деппiн мен сасқалақтап.

  • Барлық балалар жиналсын. Сонда бiр-ақ ашамыз. Файзолланың ойын мен бiрден түсiндiм. Сағындырып жеткен қуанышқа бәрiмiздi ортақтастырмақ ойы бар. Бiр бұрыштан аяқ-қолы жерге тимей жүгiре басып Хабар келдi. Тәмпiш мұрны елеурей, дiрiл қағады. Жылт еткен сорасын тартып қойып:

  • Кәне, көрсетiңдершi. Келгенi рас па? –дейдi ентелеп. Iшiмнен сүйсiнiп кеттiм. Қарай көр өзiн! Тiптен-ақ сүйкiмдi бала өзi!

  • Кiмнен естiдiң?

  • Жаңа көршi үйдегi Мұқаш атам айтты.

  • Ол кiмнен естiптi?

  • Оған почташы Асан айтыпты.

  • Жарайсың, Хабар. Ендеше, жүгiр. Гүлназдарға айт. Бейсенбектерге соға кет. Бiз оларды паркте күтемiз.

  • Мақұл. Алпанға да айтайын ба?

  • Оның өзi ауылда ма едi?

  • Ауылда. Жаңа велосипедпен бiр жақтан келдi.

  • Жарайды, ендеше! Айта сал, келсе келер, келмесе қояр. Хат менiң қолымда.


Балалар тез жиналды. Әсия, Гүлназдар да тез жеткен.



  • Аш! Аш! Бәрi елеуреп, менiң төбемнен төнiсiп тұр.

  • Байқа, жыртып алма!

  • өзi қалың ғой.

  • Абайла. – Әрқайсысы әр бөлек қамқор ескертпелер жасап жатыр. Конверт iшiнен төрт бүктелген хат пен газет қиындысы шықты.

  • Дауыстап оқы!

  • Асықпай оқы!

  • Ендi мұрсат берiңдершi! Әсия шуылды топқа тыйым салып тастады.

  • Ал, тынышталыңдар! Балалардың барлығы тыныс тартып, тыныш қалды. Мен асықпай оқи бастадым.


 


«Саламатсыңдар ма, қымбатты балалар! Сендердiң менiң атыма жазған хаттарыңды алдым. Оны маған аэропорт бастығының өзi табыс еттi. Барлықтарыңа зор алғыс айтамын. Менiң атыма айтылған жылы лебiздерiңе, алғыстарыңа үлкен рахмет. Аэропорт бастығы да өз атынан сендерге алғыс айтты. Сендердiң салған ақшаларыңды ол тиiстi адамдарға табыс еттi. Расы керек, бұл тамаша иттi қазiр бүкiл елiмiз бiледi. Оны өздерiң газеттен оқып жатырсыңдар. Әзiрге аты ешкiмге мәлiм емес бұл ғажайып иттiң өз иесiне деген сүйiспеншiлiгi аңызға бергiсiз ерлiк десе де болғандай. Yш жыл бойы еш күдер үзбей күту дегеннiң не екенiн өздерiң көз алдарыңа елестетiңдершi, балалар. Бұл–ғажап! Мен бұл иттiң адам секiлдi қайғыра алатындығын өз көзiммен көргенде, төбе құйқам шымырлап кеттi десем, артық айтқаным емес. Оның көзiндегi өлшеусiз, терең сағынышты, жүрек тырнаған ауыр мұңды тiлмен жеткiзе алар ма екенмiн. Жоқ! Мен Дахау концлагерiнде болғанымда, туған жерiнен шалғай, жау қолында, темiр тор қоршауындағы жандардың көзiнен тап осындай мұң мен қасiреттi сан рет көрген болатынмын. Ал бұл иттiң қасiрет-мұңы солардiкiнен еш кем емес. Иә, қайталап айтамын, еш кем емес!


Мен сендердi ерекше қуантуға тиiстiмiн. Осы уақытқа шейiн елiмiздiң әр түкпiрiнен келген адамдардың ешқайсысына ықылас-ыңғай бiлдiрмеген бұл ит өз иесiн таппаса да, өз иесiн жоқтатпайтын бiр әйелге көндiге бастады. Ол



  • сонау Минск қаласынан демалыс алып ұшып келген педагог әйел. Итке ат та қойып алыпты. Жаңа аты– Пальма. Жақын арада Минскiге алып ұшпақ. Оның өзi бiр ерекше мейiрбан, жылы жүздi, сыпайы, сүйкiмдi әйел екен. Мен оған сендердiң хаттарың туралы айттым. Ол сендердей мейiрбан, тамаша балаларға менiң атымнан сәлем айтыңыз деп өтiнiш еттi. Мiнеки, балалар, әлгi ит туралы жаңалық осы. Мен сендерге барлық ризашылық пейiлiмдi бiлдiре отырып, былай дегiм келедi: тiлсiз жануардың барлығы да шын қадiрлеуге тұрады. Әсiресе мыңдаған жылдар бойы адамдардың ең сенiмдi, адал серiгi болып келе жатқан ит туралы осыны айтуға болады. Оларды да түсiне бiлу керек. Олардың да өзiндiк қуанышы, мұңы, қасiретi болатынын ойлаңдар. Оларды орынсыз, қатыгездiкпен жәбiрлеген жандармен еш аяусыз күресе бiлiңдер. Сондай адамдар өзi секiлдi өзге адамдардың да қуанышы мен қайғысына әрдайым ортақтаса алады. Iзгi ниет пен адамгершiлiктi өз өмiрлерiңнiң компасы, жолбасшысы етедi. Мұндай жандардың өз Отанының сүйiктiсi бола алатындықтарына еш күмәнiм жоқ.


Мен сендерге өмiрде болған мына бiр ғажап оқиғалы әңгiменi газеттен қиып алып, әдейi жiберiп отырмын. Мұның басты кейiпкерi–ит. Осы әңгiменi өздерiң оқып, ой таразысына салып көрiңдер. Ойланыңдар. Ал ең соңғы сұрақтарыңа жауап берейiн. өкiнiшке орай, мен сендердiң қадiрлi атайларың Төлепбек Салмановпен таныс емеспiн. Мен бiрақ сендердiң көптеген жерлестерiңмен де бiрге болдым. Олар ер көңiлдi, ақ көңiл, ер жүрек жандар болатын. Ол кiсiмен таныс болмасам да, менiң атымнан Төлепбек атайларыңа жауынгерлiк ыстық сәлемiмдi жеткiзiңдер. Ол кiсiнiң де Дахауда болған көтерiлiс кезiнде ерлiкпен шайқасқандығына сенемiн. Себебi Дахаудың


 


тозағынан бiздi құтқарған сол батыл қимыл едi. Әйтпесе бiздiң тәнiмiз күл болып, пеш iшiнде жатар едi…


Сау-саламат    тұрыңдар.   Сабақтарыңды   жақсы    оқып,   үлкен    азамат болыңдар, менiң кiшкене достарым.


Сәлеммен – Серебряков Владимир Трифонович». Дуылдасып қалдық.



  • Қап, атайды танымағаны өкiнiштi болды-ау!

  • Неткен тамаша адам десейшi!

  • Бiздiң атай да көтерiлiске қатысқан болды ғой.

  • Әрине, қатысқан. Қатыспаса, қалай тiрi шықпақ.

  • Бәрiнен де Пальманы айтсайшы!

  • Жақсы әйел екен, ә! Қалай көндiрiп алған десейшi!

  • Қойыңдаршы, ендi, кiмнiң жақсы, кiмнiң жаман екенiн. Мына әңгiменi оқысын,–дедi Файзолла тықыршып. Газет қиындысы Әсияның қолында болатын.


Осы дудың үстiне Алпан келдi. Бәрiмiзбен иек изесiп, амандасқан болды.


Бiрақ оның келгенiн ешкiм байқамаған тәрiздi.



  • Оқысайшы ендi адамды ынтықтырмай, –деп Файзолла шыдамсызданып тұр.

  • Аты қалай өзiнiң?

  • «Кек».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу