27.02.2022
  387


Автор: Пернебай Дүйсенбин

ДАЛ БОЛУ

 


Бесеумiз жер соғып қалдық. Не iстерiмiздi бiлмей, бiр-бiрiмiзге жаутаң- жаутаң қараймыз. Кiмнiң келуi мүмкiн? Бiздiң бұл жаққа кеткенiмiздi өзiмiз қатарлы балалардың ешқайсысы бiлмейдi.



  • Мүмкiн, Алпан алған шығар?

  • Жоқ, ол осыдан үш күн бұрын қалаға, ағасының үйiне кеттi деген.

  • Рас, ол ауылда жоқ.

  • Мүмкiн келген шығар?

  • Қайдам.

  • Сонда ол сонау ауыл жақтан осында ерiнбей келуi мүмкiн бе? – дедi Бейсенбек.

  • Неге келмесiн, әбден келедi, – дедi Файзолла шырт түкiрiнiп тастап, – егер қаладан келсе.

  • Мүмкiн басқа бiр балалар ойнап iстеген шығар, – дедi Бейсенбек үмiт үзбеген халде.

  • Ол да мүмкiн, – дедi Құрар.

  • Кiм бұлай ойнайды? –дедiм мен есiме әлдекiмдердi түсiргiм келiп.

  • Ендi не iстеймiз? Бейсенбек шарасыз халде, айналасына аңтарыла қарады.

  • Ойбай, ана бiр кiсiнi қара! Ақберген қол шошайтқан жаққа жалт қарасақ, бiр аттылы кiсi өзеннiң арғы жағасымен бара жатыр. Шоқ талдың тасасына қойып-қойып кеттiк.

  • Бiздi байқады ма?

  • Байқаған жоқ-ау деймiн.

  • Ақырын сөйлесеңдершi. Атты кiсi жақындай бердi.

  • Ақберген, мынау сенiң көкең ғой, – дедi Құрар.


 



  • Дәл сол кiсi! Бейсенбек қуана дауыстады. Жоқ киiмiмiз табылғандай болып қалдық.

  • Бұл кiсi қайда барушы едi? – дедiм Ақбергенге.

  • Шабын жаққа бара жатқан болар, – дедi.

  • Осы кiсiге киiмiмiздiң ұрланғанын айтсақ қайтедi? – дедi Бейсенбек.

  • Сөз болғаныңа. Сонда не деп айтамыз?–дедi Файзолла. – Қызық екенсiң өзiң!

  • Киiмiмiз ұрланды деймiз бе?

  • Сонда сенiң киiмiңдi қайдан таппақ? Аспандағы айды көрiп таба ма?

  • Ауылға барып айтады емес пе? Файзолла қолын бiр-ақ сiлтеп:

  • Иә, сонда бiздiң тыр жалаңаш қалғанымыз бүкiл ауылға жария болсын демексiң бе? – дедi.

  • Ол кiсiге ешкiмге айтпаңыз демеймiз бе?

  • Ешкiмге айтпаса, киiмдi кiм табады? Осы сен қызық екенсiң өзiң, – деп, мырс етiп күлген Файзолла басын шайқады.


Ақбергеннiң әкесi қатарымыздан өтiп кете барды. Мен айттым:



  • Кiм болса да бiздi бiраз қорқытқысы келген шығар.

  • Қорқытқанда осылай қорқыт деп пе ек? – дедi Ақберген.

  • Егер киiмiмiздi әкелiп бермесе не iстеймiз? – дедi Құрар.

  • Онда ел орынға жайланып жатқан кезде барамыз да, – дедiм мен күлiп.


Файзолла маған көзiн қысып қойып:



  • Жол бастайтын Бейсенбек болды, – дедi.

  • Ойбай, қой, Ақберген бастасын!

  • Жоқ, өзiң баста, – деп ыршып түстi.

  • Ойын бiр басқа, әзiл бiр басқа. Егер киiмiмiздi әкелiп бермедi дейiк, сонда не айла жасаймыз? Мен мәселенi қабырғасынан қойдым. Төртеуiнiң де жүздерi салмақтанып, сабырлы қалыпқа ауысты.

  • Иә, не айла жасаймыз? Файзолла ойлы пiшiнде бәрiмiзге жағалай көз салды. Ақберген бiр кезде қуанғандай жүзбен:

  • Оњо, мен таптым! – дедi.

  • Ненi?

  • Таптым!!

  • Айтсайшы ендi. Оның жүзiне ынтыға көз тiктiк.

  • Былай,–дедi ол көзiн сығырайтып. –Қараңғы түсiсiмен ауыл шетiне барамыз.

  • Сонан соң көшенiң бергi шетiндегi Қантай атайдың үйi бар емес пе?

  • Иә, бар.

  • Сол үйдiң бақшасындағы қарақшыны көрiп пе едiңдер?

  • Иә, иә, көргенбiз.

  • Соған бiреумiз арық iшiмен ұрланып барамыз да, үстiндегi киiмiн шешiп аламыз.

  • Сонан соң? Бәрiмiз Ақбергеннiң аузының қимылын бағудамыз.

  • Сонан соң бiреумiз киiп алып, үйдi-үйден киiм жинаймыз.

  • Табылған ақыл! – дедi Құрар қолын құшырлана соғып.


 



  • Идея! –деп   Файзолла   да   ризалық   бiлдiрдi.  Бiрақ   менiң   жүзiмде ризалықтың титтей де белгiсi жоқ болатын.

  • Осы идеяларыңның жүзеге асатынына онша сенiмдi емеспiн.

  • Неге?

  • Неге? Олар елеуресiп қалды.

  • өздерiң ойлаңдаршы. Мысалы, үйден таңертең шықтық па?

  • Иә.

  • Кешке дейiн үй бетiн көрдiк пе?

  • Жоқ.

  • Ендеше үйлерiң iздей ме, iздемей ме?

  • Сөз жоқ, iздейдi.

  • Iздегенде де жай iздей салмайды, үреймен iздейдi, суға кетiп қалды ма, әлде жардан құлап кеттi ме деп.

  • Иә, оның   рас. Файзолла  менiң дәлелдерiме мойын сұнған халде.


Балалардың жүздерiндегi жылы күлкi лып етiп, тез өштi.



  • «Қуырдақтың көкесiн түйе сойғанда көрерсiң» деген осы, – дедiм бөлекше салмақпен.

  • Онда тiптi жақсы, өздерi iздеп келсе,–дедi Құрар.

  • Қалай жақсы болады?–деп дүрсе қоя бердi Файзолла.

  • Несi жақсы емес. Yйден киiм алдырамыз.

  • Сонда оларға осы тыржалаңаш қалпыңмен көрiнбексiң бе?

  • Сол да сөз болып па? Олар келе бергенде суға қойып-қойып кетемiз. Сүйтемiз де су iшiнен сөйлесемiз. Құрардың сөзiне ерiксiз күлдiк. Тап осы мезетте:

  • Ерлан! Ерлан! –деген жiңiшке дауыс естiлдi. Қыздың даусы секiлдi.


Зәремiз ұшып кеттi. Дауыс жақындап қалды.



  • Ерлан! Ерлан!

  • Ойбай, құрыиық, бұл жерден! – дедi Бейсенбек сасқалақтап.

  • Суға түсейiк, – дедi Ақберген дызалақтап. Бейсенбек жүгiрген бетте үлкен шоқ шiлiктiң тасасына жасырынды. Оның соңын ала бiз де кеттiк.


Тал тасасынан велосипедтiң дөңгелегi көрiндi. Хабар екен. Артына таңған топ киiмi бар. Келдi де кiлт тоқтай қалды.



  • өй, айналайын, Хабаржан!

  • Ә, мұнда екенсiңдер ғой! Кiшкене сүйкiмдi жүзiнен қуақы күлкiнiң ұшқыны шашырайды. Бiздiң мынау таңғажайып халiмiзге таңдана қарайды. Сұрақты қарша бораттық.

  • Қайдан таптың?

  • Кiм алыпты?

  • Бiздiң мұнда екенiмiздi қайдан бiлдiң?

  • Алпан емес пе екен?

  • Саған өзi бердi ме?


Кiшкене Хабар бiздiң асыға-үсiге сөйлеген қалпымыз-ға жымия қарап қалыпты. Бiр уақытта ол:


 



  • Төлепбек атам бердi,–деп үш ұйықтасақ түсiмiзге кiрмеген жауап бердi. Таңданысымызда шек болған жоқ. Тiптi тiлiмiз байланып қалғандай. Сонда Төлепбек атайдың бiзбен ойнағаны ма?! Ерiнбей қайтiп келiп алғаны ма?

  • Төлепбек атай қайдан алыпты?

  • Итi тауып әкеп бәрiптi.

  • Қой! Рас па? Итi дейдi? Көзiмiз атыздай болды.

  • Итi қайдан тапқан?

  • Ағаш арасынан.

  • Қалай тапқан?

  • Қыңсылап-қыңсылап жүрiптi де iзге түсiптi. Бiр кезде ағаш арасына кiрiп кетiптi. Соның арасынан алып шықты, – дедi Төлепбек атам. Бәрiмiздiң таңданысымызда шек болған жоқ.

  • Мына қызықты қара! Сонда киiмдi тыққан кiм болды?

  • Сен ол кiсiге қайдан жолықтың?

  • Жолда. Ауылына қайтып бара жатқанда мына киiмге жолығыпты. Сонда не iстерiн бiлмей тұр екен. Менi тоқтатты да:

  • Мына киiмдер кiмдердiкi екенiн бiлесiң бе?–дедi. Мен:

  • Бiлмеймiн,–дедiм. Сосын Төлепбек атам айтты: «Мен асығыс едiм, сен ерiнбесең осы киiмдердi алып, өзен жаққа барып қайт», – дедi. «Бағана бiр топ бала балық аулап отырған. Мүмкiн, солар шомылып жүргенде бiреулер ойнап тығып қойған шығар», – дедi. Сосын осы жаққа әкелдiм, – дедi Хабар тәмпiш танауы елеуреп.

  • Ендеше, бiздiкi екенiн бiлмесең, неге «Ерлан» деп айқайлайсың? – дедi Құрар бiр түрлi сенiмсiз, дүдәмал үнмен. Ажарында сенбестiк нышаны бар.

  • Е, оны жолда бiлдiм. Ерланның қалтасында бiр ескi конверт жүр. Сонда аты жазылыпты.

  • Тырнақтай болып, бәлесiн қарай көр,–деп Құрар оның кiшкене кекiлiн сүйсiне, құшырлана ұйпалап жiбердi.

  • Ал сен өзiң қайда бара жатыр едiң?

  • Мен де сендердi iздеп жүргенмiн. Әсия жiбердi.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу