27.02.2022
  359


Автор: Пернебай Дүйсенбин

ТӨЛЕПБЕК АТАЙ МЕН САМОЛЕТ КОМАНДИРI

 


 


Даулы әңгiменi бiрiншi бастаған – Құрар.



  • Жаңағы кiсiнiң әңгiмесi сенiмсiз сияқты.

  • Неге?

  • Егер ол концлагерьден қашса, немiстер оны неге атып тастамаған?

  • Қызық екенсiң. Егер қолға түскеннiң бәрiн жаппай ата берсе, жұмыстарын кiмге iстетедi, – дедiм мен.

  • Қойшы-ей, Ерлан! Осы сен-ақ бiлгiшсiне бередi екенсiң. өз көзiңмен көрiп пе ең?

  • өз көзiммен көрмесем де, өз аузынан естiдiк қой.

  • Сол да дәлел ме?

  • Неге дәлел емес. Тiптi талай кинолардан көрiп те жүрген жоқпыз ба? Соларды да өтiрiк деймiз бе? Ауылдағы ақ бас Әбiлданың Польшадағы лагерьде болғанын естiген жоқсың ба?

  • Рас! Рас! – дедi балалар менi қостай кетiп, Құрар иығын қиқаң еткiздi.

  • Әрине, сен естiмейсiң ондайды. Былтыр 9 Мамырдың алдында болған кездесуде кереметтей қылып әңгiмелеп етiп бергенi қайда?

  • Қашан?

  • Әрине, сен Алпан екеуiң естiмей қаласыңдар ылғи. Бiз саған соққанда:


«Қойшы-ей, сол батырларыңды. Солармен кездеспей-ақ қойдым. Одандағы


 


атымды өзенге жайып келмеймiн бе», – деп кергiгенiң қайда? Құрар желкесiн қасып, күмiлжiп қалды.



  • Қайдам? Есiмде жоқ.

  • Әрине, сенiң есiңде болмайды. Себебi сенiң миыңды құрт жеп қойған. Тап әнеукүнгi газеттегi командир ше? Сол да есiңде жоқ па? Ол да концлагерьде болған едi ғой, – дедi Файзолла Құрарға ұнатпаған көзқараспен тесiле қарап.

  • Ол кiсi қай концлагерьде болған? – дедi ол айтылған жайға ендi иланған қалып танытып.

  • Дахауда, – дедiм мен. Файзолла елең ете қалды.

  • Қай жерде дедiң?

  • Дахауда. Германияда.

  • Пәлi! Мына қызықты қара! Жаңағы Төлепбек атай да Дахауда болдым деген жоқ па? – дедi Файзолла екi көзi ұшқындай.

  • Мәссаған, безгелдек! Мен ол кiсiнiң айтқанын естiсем де, ойыма келмептi,–деп алақанымды соғып жiбердiм. Айтпақшы олар бiр-бiрiн танитын шығар.

  • Мүмкiн.

  • Сұрау керек қой онда.

  • Дұрыс айтасыңдар.

  • Шынында да бiрге болуы ғажап емес.

  • Ол кiсiнiң фамилиясы мен атын бiлесiңдер ме? – дедi Бейсенбек.

  • Оны бiлу оңай. Әсиядағы газетте бар.

  • Онда тамаша болды дей бер.

  • Егер бiрiн-бiрi бiлсе бар ғой, кереметтiң көкесi сонда болады.

  • Айтпа. Бiздiң барлығымыз да бiр түрлi желпiнiп қалдық.

  • Мұны Төлепбек атайдан қашан сұраймыз?

  • Сол да қиын ба? Yйiне барамыз, – дедi Файзолла. Осы сәт менiң басыма өзгеше ой ұялады. Егер ол жүзеге асса нағыз қызық сонда болады.

  • Менiң басыма бiр ой келiп тұр, – дедiм желпiне сөйлеп.

  • Қандай ой?

  • Бiз Төлепбек атайға бұл туралы әзiрге ештеңе айтпайық.

  • Неге?

  • Сол. Төлепбек атайдың Дахауда болғаны белгiлi емес пе?

  • Иә, белгiлi.

  • Самолет командирiнiң де сол жерде болғаны рас қой.

  • Рас.

  • Ендеше бiз мұны алдын ала елге дабыраламай-ақ қояйық. Ең алдымен командирге хат жазайық. Сол кiсiден анық-қанығын бiлiп алғаннан кейiн барып, атайға хабарлайық. Сонда керемет болмай ма?

  • Табылған ақыл! Қызбалау Файзолла қуана қол шапалақтады.

  • Сосын тағы бiр айтатынымызды естен шығарып алмайық.

  • Ненi?

  • Бiз ол кiсiге барлығымыздың атымыздан рақмет айтуымыз керек.

  • Не үшiн?


 



  • Сiзге үлкен рахмет. Сiздiң тiлсiз хайуанға жасаған ерекше қамқорлығыңыз үшiн деген сияқты. Мен серiктерiмнiң жүзiндегi құптаушылықты айқын аңғардым.

  • Әкел қолыңды! Файзолла менiң қолымды сiлки қысып жiбердi. Оның көзiнде жарқыл ойнайды.


Мен өзiмше қиялға берiлiп кеттiм.


Төлепбек атай мен самолет командирi екеуiнiң қатар құшақтасып түскен суретi газетке басылыпты. Екеуiнiң екi езуi құлағында. Суреттiң астына былай деп жазылыпты: «Дахау концлагерiндегi достар 35 жылдан соң табысты. Оларды табыстыруға көмектескен Мәншүк Мәметова атындағы орта мектептiң алтыншы класс оқушылары Ерлан Аманжолов, Файзолла Жәкиев…» өз ойыма өзiм жымиып қойдым.


Серiктерiме көз салдым. Құрар ғана әлдебiр мазасыз ойдан арыла алмай отырған секiлдi.


Мен оңаша қалған сәттерде самолет командирiнiң бөгде иттiң тiлсiз қасiретiн ұққан сезiмталдығы туралы жиi ойлайтынмын. Шынында да тiлсiз жануардың көзiндегi үнсiз қасiреттi аңғара бiлу дегеннiң өзi керемет емес пе.


Осы бiр ғажайып ит тағдырымен таныс болған күннен бастап бiздiң балалардың бойында өзгеше бiр көңiл күйi пайда болғандығын мен ерекше сезiнiп жүрдiм. Ерекше тiлекшiл ниет, қамқор көңiл тал бойларын билеп алғандай. Сонау, алып Москваның бiр түпкiрiндегi кiшкене күркешiктегi қасiреттi иттiң, ерекше адал мiнездi иттiң тағдырына ортақтасып, жас жандары жанашырлық танытып, тыншусыз бiр қалыпқа ауысқан. Айтар әңгiмемiздiң көбi осы төңiректе өрбидi. Әрқайсымыз әр бөлек қиялға берiлемiз. Ажырасқан ит пен адасқан иесiнiң кездесу сәтiне дейiнгi бос, белгiсiз уақыт аралығын сан алуан түрлi сәттi, қияли оқиғалармен толықтырамыз.


Бiздiң ойымызша, ит иесi шетте жүрiп, өзiнiң алыста қалған адал досын ойға алғанда, ет жүрегi езiлiп шыбын жанын қоярға жер таба алмайтын шығар. Оның иесi, бiздiңше, өте тамаша адам. Себебi иесi ондай болмаса, соншалықты адал, шынайы берiлген, асыл қасиеттi ит болып тәрбиеленуi ақылға сыйымсыз.


Иесi қай жерде жүр екен десейшi. Мүмкiн, ол қардан көз ашпайтын қиыр солтүстiктiң сонау алыс түкпiрiнде қызметте жүрген болар. Немесе сұрапыл дауылда, боранда мұз төсенiп, қар жастанып, тыным таппай, аса маңызды тапсырмамен жүрген шығар. Тiптi газет оқуға да қолы тимес-ау. Әлде ұзақ ауырып не өлiп… Жо-жоқ. Ондай тамаша адамды мұндай ауыр үкiмге қалай қиярсың.


Осы секiлдi ойлар тiзбегi менi оңашада көп мазалап, тыным бермейтiн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу