27.02.2022
  235


Автор: Пернебай Дүйсенбин

ТӨБЕДЕГI «ЖАРТЫ АЛМА»

 


(БОЛАТТЫҢ ӘҢГIМЕСI)


Цистернаның iшiнде отыру қызық болады екен. өмiр мен Әдiл бiрыңғай. Ал мен оларға қарсы жайғастым. Бiр-бiрiмiздiң түрiмiздi көрмеймiз. Әлгi қап-қараңғы түн дегенiмiз бұдан әлдеқайда жарық шығар. Алғаш сәл


 


қорқыңқырағаным рас. Бiраз уақыттан соң бойым үйрене бастады. Ана екеуi еш нәрсенi елейтiн емес. Бұрын талай рет тап осындай темiр сауыт iшiнде сапар шеккен жандар сияқты. өздерiнше мәз болып әлденеге күлiседi. Машина «тоңқып» кеткен кезде барлығымыз бiр-бiрiмiзден шап берiп ұстай аламыз.


өмiр басын қабырғаға соғып алды.



  • Ойбай, шекем-ай! – деген даусы қаттырақ шығып кеттi. Әдiл күлiп:

  • Еш нәрсе етпейдi. Шыныққан шеке сүзiсуге жақсы болады. Сиырлы ауылға бара жатырмыз ғой, – дедi. өмiр ерiксiз күлiп жiбердi.

  • Қандай рақат, ә, iшi, – дейдi Әдiл.

  • Айтпа! – егерде бiз үшеуiмiздi бүкiл ауыл болып iздесе, мектеп болып iздесе, таба ала ма? – дедi өмiр. Ол өзiнше қиялға берiлiп кеттi. – Болат десе, егер осының iшiнде бiраз күн жүрсек қайтер едi?

  • Бiлмеймiн.

  • Әй, осы сенiң бiр бiлетiн күнiң болар ма екен? – деп кәдiмгiдей маған жекiп тастады. Бұл сөз шымбайыма батып кеттi. Есемдi жiбергiм келмедi. Батылданып:

  • Е, жүрсек жүрейiк. Несi бар? Бiр қызық болсын, – дедiм.

  • Ендеше бiттi. Осының iшнде екi күн, екi түн түнеймiз. Келiстiк пе?! Мен ойланбастан:

  • Келiстiк! – деп жiбердiм. Бiрақ Әдiл келiскен жоқ.

  • Қазiр төбеңнен сүттi саулатып келiп құяды. Сонда қайтесiң?

  • Онда тiптi жақсы, қарнымыз ашпайды, – дедi өмiр. Әдiл менi аяғымнан түртiп қалды да:

  • Ал сүттi көп қылып құйғанда қайтесiң? Балық болып жүзесiң бе?


Тұншығып өлерсiң, – дедi.



  • Айтты-айтпады, мынаның ауасы тарыла бастаған сияқты-ей. Тiптi пысынып барамыз ғой, – дедi өмiр.

  • Қақпақты ашып көрсек қайтедi?


Әдiлдiң ойы омiрге ұнай кеттi. Ол орнынан түрегеле бердi. Әдiл:



  • Байқа, қатты ашпа. Қақпақ тарсылын естiсе, тоқтап жүрер, – деп сақтандырып жатыр.


өмiр қақпақты саңылаулай ашты. Iшке салқын ауа саулап қоя бердi. Бiрақ бұл қуанышымыз ұзаққа бармады. Ойлы-қырлы жол машинаны әрi-берi секiртiп, мазаны ала бердi. Бiр кезде өмiр басын қайтадан қақпаққа қатты соғып алғаны. Ол:



  • Ойбай, төбем-ай, төбем-ай! – деп безек қаға төбесiн ұстап отыра кеттi.


Қараңғы қапасқа қайта қамалдық.


Әдiл:



  • Қанап калған жоқ па? – дедi досына жаны ашып.

  • Қайдам? Әйтеуiр, гүмпиiп iсiп кеттi. Мынаны қараңдаршы. Әдiл де, мен де қараңғыда қармалап жүрiп, өмiрдiң басынан сипаладық.

  • Ойбай, iсiп кетiптi ғой!


Шынында да, байғұстың басы оңбай қалыпты. Төбесiне алақаным тигенде, кiшiгiрiм жарты алманы ұстағандай сезiндiм.


 



  • Сүйегi аман ба?

  • Қайдам, аман-ау деймiн.


Цистерна iшi тағы да қапырық болып, дем алысымыз ауырлай бастады. Мен машинаны тоқтатсақ па екен деп ойладым, бiрақ оны айтсам ана екеуiнiң өре түрегелетiнi белгiлi.



  • Мен саңылаулап аша тұрсам қайтедi? – дедi Әдiл.

  • Ойбай, ашпа, шамаң келмейдi, жолды көрмейсiң бе, тiптi жаман болып кеттi. Осы Шошқатам тұсқа келдiк қой деймiн, жолы солай, – деп ыңырсып сөйледi. – Қақпағы масқара ауыр.

  • Ендi тұншығып өлемiз бе?


Менiң басыма бiр ой сарт ете қалды.



  • Оњо, таптым! – дедiм қуанғаннан.

  • Ненi?! Екеуi жарыса сұрады.

  • Таптым! Кәне, көйлектерiңдi шешiңдер!

  • Е, неге? Айтсайшы!

  • Шеш деген соң шешсеңдершi ендi. өз көйлегiмдi тез шешiп алдым. Анау екеуi де күйбеңдеп шешiнiп жатқан сияқты. Тегi, менiң батыл айтқан сөзiм әсер еткен болуы керек.

  • Мә! – деп олар жейделерiн қолыма ұстата бердi. Екi көйлектi тас түйiн қылып орап, өз көйлегiммен белiнен тартып байладым. Олардың осы қараңғыда менiң не жұмбақ iс жасап жатқандығыма таң-тамаша қалып, ауыздарының суы құрып отырғандарын да сезiп келем. «Олар менi ылғи қорқақсың, жасықсың дей берушi едi. Ендi көрсiн, Болаттың кiм екенiн», – деп iшiмнен ойлап қоямын.

  • Әдiл, қақпақты аш! Yнiм әмiрлi шықты бiлем, ол орнынан атып тұрып, қақпақты сәл көтердi. Жұмарланған көйлектi ашылған саңылауға апарып тыға салдым.

  • Қоя бер ендi! Әдiл қақпақты түсiрдi. Дап-дайын терезе болды да шықты.

  • Ой, молодец!

  • Жарайсың! – Екеуi менiң қолымды еркiсiз алды. Алмасқа лаждары бар ма. Саңылаудан iшке жарық та түстi, ауа да кiрдi. Ендi бiр-бiрiмiзге мәз болыса, күле қараймыз.


Кенет менiң көзiм өмiрдiң төбесiне түсiп едi, қайыңның безiндей томпайған томпақ әжептәуiр екен. Қолымды шошайтып:



  • өмiрдiң төбесiнен алма терiп жейтiн болдық, – деп едiм, Әдiл қарқ-қарқ күлдi. өмiр болса, төбесiн сипап-сипап қояды.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу