27.02.2022
  286


Автор: Пернебай Дүйсенбин

ТОСЫН ШЕШIМ

 


(ӨМIРДIҢ ӘҢГIМЕСI)


Әдiл артына қайырылып қарай бередi. Әлгi сап-сары сүйкiмдi машинаның оған ұнағаны анық.


– Әдiл десе, мен бiр қызық айтайын ба?


– Айт! Айт! – деп Болат екеуi маған жалт қарады.


– Айтсам былай. Қазiр үшеумiз анау тұрған машинаға барамыз да, цистернасының iшiне тығыламыз.


– Ойбай-ау, ол сиырлы ауылға барады ғой, – дедi Болат үрейлене.


– Е, апара берсiн.


– Бiзге де сонысы керек, – дедi Әдiл де көгiлдiр көзi ұшқындай.


– Ораздың әкесi ұрысса қайтемiз?


– Ұрыспайды. Ол кiсiнiң балаларға ұрысқанын көрдiң бе?


– Ұрыспайды деп кiм айтты саған?


– Елдiң бәрi айтады.


– Ал цистернаның iшi қараңғы болмай ма? – дедi Болат. Әдiл ойланып тұрып қалды да, сәлден кейiн:


– Е, болса бола берсiн. Iшiнде қасқыр бар дейсiң бе? – дедi. Мен де:


– Иә, шынында қасқыр бар дейсiң бе?! – деп оны демеп жiбердiм. – Нар тәуекел. Шешiнген судан тайынбас.


Бiз машинаның қасына келдiк. Дауысымызды бiреу естiп қоятындай сыбырлап сөйлесемiз. Болат жасқаншақтап, арт жағымызда тұр.


– Қазiр Ораздың әкесi шайға кiрiстi. Қорқатын дәнеңе жоқ.


Қанша дегенмен өзiм бастаған iстi өзiм аяқтағаным дұрыс қой. Машинаның үстiне әуелi мен көтерiлдiм. Жүрегiм дүрсiлдеп кеттi. Қақпақты ашып қалғанымда, Әдiл iшке лып ете түстi. Болат қипақтап жоғары көтерiлер емес.


– Мiнсейшi! – дедiм. Бiрақ оның көзi атыздай болып, ұясынан шығып кетiптi. – Е, мiнбесең қой ендеше, сау болып тұр.


Iшке сүңгiп кеттiм. Жайлап қана қақпақтың тұтқасын өзiме қарай тартып, жауып алдым. Цистернаның iшi көзге түртсе көргiсiз қараңғы. Әдiл бүйiрiмен түртiп қалып, шиқ-шиқ күледi.


– Әй, ақымақ, ақырын күл!


– Күлсе ше!


– Жай күл деймiн, естiп қояды.


– Жарайды, жарайды.


 


Цистерна ауасы қапырық. Қабырғасы жып-жылтыр, қолың тайғанақтап тұрмайды. Қарап тұрмай Болатты мазақтап жатырмыз.


Болат қорқақ, Ойынға шорқақ, Көжеге ортақ, Мұрны жалпақ, Бұты талтақ, Басында қалпақ…


Екеумiз шиқылдап күлiсемiз.


– Болат, қош, қош, ауылға сәлем айт! – деймiн қақпақтың саңылауынан оған сығырая қарап.


Бiр кезде машинаның бүйiрiн бiреу тықылдатты.


– Аш, аш! Бұл мен ғой! – деген Болаттың даусы күңгiрлеп, көмескi естiлдi.


Мен Әдiлге:


– Тез аш! – дедiм! Қанша дегенмен жолдас қой. Сәл жасқаншақтығы болмаса, жақсы бала өзi.


– Ту, қараңғысын-ай! – дедi ол iшке кiрiп келе жатып.


– Жарықты тапқан екенсiң! – Екеумiз қосыла күлдiк.


Бiраздан кейiн қақпаның сықырлай ашылғаны естiлдi. Жым бола қалдық.


Бiр-бiрiмiзге: «Т-с-с, т-с-с!» – деп қатаң ескерту жасап жатырмыз.


Ораздың әкесiнiң гүж еткен даусы естiлдi.


– Ой, генерал, хал қалай? Батыр-ау, сен менi өкпелетiп қойдың ғой, – дедi.



  • сенiң мұның ұят болды-ау. Анау Тiлеудiң, Усаның, Құрманәлiнiң балаларынан кемсiң бе сен? – Оразда үн жоқ. – Қой, сен генерал болмай қалдың. Мен мәз боп жүрсем, оқып жатыр деп. – Ораз әлi тiс жарар емес. – Мен мынау судай жаңа тұлпарға мiнгiземiн бе деп жүрсем. Ендi болмайтын болды. О, жолың болғыр, мұның не, намыс қайда? Әне, ана елдiң өзiңдей балаларын қарашы. Бағана осында үшеуi келiп сәлем берiп кеттi. Емтихансыз өттiк дейдi. Мiне, генерал деп соларды айт. Нағыз генералдар! Ал сен мына түрiңмен ефрейторлыққа да жарамайсың ба деп қорқамын.


Ораз солқ-солқ етiп жылады. Бiз күлiп жiберуге шақ отырмыз. «Т-с-с, т-с- с» деп қатаң ескерту жасасып бiр-бiрiмiздiң бүйiрiмiзден түртiп-түртiп қалдық.



  • Жә, жарайды ендi, жылама! Онысы несi-ей! Е, сабақты неге жақсы оқымайсың? Егерде сен қластан класқа емтихансыз өтсең менiң төбем көкке екi-ақ елi жетпей ме. өй, жолың болғыр, онысы несi-ей?!


Әлкен ағай машинаға мiндi. Кабинаны сарт жалпы да, машинаны гүр еткiзе оталдырып, жүрiп кеттi.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу