27.02.2022
  452


Автор: Пернебай Дүйсенбин

АЛҒАШҚЫ ЕМТИХАН КҮНI

 (ӘДIЛДIҢ ӘҢГIМЕСI)


Мен, өмiр, Болат үшеуiмiз де көктемгi емтиханнан бiржолата босатылдық.


«Төрт» пен «беске» оқығанның пайдасы да осындайда ғой.


Емтихан басталған күнi үшеумiз мектепке келдiк. Сынақ басталар алдында балаларға сәт сапар тiлеп, емтихан бөлмесiне «аттандырып» салдық. Бiздiң iшке кiруге хақымыз жоқ. Сыртта жүрдiк. Анда-санда терезеден iшке көз саламыз. Балалардың көбi төмен қарап шұқшиып, кәдiмгiдей қинала қаламсаптарын тiстелеп, ойланып қалыпты. Артқы партада отыратын, желаяқ Ораз Әлкенов берiлген жай есептiң бiреуiн бiр парақ қағазға тез жазып, шапшаңдықпен әйнекке жапсыра салды. Сөйттi де, терең ойға шомғандай, қолын маңдайына тiрей қалғаны. Не деген айлакер! Бiз оның бұл тапқырлығына сүйсiнiп кеттiк. Анада, Май мерекесi алдында, онымен допқа таласып, шекiсiп қалғаным бар едi. Содан берi екеумiз дүрдiараздаумыз. Бiрақ оның жаутаң қағып қараған сәттегi жүзi маған бiр түрлi аянышты көрiнiп кеттi. Шыдай алмадым. Есебiн шығарып берсек қайтедi дегендей өмiрге қарап едiм, ол менiң бұл ниетiмдi көзiмнен тез ұға қойды. Келiскендей бас изедi.


Дереу мектеп алдындағы талдың түбiнде тұрған орындыққа отыра қалып, шығара бастадық. Оп-оңай есеп. Көздi ашып-жұмғанша, жаңғақша шағып тастадық. Тез арада алақандай ақ қағазға көшiрдiк те, түкiрiктеп-түкiрiктеп әйнекке жапсыра салдық. Ораз екi езуi екi құлағына кете, мәз болып қалды. Бiзге рақмет дегендей ризалықпен қарап, көзiн қулана қысты да, көшiруге кiрiстi. Сабаздың қолы қолына жұғар емес. Мен өмiр мен Болатқа иек қағып:


– Қасқаң сағынып-ақ отыр екен, ә! – деп едiм, олар сылқ-сылқ күлдi. өмiр терезеге тақала бердi де, аузы-басын қисаң еткiздi. Ораздың арғы жағында отырған Ажар деген қыз бетiн партаға басып, жата қалып күлдi. Иығы селк- селк етедi. Тап осы сәтте төбеден түскендей бiр айбарлы үн бәрiмiздi селк еткiздi.


– өй, мыналар не iстеп тұр-ей!


Жалт қарасақ – Абзал ағай. Қолына қызыл байлама тағып алыпты. Болат екеумiз қаққан қазықтай қалшиып қаттық да қалдық. Ағайдың даусын естiген бе, өмiр жайлап берi бұрыла берген. Көкшiл көзiн бақырайтып, аузын қисайтып, тiлiн шығарған күйi мұғалiмге қарасын.


 


– өй, мынауыңның өзi нағыз сайқымазақ қой, – дедi күлiп жiберген ұстазымыз. Қатты күлгендiгi сонша, көзiнен жас шығып кеттi. өмiр ыржың етiп, төмен қарады. өзi қып-қызыл болып кетiптi.


– Мұның қалай, батырым-ау?


– Ағай, байқамай қалдым, кешiрiңiз. Шашына май жаққандай басын бипаздап сипай бередi.


– Жарайды, жарайды! Ал бiрақ мыналарың… болмаған.


Ол терезеге жабыстырылған парақты алып, қалтасына бүктеп салып қойды. Ұят iс жасағанымызды ендi ұққандаймыз. Болат екеумiз де төмен қарадық. Мұғалiмнiң бетiне қарауға жүзiмiз шыдамай тұр.


– Қой, мен сендердi жазасыз жiбермеймiн. Әкел бастарыңды берi, – дедi ол әлден уақытта. Орайдың тұсынан бiр-бiр шертпек алды да, көзi шуақ шаша күлiмдедi:


– Ендi кластастарыңды бекер алаңдатпаңдар, көкетайлар, жарай ма?


– Жарайды, – деп жарыса тiл қаттық. Уњ! Ұстаздар талқысына түспей аман құтылғанымызға шүкiр.


– Қалай, төбелерiң ауырып қалған жоқ па?


– Жоқ, ағай.


– Ал ендi батырларым, қазiр клубта, сағат он бiрде қызық кино болғалы жатыр. Соған барсаңдар қайтедi.


– Ой, алақай! өмiр қуанғаннан секiрiп түстi. – Қандай кино, ағай?


– «Ұстатпайтын кекшiлдер».


– Оњо, жақсы болды. Рахмет, ағай, – деп өмiр Болат екеумiздi жетелей жөнелдi. Ұзап барып артымызға қарасақ, ұстазымыз соңымыздан күлiмдей әлi қарап тұр екен…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу