Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
27.02.2022
225
АРАЙЛЫ АРМАН…
Ақтамдағы жұмыс бiтiсiмен, ауылға қайттық.
Жарқын ағай арбадан түсiп, үйдi-үйге тарағалы жатқан бiзге:
- Колхоз бастығы екi күнге мұрсат бердi. Екi күннен соң анадағыдай таң азаннан кеңсенiң алдына жиналамыз, – дедi.
Барлығымыздың қуанышымызда шек жоқ. Екi күн аз уақыт емес. Аз да болса бой жазып, еркiн демалып алуға болады. Үйге де қолқабыс етемiз. Менi көрген апам:
- Балапаным-ау, өзiң жүдеп кетiпсiң ғой, – дедi.
- Жүдеген жоқпын, апа.
- Қайдан жүдеген жоқсың, өңiң әбден қарайып кетiптi.
- Күнге күйгендiкi ғой. Көкемнен хат келген жоқ па? Апам торыққан үнмен тауысыла сөйледi:
- Сорлыға не болғанын бiлмеймiн. Екi айдың жүзi болды. Қайдам? – деп, орамалының ұшымен көзiн сүртiп жатып:
- Жыламаңызшы, апа! Қойыңызшы не болса соны айтпай, – дедiм мен апамды жұбатқан болып.
- Е, саған бәрi түгел ғой. Сорлы-ау, ол сау емес. Сау болса, бұлай етпесе керек едi ғой.
- Жоқ, апа, сау.
- Немене, көрiп келiп пе едiң?
- Жоқ, түнде түс көрдiм.
- Қандай түс?
- Кәдiмгiдей түс. Көкем екеумiз ақ боз атқа мiнгесiп, Мақсұттiкiне қонаққа бара жатыр екенбiз. Мақсұттың үйi жайлауда екен деймiн.
- Иә, содан соң?
- Мен көкемнiң белiнен қапсыра құшақтап, айлы аспанға қызыға қарап келе жатыр екенмiн.
- Иә, содан соң? Ол саған сөйледi ме?
- Көкем бе?
- Иә.
- Көкем баяғы өзi жақсы көретiн өлеңi бар ғой…
- «Баянауыл» ма?
- Иә, соны шырқата айтып бара жатты. Ал мен…
- Мақсұттiкiне бардыңдар ма?
- Барғанда қандай! Мақсұттың есi шығып қуанып, нән бағылған қозы сойды. Оның аяғы сап-сау екен деймiн. «Әй, Мақсұт, балдағың қайда?» – десем: «Балдағың не айтып тұрған, оныңды баяғыда отқа жағып жiбергем», – деп жайраң қағады.
- Ет жедiңдер ме?
- Ет жегенде қандай. Тiптi қымыз iштiк. Аттанып кетейiн деп жатқанда, Мақсұт бiр қалтаға ет орап: «Мә, мынаны апама берiңiз», – деп көкеме берiп жатты.
- Ойпырм-ай, жақсы екен!
Апамның шаршаулы жүзiне қан жүгiрiп, ажары кiре бастады.
- Киiкбай атама айтып едiм, ол кiсi: «Ой, мынауың жақсы түс екен, балам. Туған жерiнен келiп дәм татса, онда әкеңнiң аман оралғаны. Несiбесi ауылдан бұйырады», – деп әбден қуанды.
- Аруақ, аруақ, аузыңа май, – деп апам дереу қара шәйнектi мосыға iлдi. Шай iшiлiп болған соң, мен бiрден Мақсұттiкiне бардым.
Ол менi көрiп, қатты қуанды. Бар жаңалықтарды сұрап жатыр. Әңгiмемiз таусылар емес.
- Әкеңнен хат келдi ме?
- Келдi.
- Әлi сол Балашовта ма?
- Сонда.
- Жарақаты қандай екен?
- Тәуiр болып келемiн. Жазылған соң не демалысқа жiбермекшi, не бiржола босататын шығар дептi.
- Жақсы болған екен.
- өзiңнiң көкеңнен ше?
- Әлi келген жоқ.
- Келедi! Менiң көкемнен де анада екi-үш ай хат келмей қойған. Сонан соң барып келдi ғой.
- Мүмкiн. Оған көрген түсiмдi айттым. Мақсұт тiптен қуанып кеттi.
- Мен де жазыламын. Нұртас десе, осыдан қара да тұр, мен де жазыламын,
- деп ақтарыла сөйледi.
- Сөз жоқ, жазыласың. Осыдан қара да тұр, сабақ басталғанға дейiн жүрiп кетесiң, – дедiм үнiме жiгер қосып.
- Онда керемет болар едi-ау. Байқаймын, өзiмдi сәл-пәл тәуiрлеу сезiнемiн.
- Олай болса тiптен жақсы.
- Екi-үш күннен берi далаға көлеңкеге балдақпен жайлап шығып жүрмiн.
- Ендеше қазiр де шығайық та. Үйдiң ауасы тар екен. Сыртқа шықтық.
- Нұртас десе?
- Әу.
- Менiң не деп армандайтынымды бiлесiң бе?
- Сеземiн.
- Мен түсiмде ылғи сурет салып жүремiн. Жатсам да, тұрсам да ойлайтыным-суретшi болу.
- Осылай сала берсең, әрине, сенен суретшi шығады, – дедiм сенiмдi үнмен.
- Ол үшiн маған Алматыда не Москвада оқу керек қой.
- Несi бар, мектептi бiтiрген соң, оқуға барып түс. Бiр кезде ол күрсiндi де:
- Ең бастысы – көкем аман-есен келсе екен. Көкем менi оқытпай қоймайды, – дедi.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter