Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  191


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

НӘЗІКТІК

(Владимир Дагуровтан аударма)
Реактивті ұшақтың гүрілінен,
Атыс-шабыс, бульдозер дүрілінен,
Қиын емес естілмеу,
Керек төзім,
«Сүйем» –деген қорғансыз жалғыз сөзің.
Мегатондық жарылыс толқындары,
Алақ-жұлақ киноның жойқындары,
Сездірмейді жарыңның алақанын,
Құрбан еткен сен үшін дара таңын.
Жаныңның нәзіктігін жасырып ап,
Әдейі, кейде орынсыз, асығып-ақ,
Көп күлеміз қарқылдап, жылап тұрып,
Айқайлаймыз біз үнсіз, жырақ тұрып.
Бет пердені алып тастап, бірақ та,
Ар алдында, басқа елде, жырақта,
Ішімізде бұлқынады,
Тыр жалаңаш нәзіктік,
Жас сұлудай күнә артар,
Жарықтық.
18.03.2013 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу