Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.02.2022
168
ҚАРА МЕҢДІ
Қарындасым, қалқам-ай қара меңді.
Қиылған қас, қолаң шаш, бұраң белді.
Қоштасатын кез келді, қош, аман бол,
Қол үзіп мен өзіңнен қалам енді.
Қылаң берген қиядан құралайым,
Қоштасарда қалайша жыламайын.
Қиялымның ақ тамақ қарлығашы,
Қайырыл деп қайтадан сұрамайын.
Қимастықпен жолыңа қарайладым,
Қайда бастап барады арай-таңың?
Қарайлама артыңа, қарлығашым,
Қайта соққан дауылдан абайлағын.
Қамсыз жүрген қайран менің күндерім?
Қансыз жүрек соғады, құр сүлдері,
...Қараша қаз сұңқылдап ұшып келді,
Қардан кейін құлпырды, қыр гүлдеді.
19.03.2013 жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter