Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.02.2022
324
8 НАУРЫЗ
Қырық жас қалды, елуге енді таяумын,
Басылды аптық, дауысым бәсең, баяу үн.
Сегізінші марта бір гүл де саған сыйламай,
Боз өкпе болдым, кешірші мені аяулым.
Көлгірсігендер, білесің, менің қас жауым.
Гүл ғана емес барлық сезімнің бастауы.
Бір ауыз сөзбен бақытты ету қолыңда,
Айтылған бір сөз жаныңды мүмкін ластауы.
Кешіре алмай, өшіре алмай көңілден,
Өтермін бе екем өлшеусіз мен де өмірден.
Жарақат алған жанымды кел де жазып ал,
Жаралған жоқ қой жүрегім менің темірден.
12.03.2013 ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter