Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  367


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

ЕСЕНИННЕН АУДАРМА

Сен әлі тірімісің, кейуана?
Мен де тірі,
Сәлем саған, сәлем.
Құйылсын терезеңнен жай ғана
Түнгі тылсым әлем.
Алыстан хабар жетті маған,
Қайғыда деп сені жолымды тосып.
Жамалып ескі шарқатыңды,
Сағынышқа жалыныш қосып.
Бет бұрған деп сезім елеске,
Үй сыртында дұшпан бұққандай.
Кабактағы кешкі төбелесте
Біреу
Жүрекке қанжар сұққандай.
Шаршама,
Күндер бар көретін,
Ісіне тағдырдың көнесің.
Өзіңді көрмей-ақ өлетін,
Сірә да, маскүнем емеспін.
Менің жаным болды шерменде,
Армандаймын үйге қайтуды,
Сағынышпен аңсап келгенде,
Жан сырымды саған айтуды.
 Ораламын, ана, таң қалдың ба
Бау-бақшалар гүлге толғанда,
Тек мені оятпа таң алдында
Сегіз жыл бұрын болғандай.
Оятпа,
Армандап болғанмын,
Қозғама, қайтесің, қозғама.
Ертерек таусылып тозғанмын,
Өзгерген баяғы бозбала.
Сыйын деп үйретпе тәңірге,
Өткенге оралу енді жоқ.
Сен ғана билеушім өмірде,
Сен ғана қыздырған мені шоқ.
Ұмыт сен қайғыны
Тап берген,
Не таптың көп ойлап қамығып?
Жол тосып белесте көп жүрме,
Ескілеу шарқатты жамылып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу