Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.02.2022
196
АҚША ҚАРДЫ САҒЫНДЫМ
Аппақ киім киінген,
Ақ белбеуін түйінген.
Аппақ маржан лағылдым,
Ақша қарды сағындым.
Мызғып далам алсын деп,
Тәтті ұйқыға қансын деп.
Ақ көрпесін жабады,
Әлди-әнге салады.
Орамалын шешіп түн,
Тербетеді бесігін.
Омырауы босады,
Ақ мамасын тосады.
Естіледі балғын үн,
Жұбанады балғының.
Жамырайды жұлдыздар,
Есте мәңгі бал күнім.
Әлди-әлди көлдерім,
Киік жортқан шөлдерім.
Әлди-әлди бөктерім,
Келер әлі-ақ көктемің.
1995 жыл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter