Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.02.2022
412
АУЫЛЫМДЫ САҒЫНДЫМ
Артта қалды сағыныш,
ауыр мұңым
Көрінгенде
түтіні ауылымның.
Көрмегелі көп болды,
қайда жүргем,
Аңсап кеттім
құшағын бауырымның.
Шөбің шалғын,
Үнің балғын,
Келеді сенде қалғым.
Саз балшықтан
илеген қуыршағым,
Жібек желмен
жарысқан құлыншағым,
Алыс жүру
сендерден қиын болды,
Қарсы алыңдар,
келеді ұрыншағың.
Сайың құрақ,
Жағаң бұлақ,
Жұлдыздан жақтың шырақ.
Ерке талдар,
бұралған ерке сылқым.
Құрбыларым
сыңғырлап күміс күлкің.
Сенерімді білмеймін,
сенбесімді,
Келгені ме
шынымен осы бір күн.
Суың тәтті,
Жолың сәтті,
Сағыныш жанға батты.
1995 жыл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter