Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.02.2022
143
ҒАШЫҚСЫҢ
Білем досым,
білемін, шын ғашықсың,
Биіктен
көру үшін шыңға шықтың.
Кетпейді ме
әлі де құлағыңнан.
Сұлу бейне,
сыбыры «Шын ғашықпын».
Өткен өтті,
өкінішке тұрмайды,
Бір күндері
көздің жасы құрғайды.
Қуыс кеуде,
қуыршақтар қалайша
Жырларыңды,
арнап жазған тыңдайды?
Кезің қайда,
мұңаясың сен неге?
Жанарыңда
жалын бар-ды сөнген бе?
Сері көңіл
сергелдең боп, бүгінде,
Сағыныштың
сары бұлты төнген бе?
Құйылмаса
естігенмен құлақ па,
Мың сүрініп,
мың тұрармыз құлап та.
Ақын жары болу үшін,
алдымен,
Ақынжанды
болу керек бірақ та.
1983 жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter