Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.02.2022
179
ЖАР ТАҢДАУ
Айлап кетсең күлетін,
Айдап кетсең жүретін.
Жабы саған керегі,
Қыран емес бүретін.
Сен жымисаң күлетін,
Ашсаң есік кіретін.
Жарты саған керегі,
Сұңқар емес ілетін.
Ұзын етек киетін,
Бас шұлғуды сүйетін.
Жаман саған керегі,
Жұбай емес тиетін.
Басқа жерге баспайтын,
Жұмған аузын ашпайтын.
Дүлей ме екен керегің,
Малын досқа шашпайтын?
Көңіл деген еркені,
Сезім деген серкені.
Махаббатты қайтесің?
Жан-дүние көркемі.
Мейіріңді қандырған,
Көрсең естен тандырған.
Сұлулықты қайтесің
Жүрегіңді жандырған?
Сағынып бір жетсең-ай,
Сарқылып бір өпсең-ай.
Содан кейін демінен,
Өртеніп-ақ кетсең-ай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter