Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  186


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

АЗАП КҮНДЕР

Бастан кешкен,
Астаң-кестең,
Азап болған күндерім.
Достан безген,
Дара кезген,
Тозақ болған күндерім.
Жаным кысқан,
Жақын мыстан,
Жан ұшырған күндерім.
Нанып болған,
Налып толған,
Жан қысылған күндерім.
Ардақтыңды,
Бар жақсыңды
Талақ еткен күндерім.
Асылыңнан,
Жақыныңнан,
Саяқ кеткен күндерім.
Дұрысың да,
Ырысың да
Ғаріп болған күндерім.
Сезім барда,
 Көзің барда
Қаріп болған күндерім.
Сағыныштан,
Жалыныштан
Жан жылаған күндерім.
Жазың өтіп,
Назың кетіп
Қансыраған күндерім.
Өтеді екен,
Кетеді екен
Ызғар төккен күндерім.
Күлім қаққан,
Жымыңдатқан
Күндеріммен біргемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу