Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.02.2022
162
ҰМЫТУ
Неге мені іздемедің?
Үйдемін.
Жауабы жоқ
белгісіз бір күйдемін.
Өмір,
деген сусылдаған жібектің
Шеше алмадым
шым-шытырық түйнегін.
Терезеден
қайта-қайта қарадым.
Келмегенің
болып алды дара мұң.
Аман елдің,
аты озған, аман бол
Аман болып
жүре берсең жарадың.
Адам күні адамменен,
ол заңға
Бағынбасқа амал сірә,
болған ба.
Айғайласам естілмейді,
дәрмен жоқ
Жалғыз қалып
қойғандаймын орманда.
Қәріптен жас,
жаяудан шаң шыққан ба.
Бәрі бекер,
бәрі де өтер ұққанға.
Бас көтермей,
бөлінбей-ақ жүрер ем,
Тағдыр оғы
тимей қалса бұққанға.
03.06.2002ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter