Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.02.2022
204
АҒАМА
Не айтайын енді,
не десем екен ағама,
Теңесем бе екен
толқындар соққан жағаға?
Толқынға қарсы
қасқайып тұрған сен жартас,
Ал інің, аға,
төбеңде ұшқан шағала.
Марқайып қалам
қолымды қысса қолдарың,
Өздеріңсіңдер
арқамды тірер қорғаным.
Сапарға алыс аттанам
жарқын жүзбенен,
Білемін артта
ағалар барын, қолдарын.
Мәпелеп сақтап
жеткізген асыл мұраны.
Өздеріңсіңдер
өлкемнің ғасыр-қыраны.
Өздерің барда
дәстүрдің, салттың,
Боз далам,
Мәңгілік мекен-тұрағы.
Отыздан кетіп
отыз бес жастың елеңін,
Алыстан естіп
артыңнан мен де желемін.
Ағалар сырын
жеткізіп тыңдар құлаққа,
Шаршамай жырлап,
дауыстап айтып келемін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter