Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.02.2022
142
АУЫЛДЫ КЕТТІМ САҒЫНЫП
Мортық, Елек, Алысбаз,
Сарқырап ағар, Қотыртас.
Жүрер ме ек тағы ауылда,
Желпілдеп кекіл,жалаң бас.
Балығын қуған суларды,
Жидегін терген нуларды,
Қиқулап көлге оралар,
Сағындым әнін қулардың.
Төсіне қамыс бас ұрып,
Төбесін дөңнен асырып.
Жалғыз тал әлі тұр ма екен
Жылдардан сырын жасырап?
Айнала көгал, жаға – бақ.
Қамысын Кіндік жағалап.
Қасқалдақ ұшты айдыннан,
Қанаты суды сабалап.
Жарысқан желмен тай бөкен,
Ел болды оған қай мекен?
Арғымақ көрдім бәйге алған.
Мен үйреткен тай ма екен?
Тағы да арман,тағы үміт.
Жете алмай жүрміз тарығып.
Жол түссе елге қайтамын,
Ауылды кеттім сағынып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter