Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.02.2022
528
ТАЛ БЕСІК
Тағдыры тарих тал бесік,
Жасаған бабам тал кесіп.
Қаншама ұлды тербедің,
Ертеңгі қара нар десіп.
Мұңдасы болып ғасырдың,
Қаншама сырды жасырдың.
Әлдилеп бағып мәпелеп,
Қызыңды қырдан асырдың.
Моншақтар көзден шашылды,
Мейірі қанып басылды.
Ұйқысын түнгі төрт бөліп,
Қанша Ана саған асылды.
Белгісі болып өткеннің,
Ғасырлар, алыс кеткеннің.
Өзіңсің ілкі куәсі
Мұра боп бізге жеткеннің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter