26.02.2022
  136


Автор: Уәлихан Шот-Аман Ыдырысұлы

2-хат

Қарағым Шота! Сенің 29 майда жазған хатыңды алдым. Өте қуандым, рах- мет. Атайдың да амандығын білдім. Есіңде жүр екем, біраз көңілім жұқарып қалды, өткен-кеткендер ойға түсіп.


Оқуға барғың келіп жүргеніңді құттықтаймын да қуанамын. Оның үстіне оқу қиын екенін, білім оңай түспейтінін, біраз оқып бітіргенше қиыншылықтарды көретініңді, түсінгенің ұнады. Жастардың көбі сол қиын- шылықтарды білмей, төбеден аузына дүниенің өзі жауып тұрады деп келеді де, аз кездескен қиыншылыққа шыдамай қайтып кетеді. Сондықтан, әлде де болса мынаны есіңе ал: сенің артыңнан көмектесетін адамың жоқ, өзіңе-өзің ғана сенесің, ашаршылық та кездесер, киімсіздік те кездесер, бәріне беліңді байла, бәріне жігерің жететін болсын.


Ал сенің Москваға барам дегеніңе қарсы емеспін, бірақ мына бір ойымды ескер: зейінді, жігерлі оқушыға мұғалімнің қандай екені (жаманы, жақ- сысы) көп әсер етпейді, өйткені мұғалім не айтса, соның бәрі соответствую- щая литературада да бар. Институт орта мектеп емес, адам онда өзі ізденеді, өзіне сенеді. Орысшалап айтқанда «для студента основным познавательным фактором является самостоятельная работа над собой». Сондықтан Москваның институтының мұғалім күштері зор дегеніңе түсінем, қостай- мын, бірақ ол сенің институтты таңдауыңа негізгі фактор болуына қарсы- мын. Негізгі фактор сенің сүйген мамандығың болуы керек, екінші фак- тор — сол мамандықты неғұрлым қиыншылықты аз көріп алатын жағдай.


Мен кейінгі мәселені түсіндірейін: Москва — қымбатшылық, Москва — суық. Сондықтан кедей студентке жылы киім керек суық жерде. Тамақ та көп керек, сенің стипендияң оның бәріне жетпейді. Кемшіліктен барып ауруға шалдығуың мүмкін. Сондықтан менің ақылым: Алматыдан сүйген мамандығыңды таба алмасаң ғана Москваға бар, әйтпесе осында кел.


Мен биыл Москваға, Ленинградқа барып қайттым, олардың студенттері- нің бізден ешбір артықшылығы жоқ, даже «осы шіркіндер қалай нашар» де- ген пікірге де келіп қалдым, маған бір ең шалалары кездесіп жүрмесе. Ал программа, тағы қай жерде болса да бір ғой.


Мен металлургический факультетті бітірем, «күз октябрь айында, ден- саулық болса, қазір диплом жазып жатырмын. Біздегі күшті факультет — гео- логия факультеті, денсаулыққа да жақсы, жаз ақшаны да көп табасың. Алма- тыда арзаншылық, қыстың ортасына дейін алмамен күн көресің. Келешекте бәрібір Қазақстанда қызмет істейсің, сондықтан оқуды бітіргенше, беделді адамдармен танысып, кірігуіңе де жақсы болады.


Сонан соң тағы бір мәселе: Тұрсын марқұм ертеңгісін ойламайтын жігіт еді ғой, «атың сат, тоның сат, жатарыңда тойып жат» деген принципте болу- шы еді, мен оқушылық өмірде оны қостамаймын. Егер кездеспесек, егер сол Москваға кетсең: придерживайся строгой экономии, приход пен расходты теңестіріп отыр.


Бізде бір оқушы болды: стипендиясын алған күні жұмсап жіберетін еді, ақырында шыдай алмай оқудан шығып кетті. Ол кезде біз 500 грамм нан- мен күн көрдік қой. Сол 500 грамды үшке бөлген оқушы жақсы оқыды да, таңертең бір-ақ жеп қойған кісі оқи алмады. Осыдан түсінерсің. Қазір, бірақ, относительный тоқшылық қой. Алған 290 сомыңды 30-ға бөліп жұмсасаң (в день 290/30 руб. и ни копейки больше), сонда оқуыңды жақсы оқисың, кемшілік көрмейсің.


Менің айтатын ақылым, қарағым, осы. Жолдасыңа да сәлеммен бірге осы әңгімені айт.


Мен өз институтымды мақтамай-ақ қояйын, барған хатта бәрі бар шығар, Қазақстанның жалғыз техникалық ВУЗы ғой, сондықтан бізді қала ардақтап


 


 


ұстайды. Оқытушылар да атақсыз емес: менің факультетімде профес- сор Аветисян деген кісі Москвада лекция оқыған, бүкіл союздық атағы бар, бірнеше кітап жазған специалист по металлургии меди, профессор Стен- дер — Ленинград технология институтының профессор-деканы болған кісі, тағы басқалар да сондай.


Айтайын дегенім осы. Мечтать надо трезво. Тұрсын марқұм өзін-өзі аямау- шы еді, кейінгі уақытта қызметі де ауыр болды, содан, тура айтқанда, күйіп кетті ғой. Әлде болса да ойлан. ВУЗ-ды бітіру обязательно керек. Москваның атағына ғана қызығып кетпе, ол легкомысленно болады. Жағдайыңды, денсаулығыңды ойла, алғың келген білімді өзің аласың, профессор жұмасында 2 лекциядан басқа ешнәрсе бермейді, өзіңе сен.


Құрметпен, ағаң Евней, сүйдім.


Атайға сәлем. Осы хатты атаңа да оқып бер.


P.S. Мен жуырда Москваға кетем. Жеңгең практикаға Шымкентке кетті, өзімізде 4 курстың студенті.


Осы ай аяғына дейін тез жазсаң:


Алматы, Фурманов көшесі, 114, 18-пәтер, Букетову.


Егер кеш жазсаң Марьевка, Челюсхина, 2, Букетову деп жаз.


Әйтеуір қайда баратыныңнан хабар бер.


9/ХІ-1950




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу