Әңгімелер ✍️
Бәйгеге тiгiлген бастар, есiл ерлер-ай!
Ел-жұртты қорғайлап, Өлiмге жүрмiз бас байлап.
Ақтамбердi
Қысымға, әдiлетсiздiкке шыдамаған, азаттықты сүйгiш қазақ халқы само- державиеге, өз қанаушыларына да қарсы дүркiн-дүркiн көтерiлiп отырған. Қол басында елдiң мұң-мұқтажын, арманын арқалаған батырлар, ерлер бол- ды. Олар бар ауыртпалықты елмен, халықпен бiрге көтердi.
Бостандықтан үмiтi болған қазақтар 1773–1775 жылдары Е. И. Пугачев бастаған көтерiлiске қатысады. Қол бастаушылардың iшiнде «көрiнбейтiн адам» атанған Көктемiр атты қазақ болды.
1783–1797 жж. Сырым Датұлы, ХIХ ғасырдың 20-30-жылдары Кенеса- ры Қасымұлы, 1835–1837 жж. Исатай мен Махамбет, 1832–1857 жж. Есет Көтiбарұлы көтерiлiстiң туын биiкте ұстады, бұл қозғалыстар ұлт-азаттық сипат алды. 1868 жылы шыққан салық салудың «уақытша ережесiне» байла- нысты Орал облысында Сейiл Тұркебаев пен Беркiн Оспанов, Маңғыстауда Досан Тәжиев бастаған көтерiлiс те даланы дүр сiлкiнттi. Бiр жерде басыл- са, бiр жерде басталып жатты. Қоқан хандығына қарсы бағышталған Ұлы жүз батырларының бас көтеруi де азаттық бағытта болды. Әл-хал не керек, осының бәрi 1916 жылғы көтерiлiске әкеп тiредi.
Көтерiлiсшiлерге қарсы қандай ғана амал қолданылмады, талай-талай жа- залаушы отрядтар шығып, даланы қанға бояды (Г. Сапаргалиев. Карательная политика царизма в Казахстане. — Алма-Ата, 1966 г.).
Патша өкiметi көшпендiлерден қорғану үшiн кейбiр жерде «Қытай қорғанын» да салмақшы болды. 1836 жыл Орск бекiнiсiнiң солтүстiгiнен 45 шақырым жерден бастап он сегiз шақырым ұзындықта тереңдiгi үш метр ор қазылып, биiктiгi үш метр қорған соғылды. Ереуiлшiлерге ол да бөгет бола алмады. Бiрақ патша өкiметi келiссөздер жүргiзуi керек деп таппады, жүргiзген күнде патша генералдарының ұғымы бойынша: «Возбуждение страха есть существенный способ для успеха переговоров с азиатцами», — деп санады (Батыс Сiбiр генерал-губернаторы князь Горчаковтың 1846 жыл- дың 24 шiлде күнгi I Николайға жазған хатынан). Кейбiр «кемеңгерлер»:
«...напрасно думают, что здешний край следует только умиротворить, его нужно просто покорить и смотреть на него не как на избунтовавшуюся рус- скую провинцию, а как на страну, для нас такую же новую и враждебную, как и остальные независимые среднеазиатские владения... не углубляясь во внутренность страны и прочно не устроясь в самом центре народонаселе- ния, нужно взять на себя решимость владеть... только на бумаге, быть там гостями и управлять народом настолько, насколько ему угодно будет нас к этому допускать... край огромен, население кочующее дикое, необуздан- ное, своевольное, избалованное прежними удачами...» («Военный сбор- ник». — 1871. — №5. — С. 51). Байқап отырсыздар, басты мақсат — елдi өз дегенiне жiбермеу, бас билiктен айыру, билеп-төстеу, iшке кеңiрек кiру, барлық әрекеттi күшпен, зорлық-зомбылықпен жасау болды.
Хандар билiгiнiң қазақ елiнде осал екендiгiн жақсы түсiнген патша үкiметi бiрде қорқытып, бiрде шен-шекпенмен, ақшамен сатып алуға тыры- сып, бiр жерде хандықты сақтаса, бiр жерде аға-сұлтандыққа көшiп, лауазым, биiк орынға құмар, жатып iшер арамтамақтарды ұсақ-түйек билiктерге таластырып, ойға алғанын iстедi. Қазақ халқының қажетi мен талап-тiлегiмен санаспай, мүлтiксiз қызмет ететiн әскери-әкiмшiлiк системасының құрығынан шығармай ұстады.
1791 жылдың маусымында Кiшi жүздегi көтерiлiстiң көсемi Сырымға Фаткулин, Мансуров деген молдалар патша атынан неше түрлi сый-сияпат- пен келгеннiң өзiнде, батыр ел намысын дүние-жиһазға сатпайды, қайта қа- таң талап қойды: «Ко мне хотя от стороны императорской многие подарки и именное повеление прислано, чтобы я мир восстановил, а от генерала и не одно о том предписание есть, однако, как бы то ни было, я русским отнюдь не верю. Когда русские захваченных в предваривших трех годах детей наших не выдадут и неверного Данилу от должности его не отрешать, то какому от русских благу быть часте? Ежели си два дела наши в действо не произведут- ся, то желающий мира предмета своего не достигает» (М. П. Виткин. Батыр Сырым. 1947. — С. 301).
Сырымның Данила деп отырғаны атаман Донской болатын. Оның жа- уыздығын 1790 жылдың маусымында II Екатеринаға жазған хатында былай суреттедi: «...Орал қалғасының одаманы Данила Донской мың йарым ғаскер илә би күнаһ қазақ руғитыңны, екi йүз елу кiшi өлтуруб, елу йетi кiшiнi тiрi алыб кеттi. Иылқы, түйе, сығыр, қойның хисабы йоқ...» (Б. Әбiлқасымов. ХVIII–ХIХ ғасырлардағы қазақ әдеби тiлiнiң жазба нұқсалары. — 42-42-бб.) 1824 жылы Орта жүздiң ханы Уәлi қайтыс болғанда, оның мұрагерi —
үлкен ұлы Ғұбайдоллаға Петербургтан не ғаламат сыйлықтар жiберiледi, подполковник деген әскери шен берiледi. Бiрақ Ғұбайдолла бәрiнен де бас тартып, Көкшетаудың етегiне қала салуға ұлықсат сұрай келгендерге:
«...если русские захотят силою захватить место для постройки города, то сами и будут отвечать за последствия», — деп жауап бередi («Нива» жур- налы, №11, 1891 ж., 258-25-бб.).
Елдiң елдiгiн бiлдiрген, сұраусыз жер жоқ екендiгiн ескерткен ерлiкке, намысқа толы жауаптан кейiн Ғұбайдолла тоқсанға жуық ел ағаларымен бiр- ге Баянауыл бауырында, үш жақтан шабуыл жасаған әскер арқылы қор- шауға түсiп, тұтқынға алынды, кейiн Березоваға жер аударылды.
1822 жылы шыққан «Сiбiр қазақтары туралы устав» бойынша, Орта жүзде хандық таратылған едi, жерi округтерге бөлiнген болатын. Кiшi жүз- де жал-құйрығы күзелген, патша үкiметiне мейлiнше тәуелдi Iшкi Орда аталмыш ат төбелiндей Бөкей хандығы ғана сақталған болатын. 1845 жылы Жәңгiр ханның өлiмiне байланысты бұл хандық та күшiн жойды. Оның уақытша кеңес арқылы басқару, ханның шын мұрагерi — орыс шенеунiгiнiң қолына көштi.
Қазақ даласында билiк, әкiмшiлiкке орай және жер мәселесiне байла- нысты талай ережелер, «қосымшалар» мен уақытша заңдар шығып жатты, мойынға түскен қыл арқан тартыла түстi.
Көп кейiнiрек казак-орыстар Шоқанның әкесi — полковник Шыңғыс отырған жерге де тап-тап берiп, Сырымбеттегi қарағайды сұраусыз кесе берген соң, ол кiсiнiң өзi түрлi анықтамалар жинап, бұл Айғанымнан қалған жер — ата мекенi екендiгiн зорға дәлелдей алды.
Қазақ даласының қай қиырын алмасаңыз да егiстiк, шабындық, жайы- лым жерлерiнен, қысқы қыстауынан, жаз жайлауынан айырылған қазақтар көптеп кездесетiн едi.
Бұлар «ереуіл атқа ер салмай, егеулi найза қолға алмай» тұра алма- ды. Халық басына төнген қара бұлт, кеудесiн оққа тосқан, топ жарған өз қолбасшыларын шығарды. Соның iшiндегi орны бөлек, алып тұлғаның бiрi Сырым едi.
Жiберген сыйлықты алмаған соң, өз тарапынан талап-тiлектi бұрынғыдан да күшейте түскен соң, патша үкiметi Сырымның басына үш мың, тұрар мекенiн көрсеткен адамға бес жүз сом бәйге жариялады. Атақты А. В. Су- воровтың 1775 жылы 22 маусымда Симбирскийден граф Панинге жазған хатында Сырымның патша әскерiне қарсы қарулы күреске қатысқанды- ғы, қатысып қана қоймай, iрi қолбасшылардың бiрi болғандығы айтылады. А. В. Суворов осыған байланысты былай ұсыныс жасайды: «...киргизскую толпу с Сырым батыром, где бы оной иногда в зломышленном виде не по- явился самово ево весьма искоренить, схватить или на месте умертвить... равномерно тоже чинить и с его главными сообщниками». Пугачевты ұс- тағанға мәз болған келешек генералиссимус басқаларды да аямаған сияқты.
Сырым болса, патша үкiметiнiң қара ниетiн әшкерелеумен болды:
«Обманом желаете управлять народом... точный ваш обман и ухищрения видны, что вы оными хотите довести также, как ногайцев и башкирцев по- спешить обуздать и наложить службу... и разные тягости хотите на нас воз- ложить. Каковые все ваши намерения, мы поняли» (Материалы по истории КазССР. — Т. IV. — С. 131).
Қол бастап, ұйқы көрмей, түн қатып жүрген ерлердiң елiн қаншама сүйгендiгiн, Махамбеттiң орыс офицерiмен 1839 жылы әңгiмелескен мына сөздерiнен байқауға болады: «Знаю, ваше правительство может меня простить, не только тогда, когда я выкуплю преступления важною услугою Рос- сии или русским. Поверит ли оно искренности моего раскаяния, если вы сами не верите ей, а если поверит, то возвратить ли мне за эту плату, слиш- ком для него ничтожную — мою Родину. Вы боитесь меня как ножа, я нож только не обоюдоострый...» (Журнал для чтения воспитанникам военно- учебных заведений. — СПб, 1846. — Т. 64. — С. 199) «Менiң Отанымды қайырып берiңдер» деген тiлек қандай биiк, қандай таза, адамды тебiрент- пей қоймайды.
Келесi сөз атақты географ Семенов-Тянь-Шанский қазақ халқының Митридаты атанған Кенесары Қасымұлы хақында.
Батыс Сiбiр генерал-губернаторы Горчаковқа жазған хатында Кене- сары: «Хотя законом государя и запрещено убивать, грабить и захватывать наших людей, но оно не соблюдается». Тағы бiр жазғанында: «Завещенные нашими предками Есил, Нура, Актау, Ортау, Каркаралы, Окият, Токзак до Урала — при нынешнем царе отобраны у нас и там построены укрепления. Теперь с каждым днем захватывая наши земли, на них закладывают укрепле- ния и этим доводят население до отчаяния. Это не только для нашей будущ- ности, но и для сегодняшнего существования опасно» («Вестник Европы», 1870, книга 8. Середа Н. Бунт Кенесары Касымова)
1843 жылы граф А. Перовскийдiң орнына келген генерал Обручев әскери министрден Кенесарыға қарсы жүргiзiлетiн соғыс шығыны үшiн он төрт мың сом ақша, оның сыртында үш мың сомды Кенесарының басын әкелу үшiн сұрайды. Мұны естiген I Николай 27 маусым күнi, барлық шығын қазақтар- дан жиналатын салық есебiнен болсын деп әмiр етедi. Кенесарының ақыл- ды қолбасшы екенiн, қойылған талаптарының көпшiлiгi орынды екенiн бәрi жақсы бiлген. Кенесарыны ұстауға көп күш жұмсаған князь Горчаковтың өзi граф В. А. Перовскийге жазған хатында: «Он (Кенесары — Ш. У.) имеет в Киргизских степях столько сподвижников, обольщенных не одною выго- дою легкой поживы, но и мечтою о восстановлении их древней независи- мости», — дейдi. Демек, князь Горчаковтың өзi граф Перовский де, одан қалса патша да Кенесары көтерiлiсiнiң түп мақсаты — азаттық алу екендi- гiн жақсы бiлген. Сондықтан да оны ең қауiптi жау деп қараған.
«Қазақ сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлiгi» деген мақалада «көтерiлiс қолбасшысы басына түскен не сан қиыншылық, күйзелiс, қуғын-сүргiнге қарамай, жауына бет қаратпай дауылдай тиюшi едi, талай тас бөгеттердi талқандады, жiгер күшке, ерлiкке толы болды» делiнген. Мынадай да сөздер бар: «Словом, Кенесары умел быть достойным повелителем своих дру- жин. Духу, которым были одушевлены его шайки (осы жерде «қарақшы» деген сөздi кешiруге болады — Ш. У.) позавидовал бы любой полководец европейских войск, таков был Кенесара! Да, человек этот, вообще говоря, был личностью выдающеюся и нет сомнения, что при других условиях воспитания из него вышел бы недюжинный государственный деятель» (Жоғарыда аталған журнал. 550-б.).
Кенесары хатындағы мына сөздерден не жамандық аңғаруға болады?
«Я буду спокойно жить тогда, когда мои казахи будут заниматься хлебо- пашеством, звериной ловлей и другими мирными занятиями». «Как было бы хорошо, если мы жили бы в дружбе и согласии... Несмотря на закон о не- прикосновенности личной собственности кочевников уездные чиновники не принимают никаких мер к вымогателям, допускают беззакония, грабеж и насилие» (Архив истории КазССР. фонд 92, опись 1, док. 164. — С. 15-16). Дәл осы сөздердiң «Колокол» газетiндегi Герцен айтқан сөздерден қан- дай айырмашылығы бар? Осы жерде қинала да, өкiне де айтарымыз — күнi бүгiнге дейiн Кенесарыны қазақ халқының жауы деп санау. Бұдан артық әдiлетсiздiк болмас. Ал мұның тамыры қайда десек, жаулап алу, отарлан- дыру саясатына барып тiреледi. Ерiксiз Джавахарлал Нерудiң тағы бiр айтқан сөзi еске түседi. Ол: «Злодей в глазах англичан в Индии неред- ко является национальным героем для индейцев, а кого англичане осы- пали почестями и наградами, часто считаются большинством индейцев квислингами и предателями. Это пятно лежит и на потомках». Әдiл сөз! Осы жағдай Кенесарының да басында бар. Бүгiн бiз де он жыл бойы қазақ елiнiң тәуелсiздiгi үшiн орасан теңсiздiк жағдайда қажырлы күрес жүргiзген батырдың атын өзiнiң сыйлы орнына қайтаруымыз керек.
Кезiнде, жиырма жыл қолына қару алып, газауат туы астында Кавказ тау халықтарының ұлт-азаттық қозғалысын басқарған Шамиль тұтқынға түскен кезде император II Александрдың өзi қабылдап, құрмет көрсеткен едi. Шамильдiң мұритi Қажымұраттың ерлiгiн, батырлығын Л. Н. Толстой да сүйсiне жазып, орыс әскерiнiң таулықтардың ауылын қаныпезерлiкпен шапқанын үлкен адамгершiлiк тұрғыдан сөгiп, өте шынайы суреттеген бола- тын.
Бүгiнгi күнi Дағыстан халықтарының тарихында имам Шамильдiң аты алтын әрiппен жазылған.
Ал Кенесары қозғалысы дiни емес едi ғой, ол тәуелсiздiк, азаттық деймiз, ең алдымен, қазақтардың күнкөрiсi үшiн, ата-бабалары мекен еткен жерде адамдық правосынан айырылып қалмауы үшiн күрестi.
Туған халқымздың тарихына әрiден шолу жасағанда байқағанымыз, ата- бабаларымыздың көрмеген қиянаты, тартпаған азабы болмаған. Атамекен жерiнде отырып, «қырғыз-бұратана» халық атанып, әркiмге жем болып, жерiне, суына ие бола алмай күн кешкен «Теңдiк, бостандық, бауырлас- тық» деген ұғымдар елеңдетiп, елтiген, солай ұран тастағандарды қолдап, соңына ерген, жарқын болашаққа үмiт артқан. Ал сол үмiт ақталды ма? Ақтал- са күнi кеше ғана жарым миллион халықтан (аз есеппен алғанның өзiнде) неге айырылып қалдық? Халқымыздың миы, жүрегi болған кемеңгерлердiң, зиялылардың көгенделiп, топ-тобымен өлтiрiлуiн не деймiз? Ұлылар жүз жылда бiр туады десек, ардагер азаматтарынан, асқан талант иелерiнен айырылған халық сондай ұлдарының тууын тағы да жүз жыл күту керек пе?
Күрделi сұрақтың бiрi — «бүгiнгiмiз қалай?» Бұл күнде Көкшетауыңыз Көкшетау емес, «Кокчетав», Бурабайыңыз «Боровое», «Медеу» Медеу емес, «звучное казахское слово Медео» деп мәселе көтерiп, өзiмiзге қарсы дау айтып дүрсе қоя берудi қай заңға сыйғызуға болады?! Айнала жары- лыс, сынақ. ұрпақтан ұрпақты аздырып, тоздыратын радиациялық қауiптi қайтемiз? Аспанда, жер үстiнде, оның астында мыңдаған хиросималықтай бомба жарып, «түк қауiп жоқ» деген имансыз сөзге, көрiнер көзге алдауға қалай сенуге болады?
ХХ ғасырда бiздiң халық тағы да Олжасша айтқанда, «больше потерял, чем получил от жизни...»
«Неизбалованный вниманием, нетребовательный к другим, в трудные для Союза годы, не торгуясь жертвовавший всем своим достоянием и собой — таким я тебя знаю и люблю, мой народ. И требую к себе уважения и вни- мания всего мира, но прежде всего моих сограждан по республике и стра- не» («Казахстанская правда», 22 июня 1990 года). Бұдан жақсы айту қиын, бiздiң де көкiрегiмiзде жүрген ой.
Бiз елi үшiн атқа мiнген, жанын қиған Сырымнан бастап барлық батыр- ларға ескерткiш орнатуымыз керек. Сол ескерткiштiң iшiнде бiр ескерткiш оқшау тұрса деймiн. Ол — 1932–1934 жылы аштықта қырылған, көбiсi көмусiз қалған, аты-жөнi белгiсiз қазақтар ескерткiшi. Бiз өзiмiздi-өзiмiз қадiрлесек, iргелi ел, саналы халықпыз деп санасақ, ұлттық сана-сезiмiмiздiң оянғаны шын болса, жас ұрпаққа тәрбиенi осы атаусыз бейiттiң басына гүл шоғын қоюдан, басымызды сол жерде дәйiм иiп жүруден бастауымыз керек. Адам тағдырын мiсе тұтпай, халықты қойдай қырған жантүршiгерлiк
«эксперименттiң» құрбандары мен туған елiнiң бостандығы, тәуелсiздiгi үшiн күрескен ерлердiң аттарын жүрегiмiзде сақтамай, қадiр тұтпай, өткен- кеткенiн әм болашағын ақылмен болжайтын ойлы, мәдениеттi елдердiң қатарына қосыла алмаймыз.
Әрине, дәл осы мақалада бiз ешбiр жаңалық айтып отырған жоқпыз, бiзден көп бұрын С. Аспандияров, М. Вяткин, Е. Бекмаханов сияқты ға- лымдар Қазақстан тарихын терең зерттеп, оның ой-шұңқырын жерiне жеткiзiп көрсеткен. Кейбiреулерi сол үшiн құрбан да болып кеттi, ендi бiрi таяқ та жедi. Бiздiң тұжырымдарымыз солардың ойларының бiр елесiндей. Тек жариялылық пен қайта құрудың заманында шындықты ашық айтуға мүмкiншiлiк туғанына қуанып, тарихи есiмiздiң жинала бастағанына шү- кiршiлiк етемiз.
Тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнi — жазба тарихымыздың көп бетте- рiне сын көзбен қарап, шындықты алтын қазық етiп алып, қайта жазып шығу — ғалымдар алдындағы азаматтық борыш. Әдiлдiк болашақ үшiн де керек-ақ.
«Қазақ әдебиетi», 24 тамыз, 1990 ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter