24.02.2022
  413


Автор: Тұңғышбай Әл-Тарази

«ӨНЕР БІЗГЕ ЕМЕС, БІЗ – ӨНЕРГЕ ҚЫЗМЕТШІМІЗ…»

(«Алаш айнасы» газеті үшін)


 


1.    Тұңғышбай аға, сіз белгілі актерсіз, режиссерсіз. Бүгінде Театр қайраткерлері одағын басқарып отырсыз. Осы Одақтың мақсат-мүддесі қаншалықты айқын? Сахна қайраткерлеріне, өзіңізге, жалпы, елімізге берері, пайдасы бар ма?

 


– «Қазақстанның Театр қайраткерлері одағын басқарып отыр» дегеніңіз артықтау, өйткені оның басқаратын дәнеңесі де жоқ. Біріншіден, далада отыр, ғимаратынан айрылған, қызметкерлеріне жалақы төлеуге қаражат көзі суалған, бұрындарғы арғы-бергі байланыс, тыныс-тіршілігі тоқталған, тек тұяқ серпер тұсында, одақ ретінде жабылуға шақ қалған тұста маған қарай ысыра салынған соры қалың қоғамдық ұйым ғой. Менікі – өлімші халдегі одақты тәлтіректетіп аяғына тұрғызу. Менің осы күйімді «басқару» деп айтуға бола ма? Болмаса, кезінде Мәртебелі Президентіміздің жеке өз ұйғарымымен Одаққа тегін берілген Желтоқсан көшесіндегі көп қабатты көрікті ғимарат «күн-фаякүн» боп қолды болар ма, тәп-тәуір тірлік жасап, еліміздегі барлық дерлік театрлардың киім-кешегін, жасау-жабдығын пішіндеп-тігіп, оқа-түйме тағып, түгендеп отырған кішігірім тігін фабрикасы ізім-қайым құрдымға кетер ме, біздер бірін


 


біліп, бірін білмейтін нешеме меншіктер, гараждар, көліктер, жер телімдері, егемен болып бөлініп, бәріне еге Мәскеудегі


«үлкен үйден» енші аларда ешнәрсемізге де ие бола алмай, ортақ меншікте болған қыруар үлесіміз түгелімен, іздеушісіз Ресейде қалып қойған демалыс орындары, сауықтыру мекемелері, қойшы, әйтеуір тағы басқалардан, қасқа маңдайдайын қағылып, аузымыз кепердей аңқиып, мақау аңқаулығымыздан маңқиып, әлде миякі ақмақтығымыздан тәңкиіп, азын-аулақ «байлығымыздан» баз кешіп, бірді-екілі барымыздан айрылып қалармыз ба? Одан беріде Жібек жолы көшесінің бойынан бұйырған бұзылған моншаны паналаған Одақ, бес-он жылдай бұйығы өмір кешкен екен. Одақтың Төрағалығынан кеткісі келмей кердеңін аямаған марқұм Әз- ағамызды «әкелеп-көкелеп, зорға ауыстырғанда», орнына қай ауылдың егініне түскені есіне кірмеген, елпеңі есепті, ертеңіне епті бала Еркін Жуасбек «сайланып», жайланғанша, есін жиып есінегенше де бес-алты жылдың қоңыр күзі мен қаһарлы қысы өтті. Бұл тұп-тура енді іздеудің, түгендеудің жөні жоқ дейтін заңнама-кодекстердің баптарына тап келіп, өнбейтін даудың өңін өзгертіп үлгеруіне қажетті мерзім- ді. Еркін бауырымыз есептесер уақыттың кеп қалғаны еске түсе сала есін тез жиып, есепке жүйрік есіктес фирма


«Казинторг» серіктесінің астары мол «ақылымен», «пешат басып, қол қойып», мұралы моншадан модалы ғимаратқа айналып қалған әжептәуір шаңырақты шаш-етектен пайдаға батыратын зәулім сарай салмақ ниеттерімен тас-талқан етіп бұзады, тулақтай да болса меншігінде болған жер телімін серіктесіне «сатады», «ал, давай, бастадық!» деген аттанның қиқуына тап болған ғимаратты, жылан бауыр экскаватордың күрек тісі қирата қопарып бола салысымен дағдарыс деген тап келіп, бұрынғы қаупайлап отырған шаңырақтың орнында енді үңірейген ор қалады. Сонымен бәрі бітеді, «Жарық астау алдындағы» Одақ далада, серіктесі сағада қалады. Әлбетте,


«Казинторгтің» есебі түгел ғой, запастағы қора-жайына жайғасып алып, аңысын аңдығандай, екі жыл бойы құрғақ уәде мен сылдыр сөзге семіртумен келеді. Бастарында не ойы барын бір Алла біледі, әйтеуір Одаққа жаны ашып жарылқағысы келетін көңілшектігі көзге онша көрінбейді- дүр. Басымыздағы «бағымыз» деп алқалаған мәскеушіл


 


ағамыз сол одақты алаңдамай, ауыспай қырық жылдан астам


«басқарып», артына соқпағы нәкүмән із, астары бейпіл сөз қалдырған Әзекең болғанда, әлгі айтқандарымыз сор емей немене?! Соңынан қалған біздерге осылардың қайсысы қымбат, қайсысы өкініш – қайсыбір ісіне қабырғамыз қайысар, қай бір қымбат қылығы бөркімізді аспанға атыртар?! Өзінің жеке ғимараты жоқ, бұрындары меншігінде болған барлық дүние-мүлкі ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп ысырап болған, бюджеттен бір тиынға да қаржыландырылмайтынмемлекеттік емесмекеменің, бүгінде баспанасыз далада қалған Қазақстан Театр қайраткерлері одағының көрген күні қараң. Соған қарамастан, басқаға қол созып сұрамшақтанып, байлардың есігін күзетіп жүріп, «Театр.kz» журналын, тумысында тұңғыш рет көрген театр сценографтарының көрмесін ұйымдастырып, каталог шығарып, тағы да тұңғыш рет жыл сайын, көктемде 27 наурызда – Халықаралық Театр күні берілетін республикалық «Еңлікгүл» атты театр өнерінің кәсіби сыйлығын тағайындадық. Телефондық байланыстарымызға қаражат таппай қиналсақ та, орталық офисі Парижге орналасқан, мүшелігіне 100-ден аса мемлекеттер кіретін І.Т.І мен (Халықаралық Театр Институты), кеше ғана Қытайдың Чунцин қаласында құрылтайы өткен А.Т.А-ға (Азия Театрларының Альянсы) Қазақстанның абыройы үшін толық мүше болуға ниет қылып, байланыс жасадық. Қазақстандай қарқара елімізге, елдің маңдайына біткен, есімі әлемге әйгілі Елбасымызға сүйеніп, Халықаралық Азия театрларының алғашқы фестивалін әсем елордамыз Астанада өткізейік деп те сол жерде айтып қалдық. Әйтсе де екіұдайдамыз, өйткені Мәскеудегі ТМД елдерінің Театр одақтарының Халықаралық Конфедерациясына жетім мүше екеніміз елдің көбіне аян, алайда жылына бір рет төленетін 700 еуро жарнаны төлей алмай, жерге қараймыз. Жоғарыдағы екі бірдей еңселі халықаралық Театр қауымдастығының есіктерін кеудеміз көтеріле аттай алар ма екенбіз деп, есіміз кетіп, есеңгіреп жүргеніміз жасырын емес. Өйткені өзге елдің есінде болғанмен, өз еліміздің тиісті мекемесінің есебінде жоқпыз. Бір білеріміз, Ресейдің Театр қайраткерлері одағының Төрағасы А.Калягиннің қабылдауында болу –


 


В.Путиннің алдын көруден қиын. Сол Ресей елінің Мәдениет министрлігі театр туралы жасайтын қаулы-қарарларын, оң өзгерістерін қайраткерлер одағының ұсыныс-тілектеріне сүйеніп жасаймыз дегенді әжептәуір әңгіме қылғанын құлағымызбен естідік. Облыстық театрларымыздың жай- күйін жақсарту мақсатымен біз сөйлескен әкімдердің барлығы да дерлік бұрындары ҚР Мәдениет және Әлеуметтік қорғау, еңбек министрліктерімен ұсыныс-хат алмасылып,


«ақылдасылып» жасалып қойған қасаң қаулы-шешімдерді сол министрліктердің құзырлы құжаттары арқылы жасаймыз, енді оны өзгерте алмаймыз деп бас шайқайды. Ресей театрлары болса, қойылымға керекті оқа-түймелерді сатып алуға міндеттелген мемлекеттік тапсырыс деген тасбауыр қаржыгерлердің шығарған ойсыз қаулысынан, өздерінің театр қайраткерлері одағының табандап қойған талап-тілектеріне оң   құлақтарын   қойғаннан   құтылды деп естідік. Ал, біз әлі күнге балет бишілерін 63-ке дейін көн біткен тізесін сыздата сырқыратқанға мәзбіз. Айтсақ сөзіміз өтпейді, ұсынсақ қолымыз жетпейді. Парламентке барған, айтады-ау деп үкілеген өнерпаздарымыз ертесінде- ақ үні шықпайтын мұңсыз майрампаз боп шыға келетіні өкінішті. Төл министрлігіміз анда-санда өткізіп тұратын коллегия-жиылыстардың біріне де Театр қайраткерлер одағы шақырылмайтыны, тіпті қаперінде болмайтыны өкінішті; облыс орталықтарындағы театрлардың әлеуметтік һәм шығармашылдық хал-жағдайынан әжептәуір хабары бар, олардың мұң-мұқтажын, талап-тілектерін, өре-қарымын білетін бірден-бір қоғамдық ұйымның жанашыр даусының құлаққа ілінбейтіні өкінішті; шалалау өтетін жыл сайынғы театр фестивалін бірігіп қолға алайық, әр аймақтардағы театрлардың басын қосып, форумдар өткізіп, мастер- кластар жасайық; актер, режиссер, суретші, жарықшы, тіпті жас драматургтерді жинап алып, алыс-жақын елдердегі сол өнердің озық үлгілерімен сусындататын, үйренетін әрекеттер жасайық деген ықыласты талпынысымыздың да еске алынып еленбейтіні өкінішті; сол арқылы сахналық қойылымдарымыздың көркемдік өресін көтеруге мұрындық болсақ деген ізгі бастамаларымыз бен ниеттерімізге қолдау сұраған қаншама өтініш, хат-хабарларымыз ұшты-күйлі


 


жауапсыз, немесе «бұл жылдыққа қаражат қарастырылмаған» деген салқын сөзбен шектеліп, шеттетіліп қала беретіні өкінішті.


 


2.    Бір кездерде «Шығармашылық одақтардың күні өтті» деген де пікірлер болған еді. Сіз бұған қалай қарайсыз? Сондай-ақ қазіргі таңда Театр қайраткерлері одағына лайықты балама бар ма?

 


Жоқ, болмайды да. Өйткені мәдениетті шенеуніктер басқарады, қаржыны солар береді, сондықтан театр әлеуметтік һәм қаржылық астауға үңілгендіктен, министрлікке мүдделі. Яғни шығармашылдық еркіндігі жоқ. Ал, мәдениет деген ұғым – басқарылатын мекеме емес, жасалынатын өлшем. Министрлік театрға бөлген қаржысын қайда жұмсағанын ғана сұрақтың астына алады, алайда не қойдың, қалай қойдың, кім, қалай ойнады, өре мен қарым деңгейі, басқару әдісі нендей күйде, онымен шаруасы болмайды, оған уақыты да, «аурудың» атын атай алатын батылдығы да, ақ-қараны, шикі-шаланы ажырата білетін маманы да жоқ. Ал, сіз аузыңызға алып отырған


«одақтардың күні өтті» деген салқын сөздің астары өте қауіпті, өйткені өнердің өре-қарымы мен таразы-талғамы басты уайым-қайғысы есептелетін шығармашылық одақтар өлсе, суреткерлік те өлетін шығар. Керісінше, «ойбай, өлдім» десең де қара су татырмайтын, қасаң уақыт, нарық заманы кезінде арашаға жарар, зарыңды жеткізер, сөзіңді сөйлер жалғыз осы шығармашылық одақтар емес пе? Жан-дүниеңе, жүрегіңе компьютермен «сыр айтып, саяхат» жасайтын сызы суық кезеңге бой алдырсақ, адам атаулы трансформерлерге айналудың аз-ақ алдында екендігімізді мойындағанымыз жөн. Олай болған күнде шығармашылық одақтың қажеті жоқ, суреткерлік деген сәулелі өлшем де көзден бұл-бұл ұшады. «Аватар» атты компьютердің білегімен жасалған техноөнер көзіңе жас келтіргенмен, өтірік екені есіңнен шықпайды емес пе? Ар жағында адамның араласқаны сезіліп тұрмай ма? Бәрібір Адам жүрегі мен қиялынсыз ең жоғарғы технологиялық қондырғы өз патшалығын құра алмайды. Шын өнер білекпен тумайды, жүректен туады. Білекпен,


 


тапсырыспен «туған» картиналар мен спектакльдер қансыз- сөлсіз, жансыз-мұңсыз болып, қытайдың алюкобонды сияқты аз күндік арзан мүлікке айналатынына еш күмән келтірмеңіз.


 


3.         Сіздің     ойыңызша,    театрдың    бүгінгі    қазақ қоғамындағы орны қандай? Проблемасы неде?

 


Қазақстан театрларындағы 5000-ға жетіп жығылатын актерлер мен қызметкерлерінің азапты еңбегі шындығында елеусіз екені сіздің осы сұрағыңыздың төркінінен туындап отыр. Азапты еңбегі елеусіз дегенім, республикамызда 51 мемлекеттік, 10-ға таяу жекеменшік театр ұжымдары бар бар. Санаңызшы, алпыс театр күнде кешке халық алдына шығып, спектакльдер қояды, орта есеппен әр кеш сайын 300 көрерменге өнер көрсетеді делік. Жыл он екі айдың 60 күнін алып тастасақ, бір ғана театр ұжымы жылына 90.000 адамды сахнадан көрсетілетін сәнді әлемімен қауыштырады екен. Ал алпыс театр жылына шамамен 5.400.000 көрермен жинайды. Бұл – есеп білген кісіге елімізді құрайтын халықтың үштен біріне жетіп жығылады. «Естіген мың сөзден – бір көз көрген артық» деген, оқылған – бір бөлек, айтылған бір бөлек, ал көзбен көргеннің әсері әсіресе ерек екенін екінің бірі біледі емес пе. Театрды тәрбие орны деп есептемегенде, еліміздегі үш адамның бірі қасиетті сахнадан айтылатын қаншама игілік, нешеме тазалық, эстетикалық ләззат, пайымды парасат, патриотты насихат, ұлттық иба мен әдеп, тәрлі тағлым, табиялы талғаммен қауышады екен. Жадымыздағы жоғымызды түгендеп, жоғалтуларымызды табуға тырысып жүрген, есте жоқ ескі заманды елестетіп, сағыныштың сал шекпенін желбегей жамылдыратын тарихи тақырыптарды былай қойғанда, жеткен жетістіктеріміз бен заманауи сұрақтарға қадерінше жауап іздеп, бірде тауып, бірде таппай аласұрып тұшынып, елжіреген елжандылық қасиеттерін арттырып, Елбасымыздың ардақты арманы мен ол кісінің алдымызға қойып жүрген асқақты мақсат-мүдделеріне өнер тілімен үлес қосқан қойылымдарды көрген көрерменнің көңлі өсіп, қажыр-қайраты молая, еліміздің ертеңіне сенімі еселене түсерін еске салғанымыз артық болмас. Ал


 


сол театрдың актер-азапкерлерінің бір базарға жетпейтін жалақысын бұлдап, міндетсінгенін көрдіңіз бе, мемлекеттің қисапсыз ақшасын судай сапырып, оңды-солды «жаратып жасаған» күлдібадам дүниесін көлденең тартып көкірек қағатын киношы әріптестерін күндегенін көрдіңіз бе? Жоқ, театр артистері салиқалы сабырмен, басқан ізі білінбес тектілігімен телегей өнері мен еңсегей елі үшін есептеспей еңбектеніп жүрген «кедей жомарттар». «Бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде». Бұл жерде біз театр әлеміндегі шаш етектен асып жығылатын шығармашылдық проблемалардың бәрін көлденең тартып отырғамыз жоқ, бер жағын ғана сөз еттік, ол бөлек әрі ұзақ әңгіме.


 


4.   Осыдан біраз жыл бұрын театрларымыз жаппай тарихи тақырыптарға ойысып кетіп еді. Қазір керісінше, жеңіл-желпі қойылымдар, ән-бимен, мюзиклмен әрленген жартылай шоу дүниелер көбірек орын алып жүр. Осының сыры неде? Талғам ауысты ма, әлде талап өзгерді ме? Қазақ театрының өсуіне немесе өшуіне осы жаңалықтың ықпал-әсері қаншалықты?

 



  • Талғам ауысқан жоқ, биіктеді, ал талап деген ұшты- күйлі жоғалған. Бұл алашапқындық – кеңестік идеологияның үрдісімен келе  жатқан   театрларды   басқару   жүйесі, яғни Көркемдік жетекші, Бас режиссер деген қызмет- лауазымдардың кесірінен тиянақ таппай, тапырақтауынан туындап жатқан адасулар. Бұлар, жанашырлықпен тереңірек ойлағанда, шығармашылық ұжымның шынайы өнер жасауына үлкен кедергі келтіреді. Дәлеліміз – көп жылғы шығармашылдық тәжірибемізден түйілген, ол – төмендегідей: әдетте, бұл лауазымдарға режиссерлер тағайындалады да, театрдағы эстетикалық, репертуарлық, ерікті актерлік ойын мен құлашты режиссураның дамуына адуынды тосқауыл қойылады, түптеп келгенде бүкіл бір театр сол режиссер- бастықтың жеке амбициясы мен әлжуаз өре-қарымының құрбаны болып қала береді. Себебі, олар тек өз қалауы бойынша репертуар таңдайды, азды-көпті парасаты мен білім парасына сай арзан, белсіз тақырыптарды арқау еткен пьеса авторларымен жұмыс жасап, өздеріне ұнаған актерлерге


 


ғана рольдер мен атақтар «бұйырып», талап-талғамы мен шығармашылдық мүмкіндіктері әрқалай өнер иелерін әділетті басқаруға қолдары қысқалық етеді. Ұжымдағы өзінен кейінгі және бағынышты кезекші режиссерге репертуар таңдау, еркімен роль бөлу, болашақ қойылымның қалып- деңгейі мен өзіндік ерекше шешіммен емін жұмыс істеуіне мейлінше құлықсыз болғандықтан да барынша аяқтарына тұсау болып бағады. Болмаса, әртүрлі жанрда жұмыс істеу бар да, тисе терекке, тимесе бұтаққа ұрыну бар. Немесе, көрерменнің көңлін табам деп шалбар шешу, орынсыз ырбаң, маңқа қызарғанша қорсылдап жылауға итеретін мезі маелодрамаға бой ұру бар. Театрда тек тарихи драма, трагедия, мюзикл, классика ғана қойылсын деген қағида жоқ. Бір ғана талап бар, ол – биік өлшем, суреткерлік өре, көркемдік құдірет. Ал бұлар, кешіріңіз, қалпақпен ұрып алатын жер жорғалаған бөдене емес, талант деген құзар биіктік! Ол биіктік – Жоғарыдан, Жаратушыдан келетін икемнің ғана еншісі! «Қазақ десең, өзіңе тиеді», кеше ғана опера театрынан


«Анна Каренина» балетін көрдім, қоюшы режиссері мен суретшісі – өзге ұлттың өкілдері. Не деген үйлесімділік пен келісім! Не деген тазалық, не деген биік суреткерлік! Жаңалық та мол, бұрынғы таптаурын ізді, қалыптасқан қалыпты бұзудағы батылдық та асып төгіледі! Алайда сол ықылым замандардан бері келе жатқан үрдісті сүрлеу сынды болған балет заңдылықтарын талқан етіп бұзып-жарған қиғаш, оғаш көрінетін қисынсыздықтардан үрікпейсің де, іш тартып жиырылмайсың да! Ішімді қызғаныштың қызыл иті тырнағанда, жанымды қоярға жер таппадым. Жүрміз ғой, режисерміз, суретшіміз деп, кеуделеріміз аяққаптай болып! Неге біз, әлгілердей өнер жасай алмаймыз! Бір білетінім – бізде жеткен жетістікке тоқмейілсу басым, мазасыздық аз, білім мен талғам деген жарықтықтар да қайта қарауды, толықтыруды қажет еткеніне қай заман. Тағы бір білетінім, өнер деген құдіретке жеңіл-желпі қараймыз, біз өзімізді өнерден биік санаймыз! Театрды, бекзат өнерді галош қып киіп алғанбыз! Өзімізді өнерге емес, өнерді өзімізге қызметші қылып алған әпербақанбыз!


 


5.   «Қай жағынан алғанда да театр көрерменнен бір қадам алда жүруі керек» деген ойды сіз үнемі айтып жүресіз. Ал дәл қазіргі жағдайда солай болып отыр деп айта аламыз ба? Және оған не себеп?

 



  • Көбіне алда да емес, соңда да емес, айдалада лағып жүргендер жетіп артылады. Жылаңқы тақырып, әсіреңкі актерлік ойын, сахнада көркем дүние емес, пьесасымақтың уақиғасын алабажақ киім киіп алып, әдеби композиция етіп, ортаға шығып оқып беретін орта мектептегі лекция сабағын елестететін театр қайбір мәренің алдына түспек? Көрерменге ақыл айтуға құмар драмаделдердің, түсініксіз бидай-былдырық сахналаған сайын өзін өзгешемін деп сандалатын режиссерлердің, қырық жылғы сүрлеумен сүмірейіп ойнап жүрген актерлердің тасы өрде тұрғаны үрейіңді ұшырады. Бір қызығы, осыларды көруге пәтігі шыдайтын, қабылдайтын көрермен барда, өзіңді өгіз тентек сезінесің. Демек, біз ұлт ретінде осындай өтірік өнерге ғана татимыз, шамасы, өзімізге керегі осы болса керек. Әуезов пен Мүсірепов театрларының анда-сандағы тәуір-ау деген қойылымдары жалпы қазақ театрының жоғын түгендей алмайтыны ақиқат қой. Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау облыстық, Астанадағы жастар театрының кейбір қалыбы бөлек, эстетикасы ерекше ізденістерін қоғамымыздың талғам тауанына тым баяу қабылданатыны да жасырын емес. «Тамашаны» оңашада ұрсамыз, «Бауыржан-шоуды» жерден алып жерге саламыз, алайда солардың концерті болғанда Республика сарайының залын кемерінен асырып толтырып отырамыз. Қазақпыз деп көкірек қағамыз, алайда Алла Пугачеваға алты мың долларға таласып билет сатып алуға сараңданбаймыз да, қазақ театрының билеті алты жүз теңгеге өссе, аттан саламыз! Не деуге болады?! Орысша жазғанда, артист деген латын сөзін бұзбай жазамыз да, ал қазақ газеттері келісіп алғандай, түгелдей «әртіс» деп жазып, кекетеміз. Әлбетте, түк жоқ деп, ауызды қу шөппен сүрткенім қатігездік болар, бірді-екілі таза өнер жасап жүрген актер-режиссерлеріміз, театрларымыз, қалыбы бөлек қойылымдарымыз да жоқ емес бар, алайда олар оң көздің немесе «алдыңғы» шептің тізімінде емес, өзгеше ойлайтын


 


«біртүрлі қиялилар» қатарында. Жалпы өзіміз өнердегі өзге түрге, тосын жаңалыққа, ескі қалыпты бұзуға, түреннен жол салуға үркектеу екенімізді мойындайтын шығармыз дейін десем, бұған да ұяттымыз.


 


6. Бізде кейбір спектакльдер 10-15, тіпті 20 жыл бойы сахнадан түспейді. Мейлі, олар жақсы да шығар, бірақ

«Бес бойдаққа – бір той» мен «Мәңгілік бала бейнені»,


«Ең әдемі келіншек» пен «Бөлтірік бөрік астынданы» немесе тағы басқаларын соншама жыл бойы қайталау беруге қандай қажеттілік бар?! Осы тенденцияға сіз қалай қарайсыз? Мұны өзгерту мүмкін бе?

 



  • Бұл проблеманың екі түрлі «есебі» бар. Біріншісі – көрерменнің азаймаған ықыласы, яғни әлі де бұл қойылымдарға халықтың сұранысы бар деген сөз. Екіншісі – жаңа қойылымдардың белсіздігі мен қызықсыздығы, ескілердің орнын басып, немесе асып түсіп жататындарының тапшылығы. Сонан соң, біздің театрлар – репертуарлық үрдістегі өнер ұжымдары. Бір ғана қойылыммен бірнеше жыл бойы «күнін көретін, нәпақасын теретін» шетел театрлары бар, алайда олар сол бір ғана қойылымымен төрткүл дүниені аралап, «қаңғырып» жүреді, яғни қаңғыбас жеке театрлар. Қазағымыз БАҚ беттерінде


«әртіс» деп кекететін, алтыншы сортты адамға санайтын, атқа жеңіл – телпекбайға балайтын өнерпаздарын ел ақтатып қаңғыртып қоймас деген үміттеміз, есек дәмеліміз. Олай болған күнде, қазақ театрын орнынан тұрмастай етіп өлтіріп аламыз, біздің менталитет пен тобырлық мәдениет оған әзірге дайын да емес. Тап осы тұста да Одақтың ортаға тастар «одасы» керек, қанындағы қағын емес, астындағы тағын ойлайтын шенеуніктерге бәрібір, олар «ақылды» бастарын ауыртпай артист қауымнан аулақ жүруге құлықты. Ол қара күнді тудырмас үшін, әлбетте репертуар мәселесіне, режиссерлік қарым мен актерлік шеберлікке, спектакльдердің көркемдік құнына, эстетикалық өресіне басты назар аударған ақыл.


 


7.    Біреу білер, біреу білмес, бірақ Әуезов театрына өзіңіз басшылық еткен тұста әр алуан эксперименттер жасалып,көркемдікшешімітың,формасытосын,жаңаша талғамдағы көптеген спектакльдер қойылып еді. Және олар, негізінен, Болат Атабаев пен Қайрат Сүгірбековтің сахналауында шыққан. Өкінішке  қарай, «Абылай  хан»,

«Қабыл – Адам Ата перзенті», «Тоғышардың тойы»,


«Абай десем...», «Үкілі Ыбырай», «Кебенек киген арулар»,

«Алатау сынды алыбым», «Құбыжық», «Шолпанның күнәсі», «Ғашықтық дерті»,   «Дүние-думан»,   сонан соң   «Абылайдың   ақырғы   күндері»,   өзіңіз   сахналаған


«Турандот ханшайым» сияқты көрерменге кезінде айшықты ой салып, ұнаған спектакльдердің бірі де бүгін сахнада жоқ. Сондай жақсы дүниелерді біржолата лақтырып тастамай, ара-тұра болса да шығарып тұруға Одақ тарапынан ықпал етуге болмас па еді?

 


–«Әуезовтеатрынасізбасшылықеткентұста»дегентіркесті қоспай қойыңызшы сұрағыңызды, өйткені ол ұмытылған, санадан сызылған. Ондай уақыт болмағандай; 1993-2001 жылдары Әуезов театры өмір сүрмегендей; ешқандай жақсылық болмағандай; ол жылдары театрға көрермен келуі сап тыйлып, залдары бос тұрғандай; он жыл бойы ешбір қалаға гастрольдік сапар ұйымдастырылмағандай; жылына жаңадан он бір спектакль қойылмағандай; Шотландияға (Англия) Эдинбург фестиваліне үш жыл қатарынан шақыру алмағандай; қырық сегіз пәтерге, алты жатақханаға қол жеткізілмегендей; Құман Тастанбеков, Гүлжан Әспетова, Шайза Ахметова, Әнуар Боранбаев, Әшірәлі Кенжеев, Тілектес Мейрамов – халық артисі; Мәнуара Абдуллина, Баян Имашева, Салиха Қожақова, Шәмшәгүл Меңдиярова, Уайыс Сұлтанғазин, Төлеубек Аралбаев, Жұмагүл Мейрамова, Нұрзада Тәшімовалар еңбек сіңірген артист атағын менің кезімде емес, тоқсаныншы жылдың басында, не екі мың біріншінің соңында алғандай; өкімет бір тиын қаражат бөлмесе де, он алты жыл бойы сылақ көрмей шіріп, казарма сынды «қоршауда» тұрған театр ғимараты үкіметтік жоспарда атымен жоқ қаражатқа ағымдық жөндеуден өтпегендей; ұжым мүшелері айлап-жылдап жалақы ала алмай қор болып,


 


аш-жалаңаш жүргендей; халықпен жұмыс істеудің жаңаша түрі «Көрермен» агенттігі құрылмағандай; ине мен түймеге көк тиын бөлінбей «жылап ішіп, шыңғырып дәретке берып» жүрсек те, жыл сайын 27-наурызда өтетін «Театр көктемі» атты Әуезов театрының өз фестивалін «Пушкин тіріліп келіп» жасағандай; Болат Атабаев, Қайрат Сүгірбеков өздері аспаннан түсіп, ғайыптан тайғандай суреткерлік сарайлары ашылып, атақ-даңқтары жайылғандай; жоғарыда сіз санамалап отырған спектакльдер театрдың сахнасында емес, көрерменнің түсінде болғандай… Театрларда сондай, кезінде болған жеңіс пен жанкешті істі «көзапара ұмыту», еңбегіңді еш қылып құмда ізін, сайда санын қалдырмау, барды жоққа, жоқты зорға балау үрдістері әбден қанға сіңген, амал қанша… Жаңа басшылық келісімен, жаңа ма, ескі ме – өз талғамы мен білгенін «тыққыштайтыны» жөн бе, емес пе, арасын айырып беретін ешкім жоқ. Бәлкім ол да дұрыс шығар, менікі ғана дұрыс дейтін даңғойлықтан құтылудың бір жолы осы болуы бек мүмкін… Мәмбетов – Мадиевскийдің, Гольдблаттың, Мажурин мен Утегановтың; Обаев – Байсеркеновтің, Сүгірбеков пен Атабаевтың; Теменов – Сейітметовтің, Мен Дон Уктың, Жақыпбаевтың қойылымдарын «тарихқа жіберіп-тазалап» отыратын басшылық-командалық «әдет» қыр соңымыздан қалмайды, ал қайтесіңдер! «Ұнамайды» оларыңыз, ал не қыласыңдар!!! Басқа бастық келді, басқа көже пісірілді, басқа қасық таратылды, табақ пен талғам өзгерді! Көнсең де осы, көнбесең де солай болады! Көжеге таласуға ұят, ал талғамға талас жоқ деген!!! Ақ етек ишан болмай- ақ қояйын, мен туралы жазылған ұзын сонар табалау мен қаралауға құлақ қойсам, өзім де солай болған шығармын деп қалам! Одақтың осындайларға «оларың не» деген одыраңы көбейе бастағанда, айтқанын іске алғысыз етіп, абыройынан айырған, өлімші халге түсірген сол «ағалардан» қалған


«кеп» болатын. Сонымен, бүгінде «әй дейтін әже, қой дейтін қожа» жоқ. Әйтпесе Одақ – кейбір «өзім білемдіктері» өркен жайғандарға айылын тартқызуға шамасы мен шарқы, парқы мен батылдығы жететін жалғыз мемлекеттік емес мекеме. Министрлігіміз мұндайда үнсіз, театрларда мүлгіген болса да, тыныштық болса – болды. Оқасы жоқ, бәрін орнына


 


келтіреміз, қирағанды жөндегенбіз, құлағанға талай сүйеу болғанбыз, «қапқа тары салғанбыз»…


 


8.       Осы орайда туындайтын бір сұрақ, біздегі сахнагерлер қауымының режиссерлерді бағалау, мойындау, қадіріне жету мәдениеті қай деңгейде? Ол мейлі, марқұм Қайрат Сүгірбеков болсын, мейлі Жанат Хаджиев немесе Нұрқанат Жақыпбаев, болмаса Әубәкір Рахимов болсын, қай-қайсысының да талап-талғамын, қабілет-қарымын, парасатын өз деңгейінде қабылдап, орнымен пайдалана алдық па?

 



  • Бәленің бәрі режиссерлерді театрларға бастық қоюдан басталған. Ол шіркіндерге билік тізгінін берген күннен бастап, суреткерлік ауылдан ауа жайлайтынын өздері де сезбей қалады. Режиссер деген – мамандық емес, суреткерлік қалып. Ол өз қойылымының ғана «бастығы», театрдың емес. Марқұм Қайрат Сүгірбеков Талдықорған театрының басшылығынан азар да безер болып, ақыры қашып кетіп, зорға құтылған болатын, алайда өмірі қысқа болды, амал не.


«Бас режиссері жоқ театр бола ма» деп өзеурейтін көпірмелер бар. Режиссерге «бас» деген тіркесті қосқаннан оның таланты тасып кетпейді, ол тіркесті қоспағаннан таңы айрылмайды! Бүгіндері біраз театр сол «бассыз-ақ» өмір сүріп келеді. Бастықтың өзі режиссер-қоюшы болғандықтан, қандай да бір тәуірлеу режиссерлік жұмыстың өзінен асып кетпеуіне бар «күшін» салатыны, тіпті «көз қылып» сырттан режиссер шақырса да өресі өзінен төмен әріптесін таңдайтыны аян. Рольдер де бастықтың төңірегіне жандайшаптанып жиналған онша жүйрік емес актерлерге тиеді де, орташа спектакльдер, қызықсыз рольдер пайда болады. Құрамдағы бас режиссерге немесе көркемдік жетекшіге бағынышты режиссердің суреткерлік еркіндігі аяқасты болып, құқығына қол сұғылу бүгіндері барлық театрларда әдетке айналып кеткен. Бәрімізге белгілі, баспасөз беттерінде де министрліктің дәліздерінде де гу-гу әңгіме болған, кейбір театрлардағы айтыс-тартыстардың төркіні осы басқару тәсілінің ескіргендігінен болып отырғанын мойындауымыз керек.    Мысалы,    Ж.Аймауытов    атындағы    Павлодар


 


облыстық қазақ театрындағы шығармашылдық ұжымның


90 пайызы, аты әжептәуір мәшһүр режиссер Ерсайын Тәпеновтің басқару стиліне, суреткерлік қарымының бірқалыптылығына, ұжымға жаңа леп, соны үрдіс, өзгеше режиссерлік қалып әкелудегі енжарлығына қарсы шығып, көтеріліс жасады десе де болады. Ал, Тәпенов мырза ұжым мүшелерінің шығармашылдық аштықтан туындаған талап- тілектерін түсінгісі келмей тәрк етіп, шамшылдық мінезіне салып, өзі арыз жазып, театрдын кетуге мәжбүр болған. Ал, Аймауытов театры «өлген» жоқ, қал-қадарынша өмір сүріп жатыр. Мұндай жағдай Республикалық Қ.Қожамияров атындағы ұйғыр театрында да болғанынан хабардармыз. Бәлкім, басқа театрларда да осы мәселе ушығып тұрғаны хақ, көбінің үндемей тыныш жатуы – ол театрдағы шығармашылдық ахуалдың жоғарғы деңгейде екендігінің көрінісі емес, керісінше «күл болмасаң, бұл бол» дейтін, немкеттілік,   немесе   қазақи   момындықтан   туындайтын


«неғыламыз, бір мәнісі болар» деген есек дәме, я болмаса,


«айттың не, айтпадың не – бәрібір оңып жатқан дүние жоқ» дейтін пессимистік пиғыл жайлағанын неге жасырамыз? Театрлардағы мүлгіген тыныштықтан қорқу керек, тіпті содан сақтанған дұрыс шығар. Ал нағыз, ізденгіш шығармашыл ұжым шулап, дуылдап, жығылып-тұрып, биіктеп, аспандап, арғы-бергі фестивальдар мен бәйге-жарыстарға қосылып, шапқылап жатуға керек-ті. Қайсыбір қазақстандық театрдың алыс-жақын шетелдік жарыстарға қатысып, жүлде алмаса да бүлдеге іліккенін көрдіңіздер? Тек 1999 жылдан екі-үш жыл қатарынан М.Әуезов театрының Уфа қаласындағы


«Туғанлық» фестивалінде бас жүлде алған «Қабыл – Адам Ата перзенті» қойылымын Шотландияның (Англия) Эдинбург фестиваліне үш мәртебе шақыруына сол кездегі мәдениет министрлігі нәйеті алты-жеті адамның Англияға баруына керекті жол қаражатын көтеріп, қолдап-қолпаштау былай тұрсын, ол оқиғаны құлағына да ілмеген болатын. Ол кезде ол театрда көркемдік жетекші деген лауазым болмаған, әр режиссер өз қойылымының ғана көркемдік жетекшісі ретінде жауап беріп, оған ешкім я басшылық, я ақылшылық етпеген-ді… Сондықтан да, ең маңыздысы – театр режиссерлерін әлеуметтік жағынан қорғау керек, яғни


 


авторлармен жұмыс жасауда, тақырып таңдауда, көркемдік өресі өзге, әрі ерекше спектакль қоюда шығармашылық еркіндігінен айырмай, өзінің қойылымының авторы ретінде бағалап, тиісті жалақысынан бөлек қаламақы төлеуді заңдастырған абзал. Сонда оның шығармашылдық құқығы қорғалып, суреткерлік ынтасы ұлғая түседі. Бір театрда кем дегенде 3-4 тең құқылы режиссер контрактімен жұмыс істеуі тиіс. Олар бір-бірімен шығармашылық бәйгеге түскендей әсерде болып, қайткенде де жоғарғы деңгейдегі қойылым қоюға тырысатыны белгілі. Театрдың актерлік труппасы да осы режиссерлердің ниеттес, мұраттас, бір мақсат пен талғам биігіндегі актерлерінен тұратын болады. Ұжым балластан арылады, бос селтеңбайлық, орынсыз міндетсіну де сап тиылады. Бұл талаптарға сай келе алмайтын актерлер, амал жоқ басқа театрдан орын, не өзіне теңдес, өнер жасауда ұғыныса алатын режиссер іздегені абзал. Ал театрдың аға актерлері үшін Төраға арнайы қаражат іздеп, олар үшін пьеса жаздырып, режиссер таңдап, шығармашылық қажеттіліктерін өтеп тұруды назарында ұстағаны жөн.


Суреткерлік құқығы аз, өзінің таңдау еркіндігі жоқ, автор мен режиссерге тәуелді мамандықтың иесі актерлерге деген көзқарасты да түбегейлі өзгерткен жөн. Бүгінде актерге бәрі қожа, есік көзіндегі вахтердан бастап, етектегі есепші, құзіреттегі режиссер, оның көмекшісі, труппа бастығы, өрт сөндіруші, тігінші, етікшіден төбедегі дөкей бастыққа дейін актерге қожаңдап, қол шошайтатыны жасырын емес. Ал театрдың негізгі еңбекқоры, режиссердің ой-қиялының дұрысы мен бұрысының орындаушысы, оның көрермен алдындағы ұяткері мен жауапкері – бәрі-бәрі Актер! Яғни театрдың негізі – АКТЕР! Сөйткен азапкер актер айына отыз роль ойнаса да алатыны бір жалақы. Он емес-ау, анда- санда бір-екі рольді зорға орындайтын маңғаз актердің де алатыны сол бір жалақы. Әділет қайда сонда, еңбегіңе қарай көретін зейнетің қайда? Сондықтан актерлерге еңбекақы төлеу үрдісін түбегейлі өзгерту керек, орысша айтқанда стимул болу керек, яғни жалақы мөлшері еңбегіне, оның сапасы мен психологиялық салмағына сай бағаланып тағайындалуын заңдастыруды қашан қолға аламыз? Яғни қойылымның көркемдік жүгін көтеріп тұратын басты


 


немесе негізгі роль атқардың ба, оның орындаушы авторы ретінде тиісті гонорар, немесе сол қызметіңе лайықты жалақы ал. Кішігірім эпизодтық рольдерге жегілдің бе, театрдың ағымдағы репертуарының көбінен боссың ба, онда тұрақты белгіленген еңбекақыға риза бол. Бұл жерде кезінде, ертеректе жасаған еңбегіңіз үшін берілген атақ- даңқтың буын ортаға салудың жөні жоқ. Қазіргі еңбегіңіздің сапасы мен нарқы қандай? Айына отыз роль ойнайтын, театрдың негізгі шығармашылық жүгін көтеріп жүрген жас актердің жазығы қайсы? Яғни театрдағы жалақы төлеудің ит жылғы ескі түрі, бәрін бірдей теңгермешілдікке таңған атамзаманғы әділетсіздіктің тамырына балта шабатын уақыт әлдеқашан жетті! Бұл мәселе де қайта қарауды күткеніне сан жылдар өтті. Еңбекақы мен оны тағайындайтын тиісті министрліктердің бұл мәселеге келгенде құлағы бітелгеніне жарты ғасыр болып қалды, алайда солардың есігінің алдында отыратын хатшы қызы халық сыйлайтын сүйікті актерден он есе артық айлығы бар екеніне мен еш шүбә келтірмеймін.


 


9.     Былайынша, театр өмір сүріп жатыр. Жаңа премьералар өтуде. Бірақ бәрібір тақырыбы жөнінен де, режиссерлік шешімдері тұрғысынан да ерекше құбылыс дерліктей дүниелер кемде-кем сияқты. Сонда театр дағдарды ма әлде көрермен ретінде біз кейін қалдық па? Жалпы, театр, оның репертуары, жаңа премьералар туралы ашық, ащы әңгімелер неге айтылмайды?

 



  • Өйткені «тәттіге» құмармыз, жауырды жаба тоқимыз, шетімізден жалпақ шешейміз! Айтқыштарға – «апасныйлар, скандалистер» деген айдар тағып, жұртқа жексұрын, әлемге әйкәпір жасауға мәстірміз! «Шантрапалар! Драмаделдер! Қисық аяқ мегежіндер, бездарщиналар!» деп, ақырып атой салатын Асқар Тоқпановжоқ! Шала Шекспирлердің, толмаған Толстойлардың, ығай-сығай мырқымбайлардың, «сам ызнайыт сәрсенбайлардың», қали-ғали қыртымбайлардың дәурені, салған сайраны – бұл заман! Ашық айту үшін


«жабық» жүрмеу керек, бүксімеу, бықсымау керек! Көзсіз батырлықтың да қажеті шамалы, тек бетсіз кісәпірлік ауа


 


жайылмаса болды. Өтірікті мақтамау, шындықты даттамау – міне осы қасиет қашпаса ғана «арқадан киік аумайды»!


 


10. Дәл қазіргі уақытта өзіңізді ерекше мазалайтын не нәрсе? Қандай датыңыз бар?

 



  • Датыңды тыңдайтын құлақтың кереңдігі мазалайды! Батпандап кірген сырқаттың тереңдігі мен мысқалдап шығар баяулығы жаныңды ауыртады. Ұлтжандылықтың суып бара жатқаны, ойыншыққа айналған өнердің шынайы суреткерлікті қуып бара жатқаны, кісәпірліктің өрлеп, кісіліктік күйіп бара жатқаны, дүбәраның би, дүдәмалдың пұл болғаны мазалайды!!! Ағалар ақсақал бола алмай, қазына қариялыққа жете алмай, қазымыр шалдық деген арзан жағада қалбалақтап қалғандары алаңдатады!!! Алайда, үмітсіз – шайтан деген. Бұл кезең де өтеді! «Базарбайдың Төлеген, бұдан да өтіп жөнеген!»


Сұбхатты жүргізген


Роза Қараева




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу