24.02.2022
  422


Автор: Тұңғышбай Әл-Тарази

«ШАЙНАЙ-ШАЙНАЙ, ШЫНТАҒЫМ ҚЫЗЫЛ АЛА ҚАН...»

«Жұлдыздар отбасы» журналына берілген сұхбат


 


1.  Аға, уақытым жоқ дегеніңізге көнбей, алпысқа келді деп алқы-мыңыздан ала түсіп, телефонмен сұхбат алып едік. Сол күнгі соңы бітпей, шолақтау болып қалған сұхбатымызды жалғастырсақ деп едім...

 



  • Ақыры, алқымнан ала түскеннен кейін, «алпыс» деп атын атап, түсін түстемей-ақ қойсаңыз да болар еді... Мен


 


бұл сөзді, жасымды өтірік жасырмақ болып, қыздарша қылымсығаннан емес, алпыстағы адамның алқымынан алдым деген, қазақы тәрбие-ұғымға келіңкіремейтін кедірлеу көрінген сөзіңізге араша түсіп жатқан түрім ғой... Алғашқы сұхбатымыз шолақ болса, шолақ болсын, тек олақ болмаса игі... Әйтпесе, алпысқа келдіңіз деп қадап айтқаныңызға қарағанда, бұл жаста олақ көрінгеннен гөрі, аз айтып, саз шығатын шолақ шыққаны-мыз оңды шығар... Оның үстіне кестелеп сөйлеп кесімді ой тастағанмен, келісіп-құлап, оған тоқтап, сөздің парқын біліп жатқан жамағат та жоқтың қасы десем, ауызды қу шөппен сүрткен болмаспын...


 


2. «Сақал бітті деп, ақыл айтудан аулақпын» депсіз бір сөзіңізде. Дегенмен, алпысқа келіп айтары болмағаннан жаман ештеңе жоқ шығар, аға?

 



  • Рас, сақал ешкіге де бітеді. Сақалды сәндікке қойып алып, семіз сөйлеп, арық шығып жатқанша, бір елі ауызға екі елі қақпақ та керек кейде... Мұхтар Шахановша шегелесек,


«сақал-шашын күнге ағартқан қарттар бар, жасы жүзге келгенмен». Масқара болып, солардың қатарынан көрініп қалмайын деген сақтық қой менікі. Айтары жоқ, айқайы көп алпыстардан да кенде қазақ емеспіз – ол шындық. Сорақы- сы – ол шындықтың өліммен барабар екенін ұқпайтындар да бар, амал не, қазақ десең өзіңе тиеді.


 


3.   «Адам алпысқа толғанда қайтадан сәбилік кезең басталады» дейді екен жапондықтар...

 



  • Жапондықтарда неміз бар, өзімізді оңдырып алайық та, әуелі... «Алпысқа келгеннен ақыл сұра» деген біздің бабаларымыз. Алпысқа келгендердің бәрінің ақылы тасып бара жатқаннан айтылмаған шығар бұл астарлы сөз... Шамасы, тыңдар құлақ болғаны жөн деп тұр-ау... Алпысқа келуін-келіп алып, айналаңда аға деп сыйлайтын адамның болмай қалғаны қорлық қой. Өнегең ұялы, аузың дуалы болмаған соң, «әй, қойшы сол осырақ шалды» деп тіліп айтатын ділі қатты інілер бар. Қазақтың алпыстағыларына сәбилік емес, сақилық жарасқан...


 


4.         Тұңғышбай аға, өзіңіз айтпақшы, шыбын жаныңыздың шырылы болып шыққан «Наз» деп аталатын кітабыңызы оқып, «шынымен мынау Тұңғышбай ағаның өмір жолдары ма?» деп таң қалғанмын. Әсіресе, атаңыз бен әжеңіздің сізге деген махаббаты есімде қатты сақталып қалыпты. Бәрінен бұрын кітаптың атауы қызықтырды мені...

 



  • Оқысаң – оқығаныңа рахмет, тоқысаң – тоқығаныңа құлдық. Бірақ таң қалдым дегенің көңілге күмән ұялатады...  Ойдан    құрастырылған    шығар    деген шайтан ойыңның қылаң беруі мүмкін ғой... Шіркін-ай, адам өмірін ойдан құрастыра алса ғой... Шындығым да сол, шырылым да сонда. Сені таң қалдырған «әртістер да жаза білуші ме еді» деген ойпаңнан келген ойдың өскіні ғой. Есейіңкіреген кезде, көкіректің көзі, жүректің сөзімен жазылған соң, мемуардан гөрі көркем шығармаға көбірек ұқсаңқырап кеткен болар. Көкейкесті мақсат біреуді таң қал-дыру, өтірік қосып ерекше көріну емес-тін, алдыңдағы ақ қағазбен мұңдасу еді. Жазушы болам деп емес, жаза баспай ой бөліссем деген бәдәуи күйден туған тірлік қой.


«Наз» деген атында да гәп бар, кітаптың онша көп емес бетінің бәрін оқып шыққан адамға ғана білінетін одыраңы көп ортама, кедірі мен кежірі мол кезеңіме, тісі мен тізесі батқан аға ұрпаққа деген өкпеге бергісіз інілік наз бар... Ал атам мен әжеме деген махаббатым мен үйірсектігімді үшбу жазбамда онша ұқсата алмадым деп ойлаймын, ойбо-ой, олар бұ дүниеге қайта келмес пірәдарлар еді ғой...


 


5.     Кітабыңыздың біссімілләсін «Еркектің қоры – күлегеш, қатынның қары – күлегеш» деп бастапсыз. Неге бұлай бастадыңыз?

 



  • «Қазақ деген бір ел бар атқа мінген, Жұлдыздар мен жел тілін жатқа білген» деп кестеленетін әнім бар, ақын досым Ұлықбек Есдәулетовтің өлеңімен жазылған. Өзінен сөзі ұзын қазақпыз, артистерді адам қатарына қоспайтын, кезіге қалсаң, «Тамашаңдағыдай» бір күлдірші-ей» деп қақсайтын.


 


Солардың теріс пиғылына тамызған тотияйын, қыңыр тіліне қадаған тікенім ғой. Ал, қорлық пен қарлықтың не нәрсе екенін ұғатын балаға ұқсайсың ғой, таратып айтпай- ақ қояйын. Ойнасақ та ойлап сөйлейтін, күлсек те кермек көңілді ұмытпайтын елміз ғой. Менікі «жуас түйе – жүндеуге жақсы» деген жөнсіз момындықтан, дарақпайлықтан алыс жүрейік деген арман ғой баяғы...


 


6.    Жақында өзіңіз кірпішін қаласқан «Тамашаның» тізгінін қолға алдыңыз. «Тамашаның» сахнасында нендей өзгерістер болуда?

 



  • Өзгерістер әзірге жоқ, алайда өзгерейік деген «соғыс» жүріп жатыр. Қашан бітері, кімдердің жеңері белгісіз. Менікі қолға алу емес, қолғабыс болу. Жекенің меншігіндегі желкенге қалай ық боларсың? Бастысы, бөстекі былапытқа тосқауыл, әдепсіз әзілге арқан керіліп жатыр. Аңқау елге арамза молда болмай, милы мысқыл мен ақылды әжуаның аулын іздеп жүрміз. Өзгеше порым мен ерекше қалыптың да қосына қонақтаған да – біліктілік.


 


7.      Тұңғышбай аға, үлкеннің үлкендігі шашының ағымен немесе жүзіндегі әжімімен өлшенбесе керек?! Сіз елдің баласы қызыға қарап, еліктейтіндей дарабоз өнер шеберісіз. Алайда бүкіл ғұмыры сахнада өткен Жаманқұлов үшін осы биікке жету оңай болмаған шығар?

 



  • Саналы ғұмырым сахнада ғана өткен жоқ, оның сыртын- да да өмір бар. Екеуі екі жарылған сәттен бастап, суреткерлік деген өлшем өледі. Сахна – керауыз қазағымның қағытып айтатынындай, «демалатын», ойнайтын орын емес. Киелі, кепиетті, қасиетті қағба. Онда «ойнауға» болмайды, шын- дау керек! Көрерменге көріну үшін емес, өнерді басқарып отырған шенеунікке жағыну үшін емес, көпке танылу үшін де емес. Арылу үшін! Биіктік деген асқарды сағыну үшін! Тереңдік деген тұныққа табыну үшін! Шындық деген жоққа сарылу үшін! Тазалық деген тәпсірге бағыну үшін! Мен осы күйікке айналған биіктіктерге жетпекші болып жүрген


 


шермендемін! «Оңайың» не, қарағым-ау, айтып тұрған?! Со- нан соң, «үмітсіз – шайтан» деген, өмірім өтті деп өкінішке ұрынарым жоқ, алда армандар көп!


 


8.  Қадыр Мырза Әли ағамыз, бізге берген сұхбатында

«Тоқ баладан жазушы шықпайды» деген болатын. Ал, Сіз қандай бала боп өстіңіз?


 



  • Шешем мені туғанда қалжа жеген, құнан қойдың сорпасын ішкен. Өзім де әжем Баршагүлдің омырауынан сүт шығарғам, алайда уызға жарымағаннан емес. Шешемнің тұла бойы тұңғышымын, сүтсіз қалар жөнім жоқ. Ақын- жазушылар мен суретші-актерлердің киер киім мен ішер асқа аш болуы міндет емес, олай болған жағдайда отаны мен қоғамына, әлпештей алмаған мемлекетіне сын. Ауызы аққа тимегеннен атпал азамат тууы екіталай. Қадыр ағаның айтып отырғаны – рухани аштық. Суреткер – бірі кем дүниенің орнын толтырмақ боп әлекке түсіп жүрген әпенді. Алланың назары түскен, өзге өлшемдегі адам.


9. Адам баласының бойында қандай да бір ұшқын жарқ ете қалса, оның бастауын туған жердің топырағынан, өскен ортасының өнегесінен іздеп жатады. Ендеше Сізді Тұңғышбай атандырған қай топырақ?

 



  • Тектұрмас Әулие тербетіп тұрған Тараз топырағы. Оңтүстіктің ордалы елі. Ата тегімнен бері тепкілеп тұрған ұлтжандылық пен бауырмалдық. Атам – Жаманқұл-шешен, әжем Баршагүл пірәдар, соғыста қан көрген әкем Қадыр, атам мен әжемнің бар қасиеттері мен өсиеттерін бойына сіңірген шешем Гүлхара. Өзімнен кейінгі үш інім, жеті қарындасым. Өскен ортам Мойынты-Шу, Қаратау-Жаңатас темір жол телімдерінің бойы. Араласқан ауыл-аймақ, бота-тайлақ, құрбы-құрдас, жасы мен жасамысы аралас көрші-қолаң, ағайын-жұрт. Сонан соң, осы қарашаңырақ – М.Әуезов театры, барымен де, базарымен де. Артығымен де, кемімен де. Осында жүріп Өнер атты құдіретпен қауыштым, қауқылдастым. Өстім, өндім, биіктеп-тереңдедім, құладым- тұрдым, оқыдым-тоқыдым, жүрегім жарылардай қуандым,


 


көкірегім қарс айрылып жыладым! Саязды кештім, тереңге баттым, кеңістік пен тұңғиыққа құлаш ұрдым.


 


10.Сіз сан саланың ішінен «Өнер» атты жауапкершілігі атан түйеге жүк артқандай, өзіңіз айтпақшы «күлкісінен күрсінісі көп» кәсіпті таңдадыңыз. Бұл әлем Сізді несімен қызықтырды?

 



  • Біріншіден, таңдағаным – кәсіп емес, нәсіп. Актер, режиссер, суреткер деген шығармашылдық; – мамандыққа жатпайды. Бұл әлем – мамандық емес, өмірлік ұстаным. Кісілік. Парық. Қадам. Осы критерийлер Тұлғалық деген ұғымға алып барады. Осылардың бәрі менде бар деп күпірлікке бармаймын, тап осыны түсінетіндей Алла Тағала санама аз-мұз сәуле дарытқанына шүкір. Алайда, мақсат осы. Осыған жетсем деген жетек бар. Рас, күрсінісі көп. Өз бойыңдағы кеміктермен күресу, төңірегіңдегі арзандармен алысу, ұлтыңның таражға түскен тағдыры мен тарихына деген қайғы. Өзің өзегіңмен сүйген, ең таза әлем деп келген, бүкіл өміріңді арнаған, қадір тұтып, қасиет іздеген өнеріңнің кепиетінен айрылып, кем бағаланған, атқа жеңіл- телпекбай күй кешуі. Алдыңдағы ағаның ардың-гүрдіңі мен кейіндегі ініңнің салдыр-гүлдірі санаңа сарыуайым егеді. Атам айтушы еді, «ақмақтың аты арып, тоны тозбайды». Осыдан кейін өзіңіз де ойлап көріңіз, сіз айтқандай «кәсіп» пе бұл, мен айтқандай күрсінісі көп емес пе, қай жерінде күлкі бар?


 


11. Аға, актер деген кім өзі?

 



  • Адамдарға ессіз ғашық азапкер. Ұлтын есепсіз сүйген ұлан. Кезең мен қоғамының мұңын арқалаған шерменде.


 


12.«Отырардың күйреуі» фильміндегі Қайырхан роліңіз өте сәтті шықты. Шебер сомдадыңыз. Қайырхан болып мұңға батып, Қайырхан болып күңірену, шегіне жеткізе шерлену Сізге қиын соққан жоқ па?

 


Жоқ. Ұлтымның өткеніне өлерменмін. Сол киноға түсіп жүрген кездерде жеті ғасырдың астынан айқай салып тұрған Қайырханның даусын естіп тұрғандай күй кешкем. Мен өзімді өткен заман мен бүгіннің арасындағы өткел сынды сезінемін. Кейде осы мақсат үшін актер болған шығармын деп те ойлаймын. Қайсыбір тоғышар қазаққа қияли көрінем деп әсте қорықпаймын. Жалпы, күшеніп өнер жасауға болмайды. Шын өнер дүниеге оңай келуі керек, толғағы да жаныңды ауыртпағаны жақсы. Көрерменге жағынып та жанталасудың, жанығудың қажеті жоқ. Сыйласа – сый кісімін, сыйламаса – бір кісімін. Патша көңілдері білсін. Тек актерлік шеберліктің өзге, соны тәсілін іздеп, бұрынғы сүрлеулеріме түсіп кетпейін деп әлекке түсіп, азаптанғаным рас. «Сардар» фильмінде де сондай күй кештім.


 


13.  Бақытты адам деп өмірде жолы болған, кәсібінен бақыт тапқан, жүрегі тыныш адамды айтатын шығармыз. Ал, Сіз үшін бақыттың өлшемі қандай?

 



  • Бақ – соқыр. Кім көрінгеннің иығына қона салады. Иығыңа бақыт құсы қонғанын ұғыну да бақыт. Үркітіп алмау – даналық. Құдай кещеліктен сақтасын! Бақытта басқалай өлшем боларын менен гөрі ақылдылар айтатын шығар. Мен жер басып аман, күннің көзін көріп сау, адамдар арасында сәләмат жүргенімді бақыт деп санаймын. Басқасы өз қолымда.


 


14.      Жалпы, өлеңнен, өнерден бақытын тапқан жандардың көпшілігі өмірден бақытын таба алмай жатады. Кезі келгенде кесек-кесек сөйлейтін ағалар осы сұрақтың аясына келгенде кібіртіктеп қалады. Бұл шығармашылық адамдарының тым талапшыл болғаны ма, әлде аса сезімталдығынан ба?

 



  • Екеуінен де. Өнер мен өлеңнен тапқан бақытты азсыну – пендешілік болар. Ол – Алланың дарытқан қасиеті, түсірген назары. Тәубешіл болған дұрыс. Өмірдегі бақытты өнердегі


 


бақыттан бөле-жара қарау, екеуін екі бөлек әлемнен іздеу де алаңғасарлық. Бақыт деген бір-ақ ұғым емес пе? Ал анда жолым болғанмен, мұнда болмады деген нәрсе – мазасыздық, тынымсыздық. Бұл да өмірге ғашық ететін құдіретті күш, бақытқа талпындыратын серпіліс, ол тек адам баласына ғана біткен қасиет. Бақытқа адам тойған ба, алайда қанағат деген ұғым бар. Бірі кем дүниенің қай кемтігін толтырарсың?


 


15.  Қазақтың басынан аштық та, тоқтық та өтті. Талай тарихқа арқау болған халықпыз. Сіздіңше қазақ деген қандай ел?

 



  • Құдайдың ең шебер жаратқан құбылысы. Алла Тағала қазақты жақсы көреді, еркелетеді. Байқайсыз ба, қапа болғанда сол Құдайдың өзін жерден алып-жерге салатын қазақтан басқа халық бар ма? Бірін бірі шұқылап жүрсін деп қазақтың қолына таяқ ұстатып қойғаны да бекер емес сияқты. Қызығына қарап отыру үшін әдейі істегендей. Өзің айтқандай қазақтың қара басы қайда соғылмады?! Жұбан ағаша сілтесек, мың өліп, мың тірілген! Менің атам Жаманқұлдың тілімен тіліп сөйлесек, тамырына нешеме балта шабылған. Алайда, бір Алланың әмірімен халық ретінде құрып кетпей, өз алдына мемлекет болып, төрткүл дүниені жайлаған сан мыңдаған ұлттардай өз жерінде өмір сүріп, ұрпағын өсіріп, өркениетті мемлекетін құрып жатыр. Тілі де, діні де бар. Ақын-жазушылары, артистері, театры мен киносы, «Жұлдыз» деген де, «Жұлдыздар отбасы» деген жорналы да бар.


 


16.Аға, мен сіздің сөз мәйегін ағыза, шебер сөйлегеніңізге қарап таңқаламын. Сөз қадірін білесіз. Актер емес, жазушы болып кетуіңіз мүмкін бе еді?

 


– Қарағым, маған таң қала бердің ғой. «Хабар» агенттігінен


«Таң қалмаңыз» деген хабарды жиі-жиі қарап тұрсайшы. Олар ештеңеге таң қалмауды үйрететін көрінеді... Сөз қадірін білгеннің бәріне жазушы болу міндет емес. Жазғанды оқи


 


білген, оны өзің сияқты тоқи білген де бекзаттық. Есте жоқ ескі замандардағы Қараменде бидің шерлене айтарындай


«сөз ем болудан кетіп, ауыздан шыққан жел есебінде болған заманынан» сақтасын... Жоқ, жазушы бола алмас едім. Актер болмасам, инженерлік оқуымды тәмамдап, әуелі бір трестің бастығы, кейіндері әртүрлі деңгейдегі әкім бола алмай қалсам да, олигарх болар едім, оның түк те қиындығы жоқ екен, бетіңді тіліп жіберсе, қан шықпастай қара бастың қамын күйттесең болды...


 


17.     Барлық нәрсенің өлшемі абырой емес, ақшаға тірелген мына аласапыран заманға қарап отырып, қандай ой түйесіз?

 



  • Ой емес, мұң түйемін... Алайда, қай заманда да солай болған. Шығыстың жеті жұлдызының бірі, Әлішер Науаидайын алыпты Бас Уәзірлікке тағайындаған падишах Хұсейін Байқараның заманында да ақша адамгершіліктің алдына шыққан...


 


18.     «Көбіне рахметтің орнына шапалақ жеймін» дегеніңізге қарағанда көп қиянат көргенсіз-ау деймін...

 



  • Көргем, көріп те жүрмін, көре беретін шығармын... Бірінде білімнен тапсам, бірінде тілімнен табамын... Бәріне өзім кінәлімін, шыннан емес, судан тұратын сұхбат беріп, тек жүрсем – тоқ жүрер едім, домаланып көп жүрер едім... Пешенеме солай жазылған шығар...


 


19.  Абайша айтқанда, Алла азаматты махаббатпен бірге жарат-қан. Өміріңізге шуақ төгіп, көңіліңізге жастық сыйлаған естен кетпестей, жүректен өшпестей махаббатыңыз болды ма?

 



  • Неге болмасын, ол – өз мұңым, өз бақытым...


20.        Жарыңыз Дәрия өзіңіздің шәкіртіңіз. Жас алшақтықтарыңыз да біршама. Дариядай сұлумен өміріңіздің қосақтасуы тағдырдан ба, талғамнан ба?

 


 


 


де.


 


– Өз сұрағыңа өзің жауап беретінің жақсы екен... Екеуінен


 


22.  Аға, ұлыдан ұлы туа бермесі анық. Десек те, сіздің

 


Адам жанының құпиясының кілті әркімнің қолында болса, өмір қызық болмас еді...


 


26. Жаман мен жақсыны ажырата білу – даналықтың белгісі дейді ғой. Сіздіңше жаман адам мен жақсы адам

 


жолыңызды қуған перзенттеріңіз бар ма?


 


– Жоқ. Болмаса екен де деймін, өйткені аса балажанмын. Мен көрген қорлық пен әділетсіздіктің дәмін ұрпағымның татпағанын қалаймын...


 


23.      Артысып-тартысып жүріп, алпысқа келдіңіз Қарттықтың аулына сапар шегуге дайынсыз ба?

 


– Дайын болсаң да, болмасаң да ол жарықтық қыр соңыңнан қалмайды... Осыны ұққанның өзі дайындық шығар... Қазына шалдық бұйырмай, қазымырлыққа тап болам ба деген қорқыныштың бары рас. Алайда, Алланың жазған, маңдайыма бұйыртқан тағдырына ризамын.


 


24.   Аға, тіршілік бар жерде кінә бар. Кінәсіз пенде болмайтын шығар. Дегенмен өз қателігін ауыздықтай білу де – ердің ісі. Біліп-білмей шалыс басқан кезіңіз болды ма?

 


– Неге болмасын, болды. Адамдар арасында, жер бетінде жүргем жоқ па? Екі аяқты пендемін, түсінбеген, түсініспеген тұстар көп. Шайнай-шайнай шынтағым қызыл-ала қан...


 


25.   Аға, мен де өзім туралы көп білгім келеді. Бірақ соның тәсілін білмей-ақ қойдым. Сіз ше, өзіңізді толық зерттеген жансыз ба?

 



  • Адамның басы – Алланың добы, ал жаны – сол аспандағы Құдірет қана ұғатын тылсым. Құранда «Күн – фаякүн» деген тіркес бар, құпиясын бір Алла ғана білетін. Өзің зерттеп біле алмай жүрген жаныңды өзге қайдан білсін.


 


деген кім?

 



  • Жаман мен жақсы басқа. Жаман адам мен жақсы адам деген бір басқа. Екі дүниедегі жақсы мен жаманды біліп, тануға болар. Ал, адамдардың жаманы жоқ. Өйткені ол – Аллаһ-Тағаланың ең талантты көркем «шығармасы», сүйіп жаратқан пендесі. Тек өзара түсініспеушілік бар. Бәрін бүлдіретін осы.


 


27. Өнердің ұсақталып бара жатқан бүгінгі заманында сахнақұдіреті мен актертұлғасынсақтапқалғанөзіңіздей ағалардың барына қуанасың. Бірақ, мәңгілік ештеңе жоқ қой. Үміт артып, «біздің орнымызды ойсыратпайды-ау» дейтіндей, іні-қарындастарыңыз бар ма?

 



  • Аллаға шүкір, бар. Қазіргі жастардың, кісілігі былай тұрсын, пірлі дастарханға бата да жасай алмайтын алдыңғы толқын ағалардан еректігі мен айырмашылығы бірден көзге ұрады. Заманның қатігездене, қасқырлана түскеніне қарамастан, бұлар тобашыл, мұсылманшылығы таза. Жұма намазға баратындары, ораза ұстайтындары көп. Діндар болып кетпегенмен, бір құдіретке табыну – бөлек қасиет. Жалпы, ұққанға – дін мен өнердің егіз тұстары жетерлік. Ұқпағанға дауа жоқ.


 


28.  Аға, қарапайым адамдар өнер адамдарын төбесіне көтеріп, қастерлеп жатады. Бірақ, сол ағалардың жанына жолай қалсаң, бірін-бірі жерден алып, жерге сала бастайды. Өкінішке орай, мәнді сұхбат орнына күңкіл сөз естіп қайтасың. Неге бұлай?


  • Апырмай, менікі қалай боп шықты екен?! Ол – кезінде тамыры-мызға шабылған кеңестік балтаның іздерінің сырқырауынан ғой... Дегенмен, әр кезеңнің жұқтырған әр


 


түрлі мерезі бар. Оған күйзелме, қарағым, кешірімді бол. Атам қазақ айтпаушы ма еді, «молданың айтқанын істе, істегенін істеме» деп. Қайсыбір ағаларыңның пендешілігі мен қарадүрсіндігін, арзандығын көріп қалсаң, көзіңді жұма сал, «бес саусақ бірдей еместі» түсінетін ақылың бар сияқты ғой... «Қайсыбірін айтайын, шандыр бетім тартайын» деген екен бір кейуана шешеміз, өзге халықтың өнерпаздарының өздері жайлы да, тұстас әріптестері жайлы да білікті де бауырмал ой таратқандарын естіп те біліп, көріп те жүріп, менің де ішімде қызғаныштың қызыл иті қыңсылайды, амал не...


 


29. Аға, спортпен шұғылданасыз ба?

 



  • Жүгірумен. Нан табам деп... Нанға жағып жейтін май табам деп...


 


30. Өмірлік ұстанымыңыз?

 



  • Адалдық.


 


31.Автокөлігіңізді өзіңіз жүргізесіз бе, әлде жүргізушіңіз бар ма?

 



  • Өзім.


 


32.  Сырт көзге сұсты көрінесіз. Түр-түсіңіз кинодағы

«хандарға» ұқсайды. Көптен дара көрінесіз. Кімге тартқансыз?


 



  • Кинодағы болса да шүкір... Әкеме тартқам. Шешем солай туған.


 


33. Тілегіңіз?

 



  • Елім, тілім, ділім, дінім аман болса екен.


 


Жылым – тышқан. Жұлдызым – таразы. Сусыным


 



  • айран. Тағамым – қазақтікі. Актерім – Әнуар Молдабеков. Әншім –  Жұбаныш,   оның   «Ауылым» әні... Спортшым – Марат Мәзімбаев.   Ақыным   – Ғалым Жайлыбай, Маралтай Ыбырай, Аманхан Әлім. Жазушым – Асқар Сүлейменов, Әбіш Кекілбай, Қалихан Ысқақ, Әкім Тарази, Несіпбек Дәутайұлы. Автокөлігім – Джип. Сыйлығым – Роза гүлі. Иіссуым – DOLCE & Қызық уақиғам көп. Естен кетпес шағым – балалық. Әзіл әңгімем – атамдікі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу