23.02.2022
  341


Автор: Өріс Яшүкірқызы

Ине мен Жіп

 


Бір күні Жіп Инеге өкпеледі.



  • Сен ылғи да менің алдымда жүресің. Сен қай жерден өтсең, мен сол жерден өтуге мәжібүрмін. Бұлқынсамда қоймайсың. Өзің өткен жерден мені өткізуге тырысасың. Тіпті мақалға да іліктік. “Ине өткен жерден жіп өтпей не қылар дейсің?” деген.

Біткен істің бәрінде сенің атың әйтеуір бірінші жүреді. Менің осы бас еркіндігімді берші. Өзімше тіршілік жасайын. Сенің жолыңсыз да Өзім жол таба алатындығымды, кәдеге жарайтындығымды дәлелдейін, -деп жыламсырады.



  • Ой, Жіп-ай, көңіліңе алмайтынды алған екенсің. Екеуміз қаншама істерді атқарып келдік. Енді орта жолдан бөлінгің келсе, өзің біл. Жарайды, ендігі жолды сен баста. Мен көндім,-деп келісімін берді Ине.

Жіп бір күн тұрды. Екі күн тұрды. Құшақ-құшақ қанша маталар тігілмей қарап олар да тұрып қалды. Жіп долданды:


-Мына - кенеп. Мына - Шұға. Мына – Масаты маталар. Бұлардың бәрі маған қас-дұшпан. Бұлар мені еркін өткізбейді, әдейі. Мен дәкеден өтемін,-


 


деп жұп-жұқа дәкеден бас сұғып көрді. Дәкеден де өте алмай қалды. Жіп алда, Ине артында. Ине шыдамдылық танытып үндемеді. Бастап көрсін деді. Ақыры дәкеден де өте алмай, тігістің жолын бастай алмаған Жіп:



  • Кешір, - деді ол Инеге қарап, жолды сен-ақ бастай берші. Мен соңыңда-ақ жүрейін.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу