Өлеңдер ✍️

  23.02.2022
  180


Автор: Абдрахман Асылбек

Қыз сағынышы

Әнін жазған Владимир Питерцев

Әке, мені наздана көркем еттің,
Әке, мені аз ғана еркелеттің.
Сағым қуған сапарға аттандың ба?
Неге сонша біздерден ерте кеттің?

Қайырмасы:
Сағындым ғой, әкетай, сағындым ғой,
Қарай-қарай жолыңа сабылдым ғой.
Келесің бе, әкетай, өбесің бе?
Санай-санай күндерден жаңылдым ғой.

Көрмегелі өзіңді айлар өтті,
Басымыздан неше бір жайлар өтті.
Неге тездеп біздерге оралмайсың?
Қайрылмастай қашықтап қайда кеттің?

Қайырмасы.

Айтшы, әке, біздерді кім аяды?
Қайтсе көңіл кірбіңі тыңаяды?
Жанарынан көремін жаутаңдаған,
Сені ойлап мамам да мұңаяды.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу