Өлеңдер ✍️

  23.02.2022
  189


Автор: Абдрахман Асылбек

Достар-ай

Әнін жазған Дүйсенхан Сыздықов

Достар-ай, думанды бала күнгі,
Бір-бірін бағалаған.
Түріп ап етек-жең, балағыңды,
Гүл бағын аралаған.
Достар-ай, бір ойнап, бірге жүрген,
Бір үйдің баласындай.
Кіршіксіз көктемгі күндей күлген,
Көздің ақ, қарасындай.

Қайырмасы:
Жаны жарқын достар,
Таңы алтын достар,
Шырқап салған әнді бірге.
Қыдырсақ та қайда,
Отырсақ та тойда,
Болайықшы мәңгі бірге.

Достарсыз өмірдің мәні бар ма?
Достықпен жарасамыз,
Достарсыз көңілдің сәні бар ма?
Достықпен тамашамыз.
Достарым, кәнеки, ән салайық,
Жолдайық сәлем ізгі.
Әр таңды шаттана қарсы алайық,
Тыңдасын әлем бізді.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу