Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.02.2022
138
Ерке қыздар-ай
Әнін жазған Дүйсенхан Сыздықов
Бағымбысың бақыт сыйлаған?
Әнімбісің шалқып жырлаған?
Қайта-қайта қараймын,
Сымбатыңа, арайлым,
Еліктердей ерке қыздар-ай!
Өздеріңді күнде көремін,
Қырда өскен гүлге теңедім.
Қарай қалсам, қарағым,
Жалт етеді жанарың,
Еліктердей ерке қыздар-ай!
Қайырмасы:
Еркем, ғашығым да сен,
Еркем, асылым да сен,
Еркем, өздеріңе арналады
Арман әні.
Жаным, ғашығым болдың,
Бағым, асылым болдың,
Әнім – ерке қыздар-ай!
Бұрымдарың көркем көрінген,
Бұлақтардай ерке өрілген.
Күлкілерің сиқырлы,
Қылықтарың сүйкімді,
Еліктердей ерке қыздар-ай!
Өздеріңсің сәні өмірдің,
Өздеріңсің әні көңілдің.
Көктем келер сендермен,
Махаббатқа дем берген,
Еліктердей ерке қыздар-ай!
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter