Әңгімелер ✍️

Слишком давит ету
Мектеп директоры таңертең барлық мұғалімдерді шақырып алды.
- Түгел жиналдыңдар ма? Баршабаева қайда? Төбесі көрінбейді ғой..
- Қазір келеді ол, майын, сүтін, қаймағын арқалап. Бүгін одан сатып алатын күн ғой,- дейді көптің ішінен біреуі.
- Так, ол Баршабаеваға оқушы жіберіңдер. Алып келмесін бүгін. ОблОно-дан кәкраз тексеру келейін деп жатыр бізге. Қандай вопроспен екенін айтпады. Сендердің ана сатып жүргендерің бар емес пе. Барлығының көздерін тездетіп құртыңдар!
Сөйткенше болған жоқ терлеп-тепшіп, артынып-тартынып, бастауыш кластың мұғалімі Баршабаева жетті. Қасында ала дорбаны көтерген бесінші кластағы баласы бар.
- Баршабаева, мұның не? Қазір бізге тексеру келейін деп жатқанда.. Бүгін біз сүт пен қаймақты қоя тұрамыз. Құрт көзін қазір. Балаңды қайтар үйіңе.. Директор зырқылдап берді. Баршабаева сасар емес. Терін маңдайымен сүртіп бола бере:
- Қисынкүл Жолтабаровна, ақыры алып келдім ғой, алсын да мына мұғалімдер. Өзіңіз де, қаймаққа заказ беріп едіңіз ғой. Үйде жалғыз ағарғанннан басқа ешнәрсе қалмады. Айлықты боса да кеш береміз деп жатырсыздар. Сіздің заттарыңызды ата-аналарға үнемі алдырып жатырмын ғой... Бүгін мынаның ақшасына бір сорпалық ет алдырайын деп едім...
- ТуҺ, неменеге ендеше былжырап кеш келдің. Қазір ОблОно-дан кісілер келіп қалса не істейміз. Базар-вокзал болып отырамыз ба түге. Жүріңдер, ендеше тез, көзден таса 5 “а” класына барайық.
Мұғалімдер аталған класқа шұбырды. Баршабаева ала дорбадағы бөтелке-бөтелке сүттері мен банкі-банкі қаймақты тез арада алам дегендеріне бөліп, тиын-тебендерін санап, қалтаға салып жатты.
- Баршабаева, сенің 4-ші класыңдағы 5 бала менің импортный шампунымның ақшасын берген жоқ. Ата-аналарына айтып па едің, арасы ұзап барады ғой, неше күн болды, - деді сосын директор.
- Қисынкүл Жолтабаровна, бірінші күні алғызамын, олардан. Әке-
шешелері ақша жоқ деп жылап отырған. Үйде шампун деген толып жатыр, директордікі деген соң, енді амал жоқ алдық, ақшасын береміз ғой,- деп. Балалардан берсе, сразым Сізге жеткіземін ғой...
Баршабаевадан сүт-қаймағын алған мұғалімдер әрқайсысы өз кластарына келді. Тарих пәнінен сабақ беретін Сәнімгүл Шегебаева мектеп оқушыларына сатып жүрген әдемі иіс суын қағаз жәшікке жасырды.
Математика пәнінің мұғалімі Мәмпәси Мылтықбаева сәбилерге арналған памперстер мен ойыншықтарды сумкасына салып, інісінен үйіне қарай зытырды.
“Мен де жұрттан қалам ба, мектептегі мұғалімдердің бәрі сатуға шыққанда деп, төсек қап сатуды қолға алған химия пәнінің мұғалімі Зердегүл Шәмшиева үлкен қапшығын бір оқушыдан үйіне арқалатып жіберді.
Мектептің қай пәннен болса да сабақ беретін басқа мұғалімдері бұл күні өз тауарларын сырт көзден таса қыла тұруға алғашқы 45 минуттарын қиып, енді сабақты бастауға кірісті.
Бүгін 9 “а” класында мектеп директоры Қисынкүл Жолтабаровна физикадан сабағын беруге келді. Оқушылар бәрі орындарынан түре келді.
-Отырыңдар!- деді директор- әдеттегідей қатқыл үнмен. Түгелсіңдер
ме?
- Алғырбекова жоқ..
- Оған не боп қапты. Бүгін ОблОно-дан комиссия келеміз,- деп жатыр
еді. Ашық сабаққа кіреміз десе, Алғырбековадан басқаларыңның қауашақтарың белгілі. Сол қыздан сұрайтын.. Кім біледі Алғырбекова неге келмегенін. Түстікбаева сен подруга болып жүр едің ғой. Айтты ма саған, неге келе алмайтынын. Ауырып қалды дейтіндей, ол қыз здоровая бәріңнен.
- Апай, Алғырбекова Сізге бүгін ақша беретін күн екен ғой...
- Қайдағы ақша, не айтып тұрсың сен Түстікбаева, не ақша?
- Өткенде бәрімізге класс жетекшіміз Тұрсын апай сіздің шампуныңызды сатты ғой импортный. Тұрсын апай Алғырбековаға 2 шампунды алғызған. Сол 2 мың теңге екен ғой.. Соған үйлерінде ақша жоқ екен. Бүгін ақшаны класс жетекшімізге беретін күн. Алғырбекованың мамасы жұмыс істемейді. Папасы ақша алмапты. “Мектепке қалай барамын, егер апай ақша сұраса қайтемін” деп бүгін келмеймін деген.
- А, сол ақша ма, е... Қалай шампун сендерге ұнады ма? Балалар шу етті..
- Ұнады, иісі бар екен әдемі.
- Сендер қаланың баласынан кем емессіңдер. Сондай шампунмен жуып тұру керек шаштарыңды. Ауыл деген мынау шаң-тозаң. Күнде жуыңдар. Шампунды аямаңдар.. Таусылса тағы да жеткізіледі. Осылардың бәрі де сендердің қамдарың үшін.. Бұл класқа 20 шампун беріліп еді.. Журналымды қарайыншы... Директор класс журналының ішінен тағы бір журналды шығарып қарай бастайды. Балалар күтіп отырады.
- Ия, міне, 9 а класына 20 шампун алғанын класс жетекшілерің қол қойыпты. Ақшасы... ақшасы.. бүгін нешінші числа?
- 14 сәуір..
- Ия.. 14 сәуірде маған берілуі тиіс деппін мұнда.. Сонымен бәрің де бүгін ақша әкелдіңдер ме?
- Мен әкеле алған жоқпын апай...
- Кімсің сен?
- Көпболсыновпын ғой, апай
- Е, не ғып, әкеле алмадың, класс жетекшіңе айтасың ғой причинаны, Бірақ ақыры басталған соң, білейін деп жатырмын. Неге әкелмедің?
- Апай, менің інім класс жетекшісіне 1 мың беруі керек. Өткенде Мәмпәси апай памперс сатыпты. Мен бір мың беруім керек класс жетекшіге шампунға. Қарындасым класс жетекшісіне 1 мың беруі керек, өткенде жастық тыс сатқан Зердегүл апай. Үйде әлі 3 мың теңге ақша жоқ екен. Кейін беруге бола ма?
- Көпболсынов, осы сенің ағаң Май құятын стансада емес пе.
- Ия,...
- Онда сен шампунға деген ақшаны бермей-ақ қой. Біздің үйдегі ағаң машинамен барғанда сен сол ақшаның есебіне май құйдырып бер, түсіндің бе? Отыр орныңа. Ұмытып кетпе! Бұл саған тапсырма!
- Түсіндім апай!
Бұл кезде барлық кластардың мұғалімдері өз кластарында осындай әңгіме жүргізіп жатқан болатын. 45 минут оған кетті.
Түс. Директордың бөлмесі.Мектептің класс жетекшісі болған мұғалімдері оқушылардан жиналған шампунның ақшасын директорға жеткізіп, журналға қолдарын қойды. Директор мұғалімдерге арнап сөз сөйлеп тұр.
- Бәріңе рахмет! Бәрің де менің шампунымды сатып, ақшасын түгел әкеліп бердіңдер. 500 шампунның 490 өтіпті. Балалардан сұрастырып едім, бәрі жақсы деп жатыр. Значит бұл өтімді зат болғаны. Қанша дегенмен импортный ғой.. Бастарыңды түгел жинап айтайын дегенім: Осы менімен жағаласып, то ес жарысып сендерде көди-сөдиді сатуды көбейтіпсіңдер. Бұл аудан қазақы аудан. Бір отбасында пәлен бала бар. Сол пәлен баланың бәрі үйлеріне зат апарса ата-аналары қалай ақша тауып береді-ей. Шамалы анализ жасасаңдаршы, көздерің ашық. Рас, бизнеспен айналыспа деп айта алмаймыз. Байқасаңдаршы, жандарым-ау. Мәселен, бүгін Алғырбекова сабаққа келген жоқ. Тауасарова! Сен класс жетекшісің 9 “а”-ға, жауап бер. Неге келмеді? Причинасын білдің бе, как класс жетекші ретінде. Білген жоқсың. Ал, мен білдім. Сен ол қызға неге екі шампунды қатар сатасың? Ойладың ба 2 мыңды қалай табады әке-шешесі.. Конечно, саған рахмет. 20 шампунымды сатып бердің. Бірақ слишком, давит ету сұмдық қой...қазіргі заманның балаларын.
Ертең ата-аналардан үстімізге арыз түссе қайтесіңдер, а?! Сендерің
түктерің кетпейді. Мен құримын. Так, бәріңе айтарым: Аз-аздап, ауылға керекті –қажетті деген заттарды сатуға болады. Мектепте бастауышта 200 бала оқиды. Жоғары класта 300 оқушы. Барлығы 500 бала. Мұғалімдер 20.
Жетеді ғой, 500 клиент бәрімізге. Слышком давит етуші болмаңдар.
Артымыздан арыз түсіп жүреді әлі...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇