23.02.2022
  469


Автор: Өріс Яшүкірқызы

 « Большая мама»

 


Бұлар кемпірлер емес. Кеңес заманында кеңседе істегендер. Қоғамға белсене араласқандар. Коммунистік жиналыста дес бермей сөз сөйлеп, акивист болғандар, яғни ерлермен иық тіресіп, өздерінің айтуынша “чуть еркек болып” кетпегендер. Бірақ, бір-екі баланы дүниеге әкеліп, оның тәрбиесін күйеуіне беруге намыстанып, “туған да өзім, асыраған да өзім” деп жар салғандар.


Кеңес заманының барлық әйелдерге берілген құқығын асыра пайдаланғандар. Жарықтық ол заманда әйел де, еркек те қатарласа ішіп, қатарласа құлай салатын еді ғой. Осы бірі ”бақытты шақтарды” басынан өткізген героиналар.


Осы нағыз героиналар қашса құтыла алмайтын зейнет жасына шыққанда қатты күйзеліске ұшырады.



  • Ойпыр-ай, отбасына үйренбеген едік, қоғамнан бөлініп енді не істейміз? - деп қайғырды. Сен қайғырған екенсің деп қарайтын қоғам ба, “Зейнетке шықтың ба, сау бол ендеше” деп, бір тал гүлдерін беріп шығарып салды да, есіктерін тарс жауып, қайыра ашпай қойды.


Героиналардың тіпті немере бағуға да   икемдері    келмеді. Ол бәлелер де жабысып ”Әжелей”бастаған. Әже демекші алғаш осы сөзді есіткенде бір героинаның денесі мұздай болып кетті.



  • Не надо так говорит, ойбай, “Мама” деп айт,- деп, шамданды.

  • Ну, Мам, оның өз мамасы бар. По правде Сіз бабушка - Ажесіз,- деп баласы түзеп еді. Айналайын келіні ара түсе қалмасы бар ма.

  • У нас мама еще молодая.. Пусть Ерик назовет Маму “Большая мама”,- а Папу “Большой Папа” деп жол тауып берді. Сөйтіп героиналар “Большая мама” деп атауды немерелеріне үйретті.


Большая мамалар бастарына ақжаулық тартайын десе, “кемпір” болып қаламыз деп, қорықты. Жалаңбас, жалаң аяқ, кеуделерін бұрынғыдай ашып тастап, ішкен коньяктарын ауыздарынан тастамай өздеріндей зейнетке


 


 


шыққан подругаларымен бас қосып жүрді.


Содан бергіде біраз уақыттар өтті. Жақында “Большая мамалар” мен “Большой папалар” 70- деген жастың қырқасына шыққанын даже білмей қалған ғой. Осы дөңгелек жетпіс “ыңғайсыз” жағдайға тап қылып, жүректерін ауыртты.


Айнаға қараса астапыралла, бұрынғыдай емес. Шаш болса, анау селтиіп. Боятуын боятып-ақ отыр мөп-мөлдір ғып тұнық қоңырға. Сонда да басқа жарасып тұрғаны шамалы. Көздің алды көлкіген. Осы косметологтар да жаны ашымайды. Кеше ғана бетті түзеген сияқты еді, қаруар ақша алып,


бүгін әжім басқан бет орнында қайта тұр. Бір Большая мама осы күйіктен марқұм болды. Екіншісі ауруханаға түсті. Үшіншісі “бақытты шақты” еске алып, ойланып отырған. Есік қоңырауы шылдырлады. Көршісіндегі жас келіншек екен.



  • Әжей, үйде екенсіз ғой. Қандай жақсы болды. Сіз бір-екі күнде ешқайда кетіп қалмайсыз ба?- деп іші бауырға кіріп барады. Өзі Большая мама рұқсат етпей-ақ, ішке бірден кіріп алды.



  • Оның сізге не керегі бар еді?- деді дүңк етіп Большая мама, - әже деген қаратпа сөзді Әзірейілдей көріп жақтырмай.

    • Әжей, кешіріңіз, мені. Бейсенбіде аруақтарға құран оқытып, бата жасатуға ниеттеніп едім. Бұл жерде үлкен кісілер аз екен. Сіздерден басқа. Әкей құран оқи алса құран оқып, аруақтарға бата жасап дегендей, өтінішпен келіп едім, бейсенбі күні түсте, құдайы көршіміз ғой... -деп күмілжи тіл қатты келіншек.



  • Қарағым, бізде не жұмысыңыз бар. Құран оқытсаң мешіттен шақырмайсың ба молдаларды.Біз құран оқу білмейміз...

  • Мешіттен шақырдық, молдалар болады. Сіздер көршіміз болған соң, батаның арасында болсын деп едік.. Үлкен кісілер болған соң... Қарсы есіктегі пәтер ғой. № 19-пәтер. Келіңіздер, күтеміз, рахмет, әжей, -деп келіншек шығып кетті.


-Вот, дает, а?! Әже дейді. Құран оқитын жерге шақырып отыр. Ендігі қалғаны осы еді, маған. Ақ-қақ-қақ! . Ақ-қақ-қақ! . Ақ-қақ-қақ! Ақ ых!- деп Большая мама көз жасын көл қылып, жыласын келіп. Мені кемпір қылғысы келеді. Әже дейді жап-жаман қылып, оңбаған, а?


Большая мама содан тұрмай қатты ауырып қалды. Большой Папа кемпірін жұбатты.


-Сен әлі жассың. 70 - ке келді деп Сені ешкімде айтпайды. Биік өкше туплиің бар ғой, соны ана импортный шляпаңмен киіп шықсаң, мүлде 40- тағы қыздар сияқтысың. Қазіргі жастар біртүрлі. Бәрі адамның көңіліне қарамайды. Кейбірі дінге беріліп кеткен милары ауысып. Шақыра берсін, бармаймыз, соған бола... Тек басыңды көтерші.. .



  • Знаешь, құран оқитын кәрілер деп оскорбить етіп отыр емес пе. Оскорбляет меня и тябя.. Да.. да.. такие оскорбительная слова не переношу...


 


 


Я не старая, .. Нанавижу, я старость. Ненавижу, - деп өкірді Большая мама.


Қан қысымы көтерілді. “Жедел жәрдем” шақырылды. Дәрігерлер келді. Большая мама ауырып қалу себебін өзін құдайыға шақырған келіншектің кесірі деп, келген дәрігерлерге барлық айтылған сөзді тәптіштеп жеткізді. Большая мамаға тыныштандыратын дәрі салынды.



  • Кәрілік деген нешетүрлі болады, қызық - деп күлді дәрігерлер шығып бара жатып бір-біріне.

    • Біздің Мамамда явно кәріліктің синдромы,- деп күлді баласы мен келіні келесі бөлмеде шәй ішіп отырып.






Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу