23.02.2022
  535


Автор: Өріс Яшүкірқызы

Өсек қайда барады?

 


Қашаннан халықтан қарыс елі қалыспайтын Өсек қазір демократия келгелі бері еркек жарықтықтарға қарай көшіп кеткен. Мұның, әрине обьективті және субьективті себептері бар шығар.


Біріншіден, сол алғаш демократия жылдарында еркектер “қызыл парт билеттері” қалталарынан босап, “лишний құжат” есебінде ұшып кеткенде үлкен дағдарысқа ұшырады.


Сол билет екен ғой ерлерді қоғамда Адам қылған. Қызыл билеттің күші кеткен соң еркектер өздерін Адаммын деп есептеуге ұялып, беттерінің бәрі “күйіп”, ішіп кетті. Ішкеннен кейін жағдай белгілі әрқайсысы әржерге түсті. Біреулері жындыхана, біреулері түрмеге дегендей.


Осы кезде әржерге “түсіп кеткен күйеулерін түскен жерден тартып аламын деп, әрі қараусыз қалған бала-шағасын асыраймын деп әйелдер Бас көтерді. Ала дорбаны арқалап базарға да барды, қара шемішке сатып көшеге


де шықты.


Старт алып алғандары тоқтаған жоқ. Қытай мен Алматы арасын, жалпы жол қатынасының мүмкіндігі бар алыс-жақын шетелдерде “сауда” шіркіннің қара суынан май қалқытып, отбасының тірлігін өз мойындарына жүктеді.


Өздерін әртүрлі “тесіктерден” әйелдері шығарып алған еркектер енді не істесін. Үйдегі бала-шағаның ең ересегі болып, өзінің алтын босағасына арқансыз Бас бұзау болып байланды.


Өздеріңіз айтыңыздаршы, баяғыдай “Мен сені асырап отырмын” деп арқырайын десе күші, не ебі, не себі, не тиын мен тебені жоқ еркектің Бас бұзауға айналуы оңай дейсің бе, кейде жылады, кейде күлді, кейде аз-маздап ішті, сөйтіп “қызыл билетті” құртқан заманға лағнет айтып әлсіздердің маңайын торуылдайтын Өсекке еріксіз жанасты.



  • Мені білесің ғой,-дейді кім келсе де қасына,- Бұрын қандай болдым. Активист болғаным жоқ па?. Передовик те болдым. Осы үйді зауытта ең алдыңғы қатарлы коммуниссің, передовиксің деп менің атыма берген. Ақша дегенді судай шашып ай сайын премия алып үйдің ішін үлде мен бүлдеге бөлеген менмін. Рас қой, ә?


Ал, сол кезде зауытқа жаңадан келген, менің қарамағымды істеген, мен нәстәпник болған Анау Қарабасов, қазір көкірегін кереді-ей келіп. Маған амандаспайды да. Астына мінгені Жип. Қызында бір машина, ұлында бір машина. Солардың бәрін шистий өз еңбегімен алды дейсің бе? Жоқ, олай емес. Ол ұрлады. Ұрлықшы. Кәрупция жасайды. Боенный базада снәбжеспін дейді.Бүкіл базаны ұрлап жатыр. Ұсталмайды ол. Хитрый. Арам.


Менің қатыным да қоқаңдайды маған. Балаларды өзім адам еттім деп. Әй, егер  мен болмасам, сол бала қалай өмірге келеді-ей, ә ? Соны айтшы. Рас


 


 


па,ә? Маған “Жұмыс істеуге де, ақша табуға да ебің жоқ” дейді.


Но, мені ешжерге жұмысқа алмаса не істеймін. “Үйді отырсың еркек болып ананы өйтпедің, мынаны бүйтпедің” дейді. Білем, бұ қатынның арманы мені өлтіру. Өлдім бар ғой, минәдай көзінен жас шықпайды. Бі-л-е- м-і-н бұ қатынның да біреуі бар. Со-н-ша ақшаны уыстап қалай тауып жүр- ей. Кәнешно, біреу қолдап тұрған соң ...


Шашын көрдің бе, өткенде ғана қып-қызыл түгін. Енді сап-сары. Тоқсан тоғыз құбылады ғой, тоқсан тоғыз. Кім үшін ей, сонда. Мен үшін емес, рас па, ә?


Өсек орқояндай орғып, отбасы- ошақ қасынан жалығып, бүгінгі жарқыраған қоғамның бел ортасына бет бұрады. Ана есікті ашса - әйелдер отыр. Мына есікті ашаса – қыздар отыр. Тіпті әйел заты болып бұған келдің-ау деп қарап көз салсайшы.Қоғамдағы жұмыстың бәрін әйелдер жаулап алған. Біреуі телефонда қақсап біреуге тапсырма беріп, біреуі телефонннан тапсырма алып жатыр. Қолдары тиер емес. Екі көздері компьютерде.


Холлға шықты. Мұнда темекіні сырбаздана сорып екі-үш жас   жігіт тұр.   Оны Өсек бағана көрген.   Бір сағат болса да тарамағаны ғой сонда. Олар Өсекті көріп қуанып кетті. Барлығы бірінен бірі қалмай бұған жүгірді. Енді Өсектің тоқтамасқа лажы қалмады. Шыны керек, тәп-әуір офистегі интелегентный еркектерден біртүрлі ұялған-ды. Ал, олар ұялатын емес, мұны қоршап алды. Темекілерін лақтырды. Әрқайсысы әр тақырыптан сөз бастасын-ай келіп.



  • Көптен бері көрінбей кеттіңіз ғой,- деді.

  • Нендей жаңалықтарыңыз бар?,- деді.

  • Ортамызға дұрыс келдіңіз, біз қуып жетпесек, жеткізетін түріңіз көрінбейді, қайда асығып барасыз,- деді. Өрттей қызыл Өсек сұлу да ұялғанын басып, тілге келді.

  • Сіздерде не жаңалық бар?- деп сұрады.

  • Бүгін жаңа Министр келді бізге. Жоғарыда отырған Атасын айтсақ атын да білетін шығарсыз. Әйтпесе, шикі өкпе сары ауыз балапан бала білдей салаға қалай Министр болады, соны әңгіме етіп тұрмыз манадан,- деді.

  • Жабық акционерлік қоғамның президенті болған Икс Игроковтен екі жас үлкен. Ол-23-те, Бұл 25-те. Елдің тағдырын ойлайтын адам ел басқармайды қазір. Бәрі уақытша қарпып қалғысы келеді. Бүкіл Қазақстан мұнайы анау жер асты труба арқылы шет елге ағылып жатқан. Ешкім оны бақылауға алмайды.

    • Ойбай-ау, Үкіметтің өзі сол кісінің ақ деген алғыс, қара дегенін қарғыс деп танып отыр емес пе.. Міне, гәп қайда..




Сайлаудан кейін осы Үкімет басшысы қайтадан ауысайын деп жатыр дейді.


 


 



  • Кім болады?

  • Анау болады дейді.

  • Жо- жоқ. Сол, анадағы кандидатура ше, сол болайын деп жатыр,-дейді.


Өсек тықыршып тұр. Осы еркектердің өсегі қызық емес. Қызық емесі сол, шын емес. Әйелдер айтса тура атын атап, түсін түстер еді.


Еректер: “анау”, “мынау” деп іш қатырады. Точно айтпай ма. Бәрібір әйелдердікі дұрыс келеді. Олардың бірақ, қолдары почему-то Өсекке тимей жүр...


Қорытынды: Өсектің өзі де еркектерге көңілі толмай отыр. Әйелдерсіз сонда Өсек қайда барады?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу