23.02.2022
  205


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ҚАҚПАН ТЕЛЕФОН

... Сонымен қойшы әйтеуір, маған шет елдік гарнитурадан кем арман болмаған, телефон үйге құрылды-ау.Жолдасым кеңсесіндегі оттай қызыл қара нүктелі аппаратты үйге әкелді. Мұндай телефон аппараты әзірге өзіміз аралас-құралас болып, дәм-тұз татысып жүрген жолдастарымыздың үйінде жоқ. Біздің үйде ғана бірінші рет болғалы тұр. Әйел біткен жарысып: “Ойпырым-ай, мынаны қайдан, қай баздан алдыңдар?” деп ауыздарын ашатын болды.


Е, менің бетім бүлк етпес, жауабым дайын. “Алдыңғы жылы Қырымда Жұрнақ саноторийде болғанда әкелген, телефонның линиясы тартылмай, құрылмай тұр еді” демеймін бе. Үкіметтің мүлкін қайсысы үйіне алмай жатыр. өйтіп жүріп таңдана қалатын әйелдердің қашаннан әдеті емес пе.


-Жұмаштың қатыны құсап, жұмысқа ананы-мынаны айтып звондай берме. Адам кейде жиналыс өткізіпжатады. Кейде басқа шаруалармен занять болады,-деп күйеуім әп-дегеннен ескеруін жасап өтті. Телефонмен байымен сөйлесіп беркет тапқан әйелді көрген емеспін. Оны қайтем. Қаланың барлық жаңалығын естіп отыратын басқа да қатын әріптестерім бар. Солармен


 


 


сөйлесіп отырсам болды дағы.


Жаңа телефонмен жаңалық естіп сөйлесе қалайын десемғ құдай-ау адам болсайшы түге бүгін. Қатира желкілдеп курортқа кеткен. Сәлима отчетым деп командировкада. Танагүл екі күннің бірінде төркіндейді де жүреді. Қаламыз күзде-көктемде бтпақтан аяқ алғысыз болып қалғанда “больничный” алып үйде отыратын әдетім бар еді жер кепкенше. Сол әдетіммен үйде едім. Ішім пысып отырысым мынау енді. Жұмыстағы кассир қызға звондадым.


-Ханымша, сен бе? Бүгін ақша алдыңдар ма?


Ақша беретін күні маңдайының қыртысы бес елі болып отыратын көзілдірікті шикіл сары кәрі қыз, өз қалтасынан біреуге ақша санап беретіндей бүгін де тырысып отырса керек.


-Жоқ!- деді де трубканы қоя салды.


Жарықтық-ай осы мінезімен де байға өтіп кетер ме екен, бір жадырап қабағы ашылмай.


“Инеш, апа, қайдан звондап тұрсыз, үйлеріңізге телефон құрдыңыздар ма” дей салса ғой, біраз сөздің тиегі ағытылар еді деп сырттай Ханымшаға тиістім. Содан қан қызыл аппаратқа көзімді салып қойып, ішқұса болып отырғанымда айналайып кетейін телефон өзіен өзі шыр ете қалсын. Жалма жан трубкаға жармасып, тыңдасам аржағында біреулер сөйлесіп жатыр, ақар- шақар боп.


Тағы да шыр-р етті. Көтере қойдым. Тағы да аржақта бөтен дауыстар. “Ибай, мынасы несі?” деп қайта қоямын. Қойшы сол күні шырылдаған телефонның трубкасын көтерумен болдым. Енді бір шырылдағанда, ынтам болмай самарқау көтере қойдым.


-Жа-ным!..- деді аржағынан елжіреген еркек дауыс, құдай-ау өзі құдты маған айтып тұрғандай. Мұндай сөзді күндіз түгілі түнде ести бермейтін басым, сасып қалып “Бұл кім өзі? дей бергенімде аржағынан әйел дауыс,(тіпті ортадағы мені елер емес)


-Сені ойлаумен таңды әрең атырдым...- деді күрсініп.


-Мен де сенсіз тұра алмайтынымды білдім,-деді еркек дауыс. Мұндай “өліп-өшкендердің” сөзін сырттан тыңдау маған үнді киносын көргеннен де қызықты болып кетті. Ұялсам да тыңдай бердім. Содан кейін менің ермегім табылды. Әліптің артын бағып телефон шыр-р етсе көтере қоямын. Несін айтасың, құпия біткеннің бәрін айту үшін телефон ойлап табылған ба дедім ғой.


-Жанайна, мен ғой Катя, бүгін бізге бір вагон зат түсті..



  • Не бар, ей онда?

  • 70 пар етік бар румынский.

  • Катя, маған екі парын қоясың ғой, ә?

  • Қайдағы, нарконтроль   келмей    тұрып   бастық    өзіне   10    парын тыққызыпты.


 


 



  • Оның бір өзінде үш любовницасы бар, подумаешь...

  • Катя, енді маған бір парын қоясың ғой, бізге де үнді шайы түседі деп жатыр.


“И,ии маған да етік пен шай керек еді” деп   қолымдағы үнді шәй мен етіктен айрылып бара жатқандай трубканы қимастықпен қойдым.


- Ал-ло... бұл сен бе?- Баритон еркек дауыс созылып, өктемдірек үнмен тіл қатты. Дауысына қарап әукесі салбыраған, көз алды көлкіген, “айы-күніне” жетіп тұрған еркек келді көз алдыма. Біраз ыңыранып барып:



  • Қақаңдікіне қатын біткендер не апаратынын ойластырып жатқанын сұрап білдің бе?,-деді.



  • Енді сол баяғы қосып жүргендей шығар, ресторан емес үйінде өткізейін деп жатыр дейді мүшел жастың тойы дейді.. Осы айда бәрінің де тығыны ағытылып кетті ғой...- деп шіңкілдеген дауыс тез-тез жауап қатты.

  • Слу-шай! Біз өзіміз бөлек апарайық. Әнеукүнгі кілемді апару керек орауымен. Я думал, и так решил.

  • Ойбай-ау ол импортный ғой, 400 доллар!

  • Ну что! Басыңда ми бар ма өзіңнің. Ертең екі айдан кейін балаң оқу бітіріп келгенде Қақаңның автобазасына орналастырайық деп отырған жоқпыз ба. Қазір момент, көріну керек!..

  • А... ие.... рас-ау. Е, сөйтсек, сөйтейік... Шіңкілдек дауыс мүләйімси тез келісті. “Қақаңы Қасқырбай ма екен автобазадағы” деп қарап тұрмай ойға қалайын.


Өстіп қаланың бар жаңалығы мен кейбір құпияларды естіп, уақыт өткізетінімді ешкімге, тіпті туған байыма да айтпай рахаттанып жүргенімде бір күні телефонның ішінен Жұрнағымның өзі шыға кел-сін.


О, тоба-ай! Қайдан білейін, әдетімше телефон шыр-р еткенде тыңдай қояйын. Аржағындағы дауыс таныстау ма қалай.



  • Кешегі сәлемдеме қолыңа түсті ме?- деп құдай-ау епілдеп барады өзіме таныс еркек дауыс.

  • Әрине.. Бүгін жұмысқа киіп барып едім, қыздар жамырасып “қайдан алдың ей?”- деп таңдайларын қақты. Өзің менің размерімді біліп алыпсың ғой..Сылқ-сылқ күлкі...

  • Енді нетіп... Біліп келе жатырмыз ғой. Аяғың қасықтай ғой... Аяғынан ай-на-лай-ын..

  • Енді бұл етікті жуу керек шығар. соны да айта алмай тұрсың ғой. Айтпақшы, борсығың қалай? Телефонмен қызығы басылды ма?- Күлкі...

  • Оған Қырымға путевка қарастырып жатырмын...


Бұдан әрі робот қатын тыңдап тұрмаса жаны бар қатыннның тыңдап тұра алмайтыны белгілі. Бәсе-ау, кеше ғана жаны ашығансып: Ауру дегеннің алдын алмаса болмайды. Денсаулықтан қымбат ештеңе жоқ. Жақсылып емделіп келші, Қырымға бір путевқа қарастырайын” деп емешесі құри қалып


 


 


ей!


 


еді. Кәз-заптар! Борсық деп тіпті қаршадай боп балағаттауын қарашы,


 


Аржағын айтпай-ақ қояйын. Ол бөлек үлкен тарих. Әйел қырсығы


 


бұрын 40 есекке жүк болса, қазір 40 “К-700” тракторы тарта алмас. Бірақ бұл телефонның пайдасы –сыртқа “импортқа” кетіп жүрген етік-метік, көйлек- көншек, шай-май үйге келетін болды. Борсық атымды телефонмен естісімен- ақ, мен де өзіме қарап, ішетін тамақты аз-мұз азайтып, “Здоровья” журналындағы гимнастикалардың неше түрін жасап, әзер дегенде белімді мықынымнан бөліп алдым. Содан ба қазір білмеймін, анау-мынау аурулар көрінбей кетті.


Менің түптем айтайын дегенім бұл емес. Осы телефоны құрғыр тағы да бұзылып, бөтен сөздер тағыда біздің үйге түсіп жүр. Мұны естіген Қатира да, Сәлима да, Танагүл де: “Жұрнақты қақпанға түсіріп алып, қасыңда шыр көбелек айналдырып қойдың. Телефонды үндемей тыңдай тұрайық. Біздің еркектеріміз де осындай қақпана түсіп қалар”деп күнде кезектесіп үйден шығар емес. Жұрнақ қақпанға түскенде қаладағы байланыс қызметі бір жақсарып қалып еді. Бірақ әліптің артын бағу керектігін қайталаймын. Еркектерді қойшы, телефонны “қақпанына” қатындар өзіміз түсіп қалмайық.


Қазір бай әйелдер де еркектеріне ерегісіп, әрі батыстағы бикештерден үйреніп жас жігіттерді “бауырынан баулап” өргізіп жүргенін шет жағасын біліп жүрміз. “Үй артында кісі бар” дегендей, қалта телефонның да “қақпаны” болып жүрмесін. Байқаңыздар, қатындар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу