23.02.2022
  183


Автор: Өріс Яшүкірқызы

Эл-лоу, шет тілі

 


 


Бала күнімізде  көрген үнді киносының бірінен, сол елдің әлемге аты әйгілі әртісі  Радж Капур  шырқайтын әуен бар-тын.


...Американнан етігім бар, Ағылшыннан телпегім, Француздан темекім бар,


Менің өзім үндімін .. деген. Сол айтқандай, тәуелсіздіктің, әм өркениеттік дамуы жолында шетелдермен байланысымыз артып біз де бір кездегі үнділіктер сияқты ән шырқап жүрміз.


Тері тоным түріктерден, Немістерден көлік мінгем, Қырғыздардан айран жетіп Өзбектерден өрік келген.


Түріктер мен қытайлықтардың кәкір-шүкір сабақты жіп инесінен бастап “жоғары сапалы” фирмалық белгісін басқан автокөліктеріне дейін қазақтандықтардың сауда нүктелерін жаулап алды. Туу, сөз емес сөз ғой бұл, оны қойшы. Бәріне ет үйренді.


Қазір алпауыттай Қазақстан қазынасының басына шетелдік өкілдер қожайындық жасап жатқанда не ол. Өз қотырыңды өзің қасып отыра бергенің дұрыс. Мәселен, Астанада қаптаған құрылыс жүріп жатыр. Атырауда мұнай бұрғылануда. Қарағандыда көмір қазылуда. Солардың басқарып отырған кімдер? Жезқазғанның мысында ше. Іштерің біліп отыр ғой. Тағысын тағы тере берсең ішің қыжылдайды.


Шұрайлы жердің, мұнайлы жердің, өмірлі, көмірлі жердің тізгінін ұстап отырған ұлтымыз емес, кәріс, ағылшын, үнді, түрік т.б. әйтеуір қалталы шетелдіктер. Ақша жүреді-ау деген жерді қайдан білетінін кім білсін. Шетел азаматтары сондай жерге басшы бола қалады.


Жақында біздің цемент шығаратын зауытқа ағылшын бастық болды. Аттай алты жыл АО болып жүрген мекеме екі жыл бұрын ЗАО болған. Осылардың АО-сында да, ЗАО-сында да шаруамыз шамалы. Бізге жылы орнымызды суытпай, айлығымызды ай сайын алып тұрсақ болғаны дедік. Бәрібір бізбен ешкім санаспайды.


Сол ЗАО-ның Президенті жарықтық қазақтан шыққан орыс еді, тайлы


 


таяғымызды қалдырмай жинап алды да:



  • Так, біліп отырсыңиздар, о чем идет разговор..., деп бір тоқтап қойды. Біз мектеп партасындағы оқушылар сияқты, қолымызды алдымызға қойып, тыңдап отырмыз. Қырп етпейміз. Екі көзіміз бастықта. - Раньше казак тилі, казак тилі говорили. Оказывается далеке не пойдем, казак тилимен. Жизнь показывает и доказывает. Да.. Жұрт үнсіз. - Даже Елбасымыз да айткан шетелдик тилді билу кирек деп. Вот тепер нам пора. Бариниңизге ескертем. Создикті окиык, или нанимать етиңіздер учителді, нам англиийский языкты билу керек. А, кто не хочеть, пусть подумает. .. Его заменит сможем... Бұл қорқытқаны.

Зейнет жасына шығуға қыр көрініп қалған Жапақ пен Қапақ бір-біріне қарады. Алдыңғы жақтағы қыздар да бір-біріне басын қоса қалды. Шамасы “чем қазақша, пуст ағылшынша” деп жатыр ма, кім білсін.


Сол күні Жапақ үйге басын салбыратып келді. Шайын ішті. Сосын әшейінде ағылшын тілінде сөйлегіш қызын қасына шақырды.



  • Балам, маған сен енді ағылшын тілін үйрет. Сөйтті де бүгінгі жұмыстағы болған жағдайды түсіндірді.
  • Ой, Пап, конечно, помогу, но трудно будеть Сізге. Бірақ, конечно стараться етсеңіз, все будет, О кей,-деп қызы әкесіне қолдау көрсете кетті.
  • Ассалаумағалейкум?- дегенді ағылшынша қалай айтады.
  • Пап, ондай амандасу жоқ.. Наверно “Привет!” или “Здраствуй! -деп амандасуға болады. Ағылшынша “Hello!” дейсіз. Эл-Лоу, Эл-лоу!
  • Содан соң “Осы саған Қазақстанға келіп нең бар?- дегенді үйрет, оның айтылуы тек, жәй сұраулы сөйлем сияқты болмасын, мынадай, ұрысқан сиқты екпінді болатын болсын. Осыны маған жазып бер, тілім келгенше жаттайын..
  • Ну, Пап, мұндай сөз Сізге не керек? Қызметіңізге қатысты сөзді үйрену керек емес пе?.
  • Қызым, үйрет дедім бе, менен ешнәрсе сұрама артық. Мен үлкен бір службаны басқарамын. Прямой ағылшын бастыққа бара қалсам бәрін де білуім керек. Мен саған көп сөз үйрет дегенім жоқ қой. Маған қажеті осы,- деп Қырсық Жапақ болмады. Әкесінің сырын білетін қызы:
  • What have you lost in Kazakhztan?- дейсіз. (Уат Һавю лост ин Казахстан) Былайынша ниет қалмайды екен ғой жұрт, “тоқпақ мықты болса темір қазық жерге кіреді”-деген. Ағылшынша күнде бір сөз жаттап жұмыстағылар бір-бірімен ағылшын тілімен амандасып, “Тән кю веримачты” көбейтті.

Бір күні ойламаған жерден Жапақтың ағылшын бастықтың алдына баратын жағдайы болды. Автобазадан бір шопыр машинасымен электр бағанасына соғылып, бүкіл мекемеде қуат көзі болмай қалған.


Тілмаш болса: “Сіздің службадағы түнгі “ЧП”-ні Сізден ауызба ауыз өзі сұрап білгісі келеді, тез, тездетсеңізші” деп тызылдайды. Жапақ болса сасатын емес. Олар бастықтың кабинеті алдына келді.


 


 



  • Үсті-басыңызды сәл түзеп, айнаға қарап, сәл шашыңызды түзеңіз, -деді алдындағы хатшы қыз.
  • Қазір, ағылшын тілінде амандасыңыз. Үйренген шығарсыз,- деп бір қойды Тілмаш та қосарлана.

Жапақ, ішке кірген соң со-нау төрдегі көзілдірікті ағылшынға адымдай басты. Тілмаш:


-“Ойбай-ау,   Эл-лоу!”  десеңізші.   Бастай   беріңіз   енді   амандасуды..


Бастаңыз деймін,- деп қапталдаса сыбырлауын қояр емес.



  • Ас-са-лау-ма-ғал-ей-кум, Мырза! - деп Жапақ Төрде бастыққа оң қолын ұсынды. Бұлайша амандасуды бұрын естімеген ағылшын бастық орнынан атып тұрып;
  • А- а..ликум деп барып, Эл-лоуына басты. Тілмаш ортада. Ағылшыншылап бірнәрсені оған айтып жатыр, айтып жатыр. Жапақ түсінген жоқ. Бірақ Жапақтың ұққаны ағылшын бұған оң райда қарап тұрған сияқты. “Гуд”, “гуд,” деп басын изей бастады. Содан соң Тілмаш Жапаққа былай деді.
  • Сіздердегі шопырлар жоғары білімді ме?-деп сұрап жатыр. Түндегі ЧП-ға байланысты,-деді. Жапақтың көзі шытынап кетті.
  • Ай, қайдағы жоғары білімді. Жоғары білімді болса шопыр боп істеп несі бар мұнда. Отырмай ма, анау креслолардың бірінде.
  • Бізде Англяда бәрі де жоғары білімді дейді. Сіздердің шопырлардың жоғары білімі жоқ болған соң, түндегідей ЧП болды деп отыр...Оларды аттестатциядан өткізу керек дейді. Осы жерде Жапақ шыдамады. Басындағы қалпағын уыстап тұр еді. Соны жерге атып ұрды да:
  • Өй, әкеңнің аузын... Тілімізді бұрып өлдік қой әкеңнің... Бұл үшін мені қазір соттатып жіберсеңдер де. Ендеше барсын Англиясына. Осыны аударып айт, -деді де ағылшынға: Уат Һавю лост ин Казахстан?!- деп (What have you lost in Kazakhztan?!) көзі одан сайын ежірейтті Жапақ. Тілмаштың да, ағылшынның көзі жыпылықтап кетті. Жапақтан мұны күтпеген тілмаш та сасып қалды.
  • Өй, ағасы, бұлай қатты кетпесеңізші. Бүйтуге болмайды ғой,-дей беріп, ағылшынға:
  • Шопырлардың бәріне оқыңдар, жоғары білім алыңдар деп айтыпты. Соған күйініп тұр. Кейбір қазақтар осындай горячий. Сіз өкпелемеңіз, өзіңізге айтқанға,-деп жуып-шайды.
  • Ағылшын тілін біліп тұр ғой,-депті Бастық.
  • Иә, бізде осындай азынаулақ білетіндер бар.. Сіз келген соң,- деді Тілмаш жарамсақтанған күйде.
  • Қажет сөздерді біледі,- деп айтыңыз деп түзетіпті ағылшын.

Бұл оқиға түнгі ЧП-дан да жаман ЧП болды. Зауыттың барлық қызметтегі басқарма бастықтары мен бірінші және екінші Замдарын жинап қатаң ескертіпті.


 


 



  • Жапақ Қатапович, сондай ұлтшыл адам. Оны біз жұмыстан шығарамыз,-деп бірінші Зам жарамсақтан екен.
  • Керісінше, оны шығармайсыңдар. Бізде ағылшындарда әділ айтатын адам, тура бетке айтады. Бетіме айтты. Мен түсіндім. Алдағы уақытта Жапақтай адамдарға ғана жұмысты сеніп тапсырамын,- депті.
  • Бізді жерге қараттың, халықаралық қатынасқа зияныңды тигіздің.. Енді өз еркіңмен шығуға өтінішіңді жаз! –деп бұрқылдаған төменгі бастықтар бұдан кейін жым болды.

Кейіннен ағылшын бастық қазақ тілінің Тілмашын жалдап, мекемедегілермен “Асалаумағалейкем” деп амандасуды үйренген.


Наурыздағы мерекелік дастарханымызға қатысып, қойдың басы мен казы –карта жегендегісін айтсайшы. Таңдайын қағып, көл-көсір қазақы


дастарханға аузын ашып қалды.”Гудын” қойып, “Жақсы-жақсыға” тілі тақылдап-ақ кетті.


Ағылшынның бұл ісіне бүйрегіміз бүлкілдеп соға бастағанда, ол кенеттен ғайып болып, бір жыл толар толмаста еліне кетті.


Енді бізге неміс ұлтыыің азаматы бастық болайын деп жатыр. Баяғыда бір жеңгеміз “Үйренгенің өзіңе жақсы, істегенің маған жақсы“ деп қайынсіңлісін үй ішінің барлық жұмысына жұмсай береді екен. Сондай-ақ, шетелдіктердің бастық болуының арқасында аман болсақ тәуелсіз елімізде тәуелді болып әлі талай шет тілін үйренетін шығармыз. Өркениет деген осы. Эл-лоу, шет тілі деп қарсы аламыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу