23.02.2022
  320


Автор: Өріс Яшүкірқызы

Бастықтың туған күні

 


Сіздерде қандай екенін қайдам. Біздің мекемеде туған күнді атап өту ежелден қалыптасқан дәстүр. Барлық қызметкерлердің туған күндерінің тізімі кадрлар бөліміндегі сап-сары кәрі қыз Салимада. Ол қызда да дамыл жоқ. Қолында кілең қалам мен қағаз жүреді:



  • Тәк, ертең Жұмақтың туған күні. 200 теңгеден. Қызмет аяғына дейін беретін болыңдар. Қайта-қайта келетін уақыт жоқ. Кәне, кім береді? Спискіге тіркеймін. Бұл хабарды естіген соң көңілсіздеу қалыппен қолдарымыз қалтамызға жүгіре бастайды.



  • Ол дастархан жасай ма, шәй-пәй?

  • Қатыны жоқ. Аулына кеткен. Жасай алмаймын,-дейді.

  • Мен түстен кейін әкелейінші,- дейді Жөкен.

  • Мен де,- деді Бөкен.

  • Осы немене сендерге қатындарың басы артық ақша бермей ме. Премия алғанда маған беріп қойыңдар, осындайда өзім қосып отырамын. Так что, мен енді келмеймін, өздерің маған түстен кейін әкеліп бересіңдер. Сары қыз шығып кетті.

    • Неге біз әркімнің туған күніне әртүрлі жинаймыз. Өткенде Боташқа 500 жинадық. Жұмаққа 200-ден дейді, - деп, түкпір жақтағы ескі қызыл столда өзімен өзі үнемі шұқшиып, тырнағын тазалап отыратын Жәнәтта күңк етті.



  • Боташ бөлім бастығы болғаннан шығар.

  • Бөлім бастығы болса да, Шығайбай ол. Ақшаны жинап алып не істейді екен. Өмірі бір шай ішкізген емес. Ең болмаса пиуа да алып бермейді Сіздерге. Жарайды, қыздарды қыз десін.

  • Еще бастық оның туған күніне премия беріпті ғой.

  • Бізге өйтпес еді...


Ортадан кім екені белгісіз бір дауыс шықты.



  • Скоро бастықтың туған күні екен. Охо! Тура жескенбіге келіп тұр.

    • Жесенбіде болса құттықтамаймыз.Құттықтамайтын болсақ, ақша да жинамаймыз,-дейді Жөкен.

      • Демек, бұл айда үйге ақшаны апару жоқ десейші.

      • Қара да тұр. Ана қыз қақшаңдап жексенбі күні жұмысқа шығартады да, бастықты зорлап құттықтауға мәжбүрлейді. (Ана қызы деп отырғаны бағанағы кадрдағы Сәлима)






Жәннәтте осы өзді ести сала тура маған жетіп келеді де, құлағыма:



  • Салима бастықпен несі бар дейді ғой, рас па?

  • Мен оны қайдан білем? - деп мен  таң-тамаша бола қалғансимын.


Әйтпесе ол сыбырды мен де естігем.


Бастықтың туған күні біздің мекеменің үрдісін түбірінен өзгертті..


 


 


Сенбі күні:



  • Алдымызда сайлау, понимаете. Мекемелердің бәрі қазір бұл саяси науқанды өткізіп болмайынша демалыс дегенді білмейді. Біз де жұмыс істейміз,- деп зам директор хабарландыру жасады жинап алып.

  • Бұл “Еңбек туралы заңға” көпе көрнеу қайшы.,- дедім мен қырсықтығым ұстап,- сайлау-сайлау, біздің қатысымыз қанша? Избиркомға арнайы бөлінген адам бар.

  • Инеш, Бізбикешовна, Сіз-ақ осы бүйректен сирақ шығарасыз,- бұл кадрдегі сары қыз Салиманың сөзі,- жұрттың бәрі үндемей келісіп отырған жоқ па? Әрі бастықтың туған күнін отмечать етеміз.

  • Ах, солай ма? ... Түсінікті. Бастыққа қаншадан жинайтын болдық? Мен одан әрі анықтап алғым келді.

  • Бөлім бастықтары 2 мыңнан, қатардағылар 1 мыңнан.

  • Барлығы түгел берді ме?

  • Сізден басқалардың бәрі берді.


-Ал, маған неғып ертерек айтпадыңдар? Неғып бір күн қалғанда айтып отырсыңдар? Мен дауласа кеттім.



  • Есіңізде ме, өткен жылы Сіз бастықтың туған күнін атап өту жағымпаздық деп шу шығарғаныңыз. Содан соң биылғы тізімге сізді қосқан жоқпыз. Төлько желәйущилерден ғана жиналды.

  • Т..т.. Түсінікті...,-дедім мен өзіме-өзім.


“Бәлем өзіңе сол керек”-дегендей Сәлима тық-тық басып шығып кетті.


Өзім атқаратын жұмыстың ыңғайын таппасам да сағат 10-нан кейін мен де кеңсеге бас сұқтым. Келсем біздің мекеменің адамдарының бәрі осында. Күндегіден де ерте келген бе дерсің. Қарбалас қалыпта. “Қызу қызметке” кірісіп кеткен сияқты. Жұғымды тамақтың иісі коридордан кірген адамның мұрнын жарып барады.


-Мында не болып жатыр?- деп сұрадым мен Жәннаттадан өзімнің бұл жерде артық жан екенімді сезсем де, онымды білдірткім келмей.



  • Инеш Бізбекешовна, бәріміз үйден істей алатын тамақтарымызды, пісіріп әкеліп, Салимаға өткіздік. Ол жерде стол жасап жатырмыз. Бүгін бастықтың туған күні ғой. Бастық қазір сағат 11.00- де келеді. Жөкештер домбырамен есіктің алдында ән-шашумен қарсы алмақ. Бөкендердің бөлмесінде репитиция болып жатыр. Айтпақшы, пісірілген тамаққа конкурс болмақшы. Жеңімпаздарға сыйлық беріледі.

    • Ым..м.. Бұл үлкен саяси шара сияқты ғой. Оны неғып маған кеше айтпадыңдар?

    • Сізді бастықтың туған күнін атап өтуге вообще қарсы деген соң айтпаған шығар. - деді Жәннәтта әлденеге асығыстығын танытқан күйі, қасымнан тез кеткісі келіп.




Мен енді қасақана әліптің артын бағып, бүгінгі ойластырған шараның


 


 


басынан аяғына дейін қатысуға бекіндім.


Менің қасымда отырып бастыққа әшейін де атарға оғы болмай отыратын Жәнәттаның бүгін табаны жерге тимей кетіпті.


Күткен сағатта жұрттың бәрі есік алдына шықты. Сәлима қолына табаққа салған конфеттерді ұстады. Өзі бүгін құлпырып-ақ киініпті. Оңдырмай опа-далапты да бетіне аямай жағыпты. Сәлиманың бастықпен жақын екенін білетіндер оған жалпақтап:


- Сәлима, енді не істесек дұрыс. Ананы өйтеміз бе, мынаны бүйтеміз бе,- деп сұрамайтын сұрақтармен назарын аударып әуре. Жігіттер домбыраны дыңғырлатып:



  • Қазір, сен бірден дар ете қалма. Мен басымды изеймін, сол кезде “Біздің ағай тамаша” әнімен бірден бастап кетейік. Мақұл ма?


 


Кәне:


Біздің бастық көркем жігіт қараса. Басқарып жүр істің бәрін жаңаша, Мұндай бастық ешжерденде таппайсың Біздің бастық, біздің бастық тамаша,


Хормен қайырмасы:


Біздің бастық тамаша, Көз тоймайды қараса,


Бастығымыз бұдан да әрі өседі Құдай өзі, Құдай өзі қаласа....


Біздің бастық тамаша ғой тамаша, Ұжымымен біледі ол санаса,


Сенбі түгіл жексенбіде шығамыз Бастық бізді, бастық бізді қаласа


Хормен қайырмасы:


Біздің бастық тамаша, Көз тоймайды қараса,


Бастығымыз өрге жүзер,


Құдай өзі, Құдай өзі қаласа....


Осы кезде, Сүліктей қара “Мерседестің” төбесі көрінді. Шофер жігіт бипілдетіп, дауысты берсін-ай. Қыздар, әйелдер, жігіттер сценарий бойынша есіктің алдына шықты. Салима алға озды. Ақ табақтан конфеттер шашылды,.


Басеке, туған күніңіз құтты болсын! Алдыңыз дәмге толсын!


Малға толсын! Долларға толсын!


Мәртебеңіз биіктесін!- деген дауыстар естілді.


Тура келіншекке беташар жасалғандай, дәстүрлер жасалды. Бастық мұны “күтпегендей” аң-таң. Ендігі кезек әншілерге тиді. Олар да бастап кеп жіберді. Хорға барлығы қосылды..


 


 


Бастықтың ауызы кетті ашылып.. Мәз.. Тіпті ешнәрсе білмегенсіп:



  • Әй, осында бүгін неғып жүрсіңдер-ей, демалыс емес пе,- деді міңгірлеңкіреп. Бастық мүлде білмепті ғой туған күні екенін. Үйінде де еске салар ешкім болмағаны ғой.. Бүгін нешайно, соққан ғой жұмысқа. “Зам директор звондап, жоғары жақтан бір құпия құжат келіп түсті. Соны демалыс күні асықпай қарайық” депті. Содан келе қалған екен. Әйтпесе бүгін басқа бір мероприятияға шақырған екен. Соған жиналыпты... Оказывается мұнда...


Мұны бастық айта бастағанда Зам директор ”Мұны ұйымдастырған мен едім” дегенді бастыққа сездіргісі келіп:



  • Тәпек Жұрнақович, кешіріңіз...  Сіз ренжімеңіз. Ұрыспаңызшы...


..осылай біз... бәріміз болып ... Сіздің туған күніңізді атап өтейік деп... Салима бар... бәріміз ақылдасып... деп сөзін созғылай бастағанда, Сәлима тақ етіп:



  • Короче, мұның инциаторы әуелден менмін.

  • “Шо, бастықтың туған күнінде қараптан қа-р-а-п үйде бәріміз отырамыз ба, қалай шыдаймыз” дегенмін. Мені Күлден Түлденович сразу қостады. (ол зам директордың атын сызып айтты)


Сәлима мен жаққа көзін біраз қадап тұрды да, сөзін жалғастырды.


- Сайлауға байланысты жұмыс істейміз,- деп халықты жұмылдырған мен, мінекей ұжымыңыз түгел Сізді құттықтауға келді. Бұдан да басқа алдыңызда сүрприздер болады,- деді де, бастыққа бұрылып:


- Енді, былай қарай жүріңіз,- деді. Жұрттың бәрі қошаметпен:



  • Ия, солай қарай жүріңіз,- деді бастық жол білмейтіндей ысырыла.


Кадрлар бөлімінің кең бөлмесінде үлкен ақ столда дастарханнның үстінде бәрі болатын. Бастықтың көзі жайнап кетті:



  • Вот, и даете. Вот, и даете- деп, төрге шыққанша қайталай берді.


Әркім өзінің қызметтік лауазымына қарай орын алатын әдет бізде бұрыннан қалыптасқан. Лауазым биік болса жасы кішіміз де төрге шыға береміз. Мен сол бойынша төменнен ( әрі шақырылмаған адаммын) орын алдым.


-Алдыңыздағы қуырылған шөше, - Жәннәттәнің сізге үйден пісіріп әкелгені. Ал Манты, -менікі,-деді Сәлима.



  • Тұзды қияр мен қызанақ Бөкендікі. Вернее дачасінікі.

  • Әй, сен Бөкен, жаз болса жұмыстан ерте кетіп қалатын едің. Дачаға асығады екенсің ғой, ?- деп бастық Бөкенге бұрылып қарап еді, ол қылмыс жасағаннан бетер қызарып, ақтала бастады.

    • О, не дегеніңіз Тәпек Жұрнақович, дачаға мүлде ебім жоқ. Үйдегі келіншегім любитель. Соның еңбегі ғой..




Ішкіліктің неше түрлері самсады. Бастыққа қолпаштау   басталды.


Керемет тостар көтерілді. Бастыққа былғары Папка сыйға тарту етілді.



  • Осы Папкамен Қазақстанның жоғары Палатасына депутат болып


 


 


сайланып кетіңіз- деді әшейінде үндемей жүретін Жәкен.



  • Мына, қазыны Боташ әкелді, -деді Салима бүкіл дастархандағы асқа комментарий жасап.

  • Боташ мықты.. Үйінде тек казы мен қарта ғана жейді. Біздің ернімізге мұндай ас сирек тиеді, - деді бастық шанышқымен туралған қазыны аузына салып, малжаңдай бере.

  • Биылғы соғымға Сізді шақыра алмаған соң... Боташ шашын сипап кінәлі адамша үн қатты.


Салима дастархандағы тамақтарға конкурс қорытындысын шығарылғанын хабарлады. Ду қол шапалақтанды.



  • Ең сүйікті ас манты болды. Прямо күшті пісірілген,- деді отырғандар. Салимаға хрусталь ваза берілді. Боташқа –екінші орын. Дәмді қазы үшін. Оған мойнына галстук. Жәннәттаға үшінші орын – косметкалық парфюмерия, төртінші, бесінші орын кім үйден не әкелді бәріне сыйлықтар табыс етілді.


Бұдан әрі ішілді. Стакандар бірінен кейін бірі толассыз соғысылды. Бастық бір кезде зам директорды қасынан басқа орынға жіберді. Салиманы отырғызды. Бетінен сүйді. Белінен айқара құшақтады. Содан соң көңілі босап жыласын-ай келіп.



  • Бүгін бұл керемет отырыс болды. Ке-ре- мет. Сендер менің, туған ұжымымсыңдар. Мынадай маған қошемет көрсетіп, понимаете, демалыс күні мен үшін жұмысқа шығып, міне.. көрдіңдер ме... Ризамын сендерге.. Ал, мен сендерден еш жасырмаймын. Салиманы люблю и все. Айтатын адам айта алады мұны. Мен барлығыңа жар саламын.

    • Салима, кетейікші, а? Неше күн болды кездеспедік... Сағынып барамын... Қазір кетейік.. Сүйіктім менің.. Осының бәрін сен ғой ұйымдастырып, мен үшін, иә?. Сен де мені сүйесің ғой ә?... Екеуміз служебный романбыз ғой, айтшы, рас па?... Мыналардың бәрі біледі... Үндемейді ғой бірақ олар, үндемейді. Бастығын сыйлайды... Ол қарсысындағыларға қарады.Олар басын шұлғыды.




Мен тұрып кетуге ыңғайландым.



  • Қайда барасыз, И- и—и-неш Біз-би-кеш-ов-на?. Сіз, сіз оты-ра- сыз... Еш-қай-да кет-пей-сіз.. Мен Сіз жайлы да к-ө-п білемін... Сіз менің туған күніме неге қарсысыз?. Ал, мына жұрт қарсы е-м-е-с. Түсіндіріңізші... Не-ге қар-сы-сыз деймін... Сіз с-к-о-р-о құ-ри- сыз... Вернее құртам! Бастық тісімен сызылдап сөйлеп маған сызданды.



  • Кетсін, қайтесіз ұстап. Бұл кісі бүгінгі мероприятияның болатынын мүлде білмейді. Нешайно өзі келіпті. Енді кете берсін,- деп бастықтың құшағындағы Салима “маған жүре бер “ деген ымды қолмен көрсетті.

  • Кет-пей-ді. Бүгін ешқайсысың үйге кетпейсіңдер.. Бәрің бірге боласыңдар менімен. Мына көйлектерімізді, мәйкелерімізді бәріміз


 


 


шешеміз. Ыстық қой, солай ма? Ол галстугін ағытты.



  • Ыстық... жұрттың бәрі бастықтың ығына жығылды. Ендеше шешініңдер. Ертең жұмысты осы жерден одан әрі жалғастырамыз..., бастық соңғы сөзін ежелеп айтты.


Мен қайта отырдым. Салима алакөзімен қарады. Бастықтың құлағына бірдеңе деп сыбырлады. Сосын сықылықтап күлді. Онысы “Менің кім екенімді енді білесің бе” дегенді жан-жағына аңғартқандағысы.


Біздің ұжым сол күні, расында да бастықпен таң атқанша отыра берер ме еді, кім білсін. Бір кезде есік тарс ашылды. Шашын ақсары түске боятқан, шалбарланған әйел кірді бөлмеге жұлынған күйі. Араққа масаң Бөкеш:



  • Өлдік, Басеке!- деген сөзді айтты. Әйел дастархан үстіндегі самсаған бөтелкеден біреуін ала жұрт әлпештеп отырған бастыққа лақтырсын-ай келіп. Дастарханның бет ажары кетті.


Жаңа ғана шалқақтап отырған Салима столдың астына бірден бұға қалды. Қып-қызыл қатын төбелес басталды. Салима жүні жұлынған тауықтай дода-додасы шықты. Беті қан жоса қан. Ешкімге қарамастан қашты.


-Әй! –деді ол бастыққа көзі шатынаған әйел (бастықтың әйелі екен) Әкімәт срочно шақырды дегенің қайда, оңбаған! Кәне, түс алдыма! Жын- ойнақ жасап, кешке дейін неғып отырсың. Бала-шағаң үйде күтіп отырғанда мұнда не отырыс. Сендер де оңбағансыңдар! – деді сосын сол жердегілердің бәріне оқты көзін қадап. Сендер достық жасадам деп отырсыңдар ма?! Өңшең жағымпаздар! Бастық дір-дір етті. Тіл жоқ. Мылқау.


...Дүйсенбіде жұмысқа келгендер күні бойы үнсіз жүрді. Салиманың сол күні төбесі көрінбеді. Кейін екі күннен кейін арыз жазып “өз еркімен” жұмыстан кетті. Бишара кәрі қыздың онсызда түрі оңып тұрған жоқ еді, беті бет болмай қалыпты. Ешкім сол күнгі оқиғаны тісі жарып ауызға алуға батылы жетпеді.


Бастық келген жоқ. Біреулер “ауырып қалыпты” десе, екіншілері “Сайлаудың ұйымдастыру жұмысымен ауданға кетіпті уәкілдермен” деді. Зам. директордың көңіл күйі болмай жүрді. Ешкім ештеңе демей өз жұмыстарымен болды. Бастықсыз да бұрын жұмыс өз ырғамен өтіп жататын Сондай-ақ, әркім өз жұмысымен бола берді.. Осы аралықта ешкімнің де туған күні аталып өтілмеді.


Бір айдан соң жұмысқа шыққан бастық ұжымды түгел жинап алып:



  • Мен көп нәрсені түсіндім. Бәрің шеттеріңнен провокаторсыңдар. Бәрің де! Кім туған күнді ойластырған. Ол Замға қарады. Ұмытпасам, сен Салима екеулерің бірлесіп ұймдастырдыңдар ғой, ә?! Бүгін өз еріктеріңмен жұмыстан босауға өтініш жазыңдар, қазір бәрің боссыңдар. Аяғымыз аяғымызға тимей шығуға есікке ұмтылдық.

  • Инеш Бізбикешовна, Сіз қалыңыз, - деді маған. Күтпеген жерден мен шошып кеттім.“Маған не айтар екен” деп ойлап үлгірмедім. Ол:

  • Сіз менің бүгіннен бастам орынбасарым боласыз. Жоғары жақпен өзім


 


 


келістім. Кадрды қайта подбирать етеміз,- деді.


Мұндайда келіспейтін не бар. Келістім. Ауыс-түйістен кейін тағы да жұмыс өз ырғағымен әрмен жалғасты. Алайда, маған жұрттың бәрі “Нағыз провокатор сен емессің бе?” дегендей сенімсіздеу қарап жүрді. Ең жақсысы бұдан кейін Бастықтың туған күні аталмайтын болды. Өйткені көп ұзамай бұл мекемеге өзім бастық болдым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу