Әңгімелер ✍️
Айдаша және Пайдаша
Хабарландыру:
“30-ншы ақпанда Алматыда, 8 наурызда Астанада “Конгресс холда” атақты әнші Айдаша және Пайдашаның үлкен концерті болады. Концертке есімдері республикамызға танымал “МузАрт” тобы, “Наз”, “Салтанат” би ансамбльдері мен “Жігіттер тобы”, “Қыздар тобы”., “Па-Па”, “Ма-Ма”, “Еһе-ЕҺе” “Ха-ха- Ха-ха” топтары қатысады. Осы жерде ерінбей санаған адам 15-тен асатын өнер тобының тізімдерін оқыр еді.
- Құдай-ау, Айдаша кім еді? Пайдаша кім еді? Ешкім біле қоймайды.
Өзің де танымай дал боласың.
Кейін белгілі болады. Олар өнерге ешқандай сорпасы қосылмайтын ірі банкир екен. Оның сүйікті жарына, баласына арнаған өлеңдері орыс тілінен қазақшаға аударылған.
Біздің “талғампаз” сазгерлеріміз өлеңдеріне ән шығарған. Банкир ақын да өзі, сазгер де өзі, әнші де өзі болып шығады. Құдай берейін десе осы. Міне, керемет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter