Шығармалар ✍️
8-наурыз — «Халықаралық әйелдер» күні. Шығарма
Әр көктемнің шырайына шырай беретін, барлық жерлер түрленетін, бір ғажайып күйге енетін, аналарымыз мейірлене, әжелеріміз күлім қағып, қыздарымыз, аруларымыз сұлуланып көктемнің бүкіл дүниежүзі бойынша тойланатын көктемнің ең алғашқы ауқымды мерекесі ол әрине — 8 наурыз, «Халықаралық әйелдер» күні. Бұл күнді тойламау мүмкін емес, 8-наурыз дегеннен-ақ әкелеріміз бен аға-іні, бауырларымыз өзіне жақын жандарды осы мерекемен құттықтап, жүректен шыққан ақ тілектері мен сыйлықтарын ұсынып жатады. Бұл әрине көңілге қуаныш ұялатады. Тіпті қыз-келіншектер мен ақ жаулықты аналар, әжелер, кішкентай қыздар, бүлдіршіндер барлығы да дерлік бір-бірлерін, жақындарын осы атаулы мерекемен құттықтап, сыйлықтарын ұсынып жатады.
Осы бір, әлем бойынша тойланатын атаулы күннің шығу тарихына аз-маз тоқталар болсам, 1957 жылы, 8 наурыздан бастау алып, дүниежүзі бойынша бүкіл ер адамдар әйелдер қауымына көңіл бөліп, осы күні көңілдерін көтеріп, сыйлықтарын табыстайтын болған. Ежелгі Римдіктер көктемнің алғашқы айын, яғни наурыз айын «әйелдер» мейрамы етіп, әйелдеріне үлкен құрмет көрсетіп, сый-сияпатын жасайды. Бұл деген сөз нәзік жанды әйелдер қауымына деген үлкен құрмет пен ізет деп білеміз.
Аталмыш мереке біздің қазақ елінде де кеңінен тойланып, аталып өтіледі десем қате айтқаным емес. Ең бірінші аналарды қуанту, аналарға деген ыстық ықыласымыз бен сүйіспеншілігімізді білдіру әрбір ұл-қыздың міндеті деп білем. «Бұл өмірге әкелген, мәпелеген, ақ сүт беріп, өсірген, жетелеген. Аналарға жететін жан бар ма өзі, кешірген жан кетсе де қате менен» — деп, ойымды бір қортытындылап, барлық аналар мен қыз-келіншек, әпке-сіңілілерді, ұстаз апайлар мен түрлі сала мамандығында жұмыс жасайтын әйелдер мен қыздар қауымын осы ерекше де тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, саулық тілей отырып, «Гүл көктемдей жайнаңыздар әрдайым, Көңілдерде шаттығы көп, жоқ уайым. Жүздеріңіз балбұл жанып, күлімдеп, Бұл өмірді сүріңіздер балдайын» дегім келеді...
«Ғажайып Қазақстан-2050» журналының бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter