Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.02.2022
314
Асыл жарым, қасыңдамын
Әнін жазған Медеу Арынбаев
Асыл жарым, алыста жүрсем де, қасыңдамын,
Аяулым-ау, өзіңе жеткенше асығамын.
Тынысым да сенсің,
Ырысым да сенсің.
Қиялымның көгінде,
Қалдың мәңгі көңілде.
Асыл жарым, өмірлік өзіңе сенген едім,
Балалардың тағдырын қолыңа берген едім.
Қайратыңмен сенің
Ақталды сол сенім.
Ұл-қызымыз жетілді,
Биігіне бекінді.
Қайырмасы:
Асыл жарым, асыл жарым,
Қашан да мен қасыңдамын.
Қандай жақсы туған күні
Шуақ болып шашылғаның.
Асыл жарым, ашыл, жаным,
Тау суындай тасын, жаным.
Туған күнің құтты болсын,
Артық туған асыл жарым,
Қашан да мен қасыңдамын,
Асыл жарым.
Асыл жарым, еліңе қадірің артық еді,
Аялаған айдынды аққудай шалқып едің.
Емес өмір мәңгі,
Арнадым бұл әнді.
Әуелесін, қалқысын,
Жанды тербеп шалқысын.
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter