Өлеңдер ✍️

  22.02.2022
  154


Автор: Абдрахман Асылбек

Жүрші, сәулем, ауылға

Әнін жазған Бейбіт Оралұлы

Ауыл – әппақ арманым,
Ауыл – әппақ таңдарым.
Бір жасарып қаласың,
Көрсең алтын,
Көрсең жарқын жандарын.

Қайырмасы:
Жүрші, сәулем,
Жүрші, сәулем, ауылға.
Ауыл деген қасиетті қауымға.
Амандасып қайтайық
Ағайын мен туған-туыс, бауырға.

Ауыл – байлық, берекем,
Жаз жайлауы кең екен.
Сәл бармасаң – сағыныш,
Ауыл – думан,
Ауыл – туған жер екен.

Қайырмасы:

Ауыл – әсем ән сарын,
Жұпар ауа – бал сағым.
Ауады да тұрады
Сол ауылға,
Сол қауымға аңсарым.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу