Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.02.2022
242

Бір болайық
Әнін жазған Сейдолла Бәйтереков
Бір өзіңсің сүйкімді
Көктемім де, жазым да.
Күмбірлеген күй түрлі –
Сенің ерке назыңда.
Теңемеймін мен саған
Көлдің аққу, қазын да.
Арманымсың аңсаған,
Таңғы сұлу сазым да.
Қайырмасы:
Бір болайық,
Нұрланайық,
Қатар жүріп күнде біз,
Ұқсап егіз гүлге біз.
Мөлдір көзің –
Мол бір сезім
Жүрегімде оянған,
Арайланған ой-арман.
Көрген көннен өзіңді,
Құмартуым тегін бе?
Оятып от сезімді,
Куат құйдың көңілге.
Күлімдей бер нұр шашып,
Күнім болып көгімде.
Жүрейікші жыр шашып,
Мына жарқын өмірде.
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter