Өлеңдер ✍️
Жас жұбайлар
Әнін жазған Ескендір Хасанғалиев
Жас жұбайла –
Бір-біріне қимас көңіл жанашырлы,
Жанашырлы болыңыздар, жарасымды,
Жас жұбайлар,
Әр күндерің тату-берік, тәтті болсын,
Тәтті болсын, өмір көші сәтті болсын.
Қайырмасы:
Жас жұбайлар –
Бұл өңірдің нұрысыңдар,
Нұрысыңдар.
Бұл өмірдің жырысыңдар,
Жырысыңдар,
Жас жұбайлар.
Жас жұбайлар,
Ата-анаң ақтарыла бақ тілейді,
Бақ тілейді, ағайын да ақ тілеулі.
Жас жұбайлар,
Бақ тілейді бірге жүрген достарың да,
Ақ тілеулі ашық-жарқын аспаның да.
Қайырмасы:
Жас жүбайлар –
Гүл өңірдің нұрысыңдар,
Нұрысыңдар.
Бұл өмірдің жырысыңдар,
Жырысыңдар,
Жас жұбайлар.
Жас жұбайлар,
Ақ тілеулі алыс-жақын жамиғат та,
Бақ тілейді тамылжыған табиғат та.
Жас жұбайлар –
Асқақтаған әсем әнді нұр таңымыз,
Жас жұбайлар – өсер мәңгі ұрпағымыз.
Қайырмасы:
Жас жұбайлар –
Гүл өңірдің нұрысыңдар,
Нұрысыңдар.
Бұл өмірдің жырысыңдар,
Жырысыңдар,
Жас жұбайлар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter