Өлеңдер ✍️

  20.02.2022
  234


Автор: Абдрахман Асылбек

Аңсағаным

Әнін жазған Ескендір Хасанғалиев

Айтшы, жаным, қайда жүрсің, қайда?
Шақырады арман ару майда,
Гүл бағымда бұлбұлым боп сайра,
Аңсағаным.

Қайырмасы:
Өзің деп білем
Өмірдің гүлі
Асқарымда.
Өзің деп білем
Көңілдің күйі
Аспанымда.

«Асыл арман» деп шырқалды әнің,
Арманыңның сезіп журмін бәрін,
Арайланып атар алтын таңың,
Аңсағаным.

Қайырмасы:

Өзің деп білем
Өмірімнің гүлі,
Асқарымда.
Өзің деп білем –
Көңілімнің күйі
Жас жанымда,
Аңсағаным.

Ғашық сырын ұқпайсың ғой, жаным,
Кеудемде бір алаулайды жалын,
Бір өзіңе арналады өнім,
Аңсағаным.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу