Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.02.2022
233

Айша бибі
Әнін жазған Марат Омаров
Айша бибі алаулаған нұр жүзі,
Жаркыраған Шығыстың бір жұлдызы.
Батысында Тараздың тұр күмбезі –
Сұлулықтың сөнбес мәңгі үлгісі.
Қайырмасы:
Айша бибі – махаббаттың жалауы,
Айша бибі – жүректердің алауы,
Айша бибі – о-о-о-о!
Айша бибі – көңілдердің қалауы.
Айша бибі Қараханға барғанда,
Жан-жарым деп жалын атып жанғанда.
Жылан болып жеткізбеді сұм ажал,
Айша бибі қала берді арманда.
Қайырмасы.
Айша бибі – аяулы жар, асыл жар,
Аңсап өткен бірін-бірі асылдар.
Айша бибі – тарихтың нұр тарауы.
Әсем ән боп жасай берер ғасырлар.
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇