20.02.2022
  227


Автор: Абдрахман Асылбек

Кім не дейді?

– Бұлт, неге келесің,
Күнді бүркеп, төнесің?
– Айналамын жаңбырға!
– Жаңбыр, жерді көлдетіп,
Неге жаудың селдетіп?
– Майса төгем бар қырға!
– Майса, неге шығасың,
Жерді зерлеп тұрасың?
– Бермек едім гүлгүлді!
– Гүл, жұпар боп шашылдың,
Сен кім үшін ашылдың?
– Таппақ едім бұлбұлды!
– Бақтың сәні, бұлбұлым,
Неге керек бұл гүлің?
– Гүлді көрсем қуанып,
Гүлден тәтті үн алып,
Сені ұйқыдан оятам,
Таң нұрына боятам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу