Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
20.02.2022
188

Канал
Күн қапырық,
Жанып тұр.
Құм да күйген
Анық бір.
Батты бір кез
Күн ыстық.
Айналада
Тыныштық.
Ай, жұлдыздар
Аспанда
Алтын нұрын
Шашқанда,
Түн салқыны
Жер-көкті
Тәтті ұйқымен
Тербетті.
Ал, каналда құмдағы
Жұмыс бір сәт тынбады.
Дұрысында бұл деген –
Күрес қой шын құмменен.
Барып тұрған бейнет қой,
Бейнет түбі – зейнет қой.
Еңбек түбі ақталар,
Құм гүлденер шақ болар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter