20.02.2022
  209


Автор: Абдрахман Асылбек

Құс әні

Жадыра, күн жалынды,
Жылыт балапанымды.
Өтінемін, жарығым,
Қыздыршы оның мамығын.
Жел-ау, жел-ау,
Жел-желек!
Көмектесші сен де кеп.
Бұталарға тез жетші,
Бөпешімді тербетші!
Жалықпашы,
Жапырақ,
Жайқалшы бір жадырап.
Жайлап әнді шырқашы,
Балапанды қымташы!
Бұлт, бұлт,
Кезе бермеші,
Төбемізден төнбеші!
Тиме балапаныма,
Жоламағын жанына!
Күн сәулесін төгеді,
Бөбек өсіп келеді.
Қатайған соң қанаты,
Әсем әнге салады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу