Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
20.02.2022
258
Қызғалдақтар жыры
Қуқыл тартып құмда күйген шөптердің
Арасында біздер бірге солсақ та,
«Қызғалдақтан енді қалар жоқ белгі», –
Деген адам жаңылады сол шақта.
Біздер бармыз!
Мейлі бізді ұмытсын,
Жансын мейлі қуаң жердің құшағы.
Біздер бармыз!
Кезіп жалпақ құм ішін,
Ыстық шаңмен ұрығымыз ұшады.
Өзіміздің туған ыстық бөктерден
Өртенсек те,
Ешқайда біз кетпейміз.
Жайнай түссін деп өлкеміз көктемде,
Қайта шығып,
Шешек атып көктейміз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter