Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
20.02.2022
382
Қызғалдақтың түсі
Қыр астына күн батты,
Қауашағын гүл жапты.
Қара құс боп түн келді,
Түс көреді гүл де енді.
Қызғалдақ тұр ырғала,
Келе жатыр бір бала.
Галстугі мойында,
Не бар екен ойында?
Ол қызғалдақ іздейді,
Бірақ, оны үзбейді.
Гүл ұнайды балаға,
Гүлге ұнайды бала да.
Қызғалдақ та қуанып,
Қуаныштан бұралып,
Қауашағын ашады,
Шаттық нұрын шашады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter