20.02.2022
  176


Автор: Абдрахман Асылбек

Әкеме

Айналайын жан әке,
Арайлап атқан таң әке.
Асқар таудай панамыз,
Ақылшымыз – данамыз.
Сен болсаң, әке, біз бармыз –
Ұлдармыз, ерке қыздармыз.
Жасай бер, әке, мәңгілік,
Жырлаймыз әсем ән қылып.
* * *
Әке – менің жалынды жүрегімсің,
Әке – менің Тәңәрім, тірегімсің.
Әке, менің асқарлы тауым болып,
Жүзге дейін жайраңдап жүре білші!
* * *
Сенен асыл жан бар ма, қайран әке,
Құлыным деп, құшағын жайған әке.
Өзіңменен өмірім өнегелі,
Өзіңменен өмірім сайран, әке.
Жүзге дейін бізбенен жүре берші,
Жүре берші жадырап жайраң, әке!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу