Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
20.02.2022
231
Алтын анам, әнімсің
Мені күн-түн аялап,
Көрген жоқсың жан аяп.
Жемісіңді жегізген
Сенсің мәңгі сая бақ.
Қорғанымсың, панамсың,
Ең қымбатты данамсың,
Аяулымсың, анамсың.
Балбыраған бағымсың,
Жарқыраған шамымсың,
Мәңгі шырқар әнімсің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter