19.02.2022
  176


Автор: Абдрахман Асылбек

Жол басы

Бөпем алғаш тәй басып,
Тәй басқанда жай басып,
Жетекте деп жылады,
Сұрады,
Құлады,
Аяқтары айқасып.
Талаптанып тағы да,
Жағалады қабырға,
Бір сүрініп, бір тұрып,
Ұмтылып,
Бұлқынып,
Бөпем басты адымға.
Ойнамаса бола ма,
Бепем шықты қораға,
Сүрінбей де жығылмай,
Құлындай
Зырылдай,
Ұмтылады далаға.
Өмір жолы басталды,
Бетке алып асқарды,
Жүріп кетті ұмтылып.
Күн күліп,
Гүл тұнып,
Бұлт жаппасын аспанды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу